Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление жилищно-коммунального хозяйства и благоустройства Алматинской области»

Қаулы · № 222 · қабылданған 31.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229632/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление жилищно-коммунального хозяйства и благоустройства Алматинской области» Күшіне енбеген 31.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление жилищно-коммунального хозяйства и благоустройства Алматинской области»

Күшіне енбеген Қаулы № 222 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения государственного учреждения «Управление жилищно-коммунального хозяйства и благоустройства Алматинской области»
Атауы (қаз.)
«Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
222
Қабылданған күні
31.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
13.09.2026
Көрсетілген редакция
31.08.2026 229632_838206.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26D000222A
ЭКБ идентификаторы
229632
Редакция идентификаторы
229632_838206
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.09.2026 03:30
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 13.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. «Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) жоғарыда көрсетілген Ережені аумақтық уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

8 Алматы облысы әкімдігінің

2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 222 қаулысына қосымша
Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Алматы облысының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық және абаттандыру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Басқарма ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. Басқарма егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Қонаев көшесі №3б.

9. «Алматы облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.

11. Басқарма Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджетінің қаражатынан жүзеге асырылады.

12. Басқарма кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері

13. Мақсаттары:

1) тұрғын үй қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, коммуналдық қалдықтардың айналымын қамтамасыз ету;

2) тұрғын үйді жаңғырту;

3) мұқтаж азаматтар үшін тұрғын үйді бөлу мәселелеріндегі толық ашықтығын қамтамасыз ету;

4) өңірдің санитарлық жағдайын жақсарту;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

14. Өкілеттіктері:

1) Құқықтары:

1.1) мемлекеттік органдардан, басқа да ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алу;

1.2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына және қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі бағдарламалардың жобаларын әзірлеу және ұсыну;

1.3) қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау мәніне мемлекет мүдделерін қорғау үшін сот органдарына жүгіну;

1.4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру;

1.5) талап қою қызметін жүзеге асыру.

2) Міндеттері:

2.1) жоғары тұрған органдардың бұйрықтарын орындау;

2.2) басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің, мәслихат шешімдерінің жобаларын белгіленген тәртіппен ұсыну;

15. Функциялары:

1) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

2) қалалар мен аудандардың тұрғын үй қорын жаңғырту жөніндегі бағдарламаны іске асыру;

3) тұрғын үй қорын сақтау және дұрыс пайдалану үшін кондоминиум объектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша тұрғын үй инспекциясының қалалық, аудандық бөлімдерінің жұмысына мониторинг жүргізу;

4) қалдықтарды басқару бағдарламаларын әзірлеуді ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

5) өз құзыреті шегінде қалдықтарды шығару және кәдеге жарату объектілерін салуға жәрдемдесу;

6) коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды үйлестіруді жүзеге асыру;

7) қалалар мен аудандар аумағының санитарлық жағдайын жақсарту мәселелері бойынша мекемелер мен ұйымдардан келіп түсетін ақпарат пен өзге де материалдарға талдау жүргізу;

8) қалалар мен аудандарды санитарлық тазарту және абаттандыру жөніндегі кеңестерді өткізу үшін материалдар дайындау;

9) қолданыстағы заңнама мен құзырет шегінде қалалар мен аудандар аумағында адамның қауіпсіз тұруы мен тыныс-тіршілігі үшін көше-жол желісін санитарлық тазарту бойынша абаттандыру қызметтерінің жұмыстарына мониторинг пен үйлестіруді жүзеге асыру;

10) өз құзыреті шегінде аумақтарды жинауды және тиісті санитариялық жай-күйін жүзеге асыратын ұйымдарды үйлестіру және оларға жәрдемдесу;

11) өз құзыреті шегінде қалалар мен аудандардың санитариялық тазарту жөніндегі жұмыстардың орындалу барысын үйлестіруді жүзеге асыру;

12) қалалар мен аудандардың аумақтарды санитарлық тазарту жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізу;

13) санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша сенбіліктер мен маусымдық (көктемгі-күзгі) іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

14) аудандар мен қалалардың, бюджеттік бағдарламалар, жобалар әкімшілерінің, жасыл желектерді көгалдандыру, отырғызу, күтіп-ұстау, аумақтарды абаттандыру жөніндегі өзге де ұйымдардың жұмысына мониторингті, үйлестіруді жүзеге асыру;

15) ағаштардың өтемдік отырғызуды орындау бойынша мониторингті жүзеге асыру;

16) өңірде абаттандыру бойынша жүргізілетін жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру;

17) жерлеу және қабірлерді күту жөніндегі істі ұйымдастыру қағидаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу;

18) мемлекет пен азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау мақсатында сот органдарына талап қою құқығымен процестік заңнамада көзделген тәртіппен сот органдарында басқарма мен жергілікті атқарушы органның мүдделерін білдіру;

19) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы облысының әкіміне материалдар дайындау;

20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Алматы облысы әкімдігінің басқаруына жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

21) аудандар мен қалаларға монтаждау, техникалық қызмет көрсету, техникалық куәландыру, лифтілерді техникалық диагностикалау және лифт жабдықтарын пайдалану мәселелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін жүргізуді жүзеге асыру;

3-тарау. Басқарманың бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

16. Басқармаға басшылық етуді бірінші басшы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.

17. Басқарманың бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

18. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

19. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) басқарма атынан сенімхатсыз әрекет ету;

2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда басқарма мүдделерін білдіру;

3) шарттар жасасу;

4) сенімхат беру.

5) басқарманың іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді Қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері жөніндегі тәртібі мен жоспарларын бекіту;

6)банк шоттарын ашаду;

7)басқарма қызметкерлерінің міндеттерін айқындау;

8)басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және осы шараларды қабылдағаны үшін дербес жауапты болу;

9)заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босату;

10)Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелеу шараларын қолданады және оларға тәртіптік жаза қолдану;

11)өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар шығару;

12)басқару құрылымын және басқару бөлімдері туралы ережені бекіту;

13)мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда басқарма атынан өкілдік ету;

14)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды оны алмастыратын адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

20. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

21. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.

Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. Басқармаға бекітілген мүлік Алматы облысының коммуналдық меншігіне жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.