Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат Абайского районного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат Абайского районного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- «Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 57/527
- Қабылданған күні
- 27.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2026 I229609_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26KI57527M
- ЭКБ идентификаторы
- 229609
- Редакция идентификаторы
- I229609_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.09.2026 03:32
0 «Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік
мекемесінің Ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілсін.
2. Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 14 сәуірдегі № 3/32 «Абай аудандық мәслихатының аппараты» ММ Ережесін бекіту туралы шешімнің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Д.Е. Шариповаға жүктелсін.
4. Осы шешім қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.
0 «Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ
Абай аудандық мәслихатының
2026 жылғы 27 тамыздағы
№ 57/527 шешімімен
бекітілген
«Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
1. Бұдан әрі «Мекеме» деп аталатын «Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етуді жүзеге асырады, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетеді.
2. Мекеменің ресми атауы: «Абай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
3. Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мекеме мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және өз атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Мекеме өз атынан мәмілелер жасауға, мүліктік және мүліктік емес құқықтарға ие болуға, міндеттер жүктеуге, сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар.
6. Мекеме өз қызметінің мақсаттарына сәйкес мүлікті иеленуді және пайдалануды жүзеге асырады.
7. Аппараттың ағымдағы қызметіне тікелей басшылықты ҚР заңнамасына сәйкес Абай аудандық мәслихатының төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын аппарат басшысы жүзеге асырады.
8. Мекеменің құрылымы мен штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Абай аудандық мәслихатының сессиясында бекітіледі.
9. Мекеменің заңды мекен-жайы: 100100, Қарағанды облысы, Абай қаласы, Жеңіс даңғылы, 3.
10. Мекеменің өз алдына жеке балансы болады. Мекемені қаржыландыру Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
11. Мекеме өз міндеттемелері бойынша ақшалай қаражатпен жауапты болады.
12. Осы Ереже Мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
2. Мекеменің функциялары
13. Мекеме мәслихат пен оның органдарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз ету, мәслихат төрағасының қызметін қамтамасыз ету, депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету жөніндегі қамтамасыз ету бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген функцияларды жүзеге асырады.
3. Мекеменің қызметін ұйымдастыру
14. Мекеме өз қызметін заңдылық, ашықтық, тиімділік, кәсібилік, жауапкершілік, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, мәслихат шешімдерін дайындау кезінде жариялылық қағидаттарында жүзеге асырады.
15. Мекеме өз қызметін жылдық, тоқсандық жұмыс жоспарлары негізінде жүзеге асырады.
16. Іс жүргізуді ұйымдастыру ҚР заңнамасына, құжаттау, құжаттаманы басқару және мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
17. Мәслихаттың төрағасы тұрақты негізде жұмыс істейтін лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихат төрағасы мәслихат өкілеттігі мерзіміне сайланады.
18. Мәслихат төрағасының өкілеттіктері:
1) мәслихат сессиясын шақыру туралы шешім қабылдайды, мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауды ұйымдастырады, сессияның күн тәртібін қалыптастырады, хаттаманың жасалуын қамтамасыз етеді, мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекітілген шешімдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;
2) мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, оларды қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтеріндегі жұмысқа қатысуы үшін қызметтік міндеттерін орындаудан босатуға байланысты мәселелерді қарайды;