Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба на территории населенных пунктов Самарское, Мариногорка, Палатцы и Аққала района Самар Восточно-Казахстанкой области

Өзге акт · № 2 · қабылданған 02.09.2026
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229633/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба на территории населенных пунктов Самарское, Мариногорка, Палатцы и Аққала района Самар Восточно-Казахстанкой области Күшін жойған 03.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба на территории населенных пунктов Самарское, Мариногорка, Палатцы и Аққала района Самар Восточно-Казахстанкой области

Күшін жойған Өзге акт № 2 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера местного масштаба на территории населенных пунктов Самарское, Мариногорка, Палатцы и Аққала района Самар Восточно-Казахстанкой области
Атауы (қаз.)
Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданындағы Самар, Мариногорка, Палатцы және Аққала елді мекендерінің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2
Қабылданған күні
02.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
02.09.2026
Көрсетілген редакция
03.09.2026 I229633_2.kaz
Соңғы өзгеріс
03.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26VT00002B
ЭКБ идентификаторы
229633
Редакция идентификаторы
I229633_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
08.09.2026 03:30
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Шығыс Қазақстан облысының Самар ауданындағы Самар, Мариногорка, Палатцы және Аққала елді мекендерінің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды

жариялау туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының әкімінің 03.09.2026 № 3 (ресми жарияланған күнінен
бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына, Самар ауданының төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2026 жылғы 25 тамыздағы № 3 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес, ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1. Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданының Самар, Мариногорка, Палатцы және Аққала елді мекендерінде халықтың тыныс-тіршілігінің жағдайлары бұзылуына байланысты, зардап шеккен халық саны 100-ден астам, бірақ 500 адамнан аспайтын болғандықтан, аталған елді мекендердің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Самар ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасары М.Н. Байжуменов тағайындалсын және оған осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

3. Шығыс Қазақстан облысының «Самар ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Т.Ш. Екибасов) тиісті шаралар қабылдап, Аталған мәселелерді іске асыру және шешу үшін қажетті қаржы қаражатының көлемін бағалау және қажеттілігін айқындау.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

5. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.