Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Восточно-Казахстанской области»

Өзге акт · № 30/266-VIII · қабылданған 27.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229616/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Восточно-Казахстанской области» Қолданыста 27.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Восточно-Казахстанской области»

Қолданыста Өзге акт № 30/266-VIII 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Восточно-Казахстанской области»
Атауы (қаз.)
«Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
30/266-VIII
Қабылданған күні
27.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
14.09.2026
Көрсетілген редакция
27.08.2026 229616_839567.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26V030266M
ЭКБ идентификаторы
229616
Редакция идентификаторы
229616_839567
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 19:00
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы»

атағын беру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына, «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38935 болып тіркелген) сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес «Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 «Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын берудің қағидалары

Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
2026 жылғы 27 тамыздағы
№ 30/266-VІІІ шешіміне қосымша
«Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы»
атағын берудің қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы «Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын берудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына, «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38935 болып тіркелген) сәйкес әзірленді және «Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын беру тәртібін айқындайды.

2. «Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын (бұдан әрі – «Құрметті азамат» атағы) беру елеулі еңбек сіңірген азаматтардың көпжылдық жемісті қызметін және бастамашылығын қоғам тарапынан тану әрі ынталандыру болып табылады, сондай-ақ азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған.

3. «Құрметті азамат» атағы облыста кемінде 10 жыл еңбек еткен, келесі талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына беріледі:

1) кәсіби немесе азаматтық міндетін орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін, сондай-ақ заңдылық және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін;

2) мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы нәтижелі еңбегі үшін, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін;

3) қоғамдық қызметтегі жетістіктері мен қайырымдылық қызметі үшін;

4) облыстағы спорт, мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау, құрылыс, кәсіпкерлік, бизнес және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға қосқан үлесі үшін;

5) тәуелсіз және егемен Қазақстанның тұтастығын сақтауға, этносаралық қатынастар мен келісімді, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген ерен еңбегі үшiн.

2-тарау. «Құрметті азамат» атағын беру тәртібі

4. «Құрметті азамат» атағына ұсынылушының әрқайсысына Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша награда қағазы толтырылады.

«Құрметті азамат» атағын беру туралы қолдаухаттар жергілікті атқарушы органдарымен, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен еркін нысанда енгізіледі.
Награда қағазында «Құрметті азамат» атағына ұсынылатын тұлғаның жеке басы, тиісті қызмет саласындағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер баяндалады.
Награда қағазына ұйым басшысы қол қояды және қол қойған ұйымдардың мөрлерiмен расталады.
«Құрметті азамат» атағына ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыным жеке дайындалады.
Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия) отырысына дейін отыз күннен кем мерзімде келіп түскен награда құжаттары қарауға қабылданбайды.

5. Награда қағазын Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия ресімделеді.

6. Медальдар мен оларға куәліктерді дайындау, сондай-ақ оларды есепке алу және сақтау облыс әкімі аппаратына жүктеледі.

7. Өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен «Құрметті азамат» атағын беру туралы қолдаухаттар қаралмайды.

Облыс бойынша аудан немесе қаланың «Құрметті азамат» атағына ие тұлғаны қайта ұсынуға жол берілмейді.
«Құрметті азамат» атағын беру қайтыс болғаннан кейін еліміздің мүддесін қорғау кезінде және адам өмірін құтқаруға байланысты жағдайларда көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін жүзеге асырылуы мүмкін.

8. Қолдаухат Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияда қаралады.

9. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

10. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешімі ұсыныс сипатында болады және оның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.

11. «Құрметті азамат» атағы әр екі жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына он тұлғаға дейін берілуі мүмкін.

Облыстың мерейтойлық күніне орай «Құрметті азамат» атағын қосымша әр бес жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарының бес тұлғаға дейін берілуі мүмкін.
Облыс әкімінің ұсынысы бойынша қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей зілзаланың немесе өзге де авариялық жағдайлардың салдарын жоюға немесе алдын алуға көмек көрсеткен Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына «Құрметті азамат» атағы берілуі мүмкін.

12. «Құрметті азамат» атағын беру туралы облыстық мәслихаттың шешімі жергілікті масс-медиада жарияланады.

13. «Құрметті азамат» атағы:

1) «Құрметті азамат» атағына ұсынылған кезде өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар тұлғаларға;

2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған тұлғаларға берілмейді.

3-тарау. Медаль мен куәлікті тапсыру тәртібі

14. «Құрметті азамат» атағын беру туралы облыстық мәслихат шешімі күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде аталған атақ берілген тұлғаға салтанатты түрде «Құрметті азамат» атағына медаль мен куәлік тапсырылады.

«Құрметті азамат» атағына медаль мен куәлікті облыс әкімі немесе облыстық мәслихат төрағасы тапсырады.

15. Медаль мен куәлікті тапсырар алдында облыстық мәслихаттың «Құрметті азамат» атағын беру туралы шешімі жария етіледі.

«Құрметті азамат» атағы берілген тұлғаға медаль мен куәлік жеке тапсырылады.
Егер «Құрметті азамат» атағы берілген тұлға денсаулық жағдайына байланысты тапсыруға келе алмаса, медаль мен куәлік оның орналасқан жерінде тапсырылуы мүмкін.
Қайтыс болғаннан кейін «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль қайтыс болған тұлғаның отбасы мүшелеріне тапсырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын ескере отырып қайтыс болған тұлғаның мұрагерлерінің келісімімен ресімделген «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медальді музейлерге сақтауға берілуі мүмкін.
Мұрагерлері болмаған жағдайда «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль музейлерге сақтауға беріледі.

16. «Құрметті азамат» атағына медаль осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады.

«Құрметті азамат» атағы берілген әрбір тұлғаға медальді тапсырумен бір мезгілде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша медальға куәлік беріледі.
«Құрметті азамат» атағына берілетін куәлікке облыстық мәслихаттың төрағасы қол қояды.

17. Медальдар мен оларға берілетін куәліктерді дайындауға жұмсалатын шығыстар облыстық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

18. Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда «Құрметті азамат» атағынан айыру тиісті мәслихаттың шешімімен жүзеге асырылады.

19. «Құрметті азамат» атағынан айырылған тұлға осы атақты қайта алуға ұсыныла алмайды.

34 НАГРАДА ҚАҒАЗЫ

«Шығыс Қазақстан облысының
құрметті азаматы»
атағын берудің қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________
облыс
НАГРАДА ҚАҒАЗЫ

1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)_________________________

2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)_________________________________

3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің нақты атауы дәл көрсетілуі керек)_______________________________________

4. Жынысы ___________

5. Туған жылы мен туған жері __________________

6. Білімі _________________________________________________________

7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _________________________________

8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты:

________________________________________________________________

9. Үйінің мекенжайы ______________________________________________

10. Жалпы жұмыс өтілі ___________

11. Саладағы жұмыс өтілі___________

12. Тиісті қызмет саласындағы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ____________________________________

13. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме:

Кандидатура____________________________________________________
(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы
_________________________________________талқылау болған уақыт, хаттаманың №)_________________________________ талқыланып, ұсынылған.
Мына_________________________________________атағына ұсынылады
(облыстың «Құрметті азаматы» атағы)
Ұйым басшысы
___________________________ _______________________________
(ТАӘ) (ол болған жағдайда) (ТАӘ) (ол болған жағдайда) ___________________________ ______________
(қолы) (қолы)

48 «Шығыс Қазақстан облысының

құрметті азаматы»
атағын берудің қағидаларына
2-қосымша
Нысан
1. Медальдің эскизі мен сипаттамасы:
Медальдің аверсі
Медальдің реверсі
Медаль аверсінің ортасында өңірлік нышанның бейнесі. Жоғары шеткі бөлігін бойлай
Шығыс Қазақстан облысының
құрметті азаматы деген жазу жазылады
Реверсінде медальдің реттік нөмірі орналасқан.
Медальге мынадай талаптар қойылады:

1) медальдің визуалды құрамдас бөлігі, көлемді бейнесі және (немесе) моделі анық бедері бар;

2) медаль жобасында ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;

Медальдің дизайнын дайындау кезінде:

1) медаль жезден диаметрі 34 миллиметр (бұдан әрі – мм) шеңбер пішінінде жасалады. Медальдің аверсі жылтырақ;

2) реверсінде медальдің реттік нөмірі орналасады;

3) медаль құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті муар лентасымен қапталған, ені 30 мм және биіктігі 50 мм алтытбұрышты тағанға жалғанады. Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

54 «Шығыс Қазақстан облысының

құрметті азаматы»
атағын берудің қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Куәлік эскизі:
Куәліктің алғы сол жағы
Куәліктің алғы оң жағы
(Медальдің суреті)
Облыстың атауы
№ куәлік
ТАӘ (ол болған жағдайда)
Облыстық мәслихаттың шешімі жазылады
Облыстық мәслихат
төрағасының қолы мен мөрі
Куәліктің артқы сол жағы
Куәліктің артқы оң жағы
Облыстың
өңірлік нышанының бейнесі