Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 331
- Қабылданған күні
- 21.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 03.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 21.08.2026 229638_838369.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26R000331M
- ЭКБ идентификаторы
- 229638
- Редакция идентификаторы
- 229638_838369
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 19:00
0 «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидаларына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38935 болып тіркелген), Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары бекітілсін.
2. «Алматы қаласы Мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Алматы қаласы мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
6 Алматы қаласы мәслихатының
2026 жылғы 21 тамыздағы
№ 331 шешімімен бекітілген
«Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығымен бекітілген «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38935 болып тіркелген) және «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын беру тәртібін айқындайды.
2. «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағын (бұдан әрі – «Құрметті азамат» атағы) беру елеулі еңбек сіңірген азаматтардың көпжылдық жемісті қызметін және бастамашылығын қоғам тарапынан тану әрі ынталандыру болып табылады, сондай-ақ азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған.
3. «Құрметті азамат» атағы Алматы қаласында кемінде 10 жыл еңбек еткен, келесі талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына беріледі:
1) кәсіби немесе азаматтық міндетін орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін, сондай-ақ заңдылық және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін;
2) мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы нәтижелі еңбегі үшін, сондай-ақ Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін;
3) қоғамдық қызметтегі жетістіктері мен қайырымдылық қызметі үшін;
4) Алматы қаласындағы спорт, мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау, құрылыс, кәсіпкерлік, бизнес және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға қосқан үлесі үшін;
5) тәуелсіз және егемен Қазақстанның тұтастығын сақтауға, этносаралық қатынастар мен келісімді, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген ерен еңбегі үшiн.
2-тарау. «Құрметті азамат» атағын беру тәртібі
4. «Құрметті азамат» атағына ұсынылушының әрқайсысына Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша награда қағазы толтырылады.
«Құрметті азамат» атағын беру туралы қолдаухаттар Алматы қаласының әкімдігімен, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен еркін нысанда енгізіледі.
Награда қағазында «Құрметті азамат» атағына ұсынылатын тұлғаның жеке басы, тиісті қызмет саласындағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер баяндалады.
Награда қағазына ұйым басшысы қол қояды және қол қойған ұйымдардың мөрлерiмен расталады.
«Құрметті азамат» атағына ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыным жеке дайындалады.
Алматы қаласының әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия) отырысына дейін отыз күннен кем мерзімде келіп түскен награда құжаттары қарауға қабылданбайды.
5. Награда қағазын Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия ресімдейді.
6. Медальдар мен оларға куәліктерді дайындау, сондай-ақ оларды есепке алу және сақтау Алматы қаласы әкімінің аппаратына жүктеледі.
7. Өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен «Құрметті азамат» атағын беру туралы қолдаухаттар қаралмайды.
«Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағына ие тұлғаны қайта ұсынуға жол берілмейді.
«Құрметті азамат» атағын беру қайтыс болғаннан кейін еліміздің мүддесін қорғау кезінде және адам өмірін құтқаруға байланысты жағдайларда көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін жүзеге асырылуы мүмкін.
8. Қолдаухат Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияда қаралады.
9. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
10. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешімі ұсыныс сипатында болады және оның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
11. «Құрметті азамат» атағы әр екі жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарынның он тұлғаға дейін берілуі мүмкін.
Алматы қаласының мерейтойлық күніне орай «Құрметті азамат» атағын қосымша әр бес жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарының бес тұлғаға дейін берілуі мүмкін.
Алматы қаласы әкімінің ұсынысы бойынша қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей зілзаланың немесе өзге де авариялық жағдайлардың салдарын жоюға немесе алдын алуға көмек көрсеткен Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына «Құрметті азамат» атағы берілуі мүмкін.
12. «Құрметті азамат» атағын беру туралы тиісті мәслихаттың шешімі жергілікті масс-медиада жарияланады.
13. «Құрметті азамат» атағы:
1) «Құрметті азамат» атағына ұсынылған кезде өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар тұлғаларға;
2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған тұлғаларға берілмейді.
3-тарау. Медаль мен куәлікті тапсыру тәртібі
14. «Құрметті азамат» атағын беру туралы тиісті мәслихат шешімі күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде аталған атақ берілген тұлғаға салтанатты түрде «Құрметті азамат» атағына медаль мен куәлік тапсырылады.
«Құрметті азамат» атағына медаль мен куәлікті Алматы қаласының әкімі немесе Алматы қаласы мәслихатының төрағасы тапсырады.
15. Медаль мен куәлікті тапсырар алдында Алматы қаласы мәслихатының «Құрметті азамат» атағын беру туралы шешімі жария етіледі.
«Құрметті азамат» атағы берілген тұлғаға медаль мен куәлік жеке тапсырылады.
Егер «Құрметті азамат» атағы берілген тұлға денсаулық жағдайына байланысты тапсыруға келе алмаса, медаль мен куәлік оның орналасқан жерінде тапсырылуы мүмкін.
Қайтыс болғаннан кейін «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль қайтыс болған тұлғаның отбасы мүшелеріне тапсырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын ескере отырып қайтыс болған тұлғаның мұрагерлерінің келісімімен ресімделген «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медальді музейлерге сақтауға берілуі мүмкін.
Мұрагерлері болмаған жағдайда «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль музейлерге сақтауға беріледі.
16. «Құрметті азамат» атағына медаль осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дайындалады.
«Құрметті азамат» атағы берілген әрбір тұлғаға медальді тапсырумен бір мезгілде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша медальға куәлік беріледі.
«Құрметті азамат» атағына берілетін куәлікке Алматы қаласы мәслихатының төрағасы қол қояды.
17. Медальдер мен оларға берілетін куәліктерді дайындауға жұмсалатын шығыстар тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
4-тарау. Қорытынды ережелер
18. Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда «Құрметті азамат» атағынан айыру Алматы қаласы мәслихатының шешімімен жүзеге асырылады.
19. «Құрметті азамат» атағынан айырылған тұлға осы атақты қайта алуға ұсыныла алмайды.
37 1-қосымша
«Алматы қаласының
Құрметті азаматы» атағын
беру қағидаларына
НАГРАДА ҚАҒАЗЫ
1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ________________________________________
2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) ____________________________________________
3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің
нақты атауы дәл көрсетілуі керек) _______________________________________________________________
4. Жынысы ___________________________________________________________________
5. Туған жылы мен туған жері _____________________________________________________
6. Білімі _____________________________________________________________________
7. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ___________________________________________
8. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты: __________________________________________________________
9. Үйінің мекенжайы: __________________________________________________
10. Жалпы жұмыс өтілі ________________________________________________________
11. Саладағы жұмыс өтілі ______________________________________________________
12. Тиісті қызмет саласындағы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтер _____________________________________________________
13. Наградталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме: ______________________________________________________________________________
Кандидатура ______________________________________
(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы _________________________________________талқылау болған уақыт, хаттаманың №)_________________________________ талқыланып, ұсынылған. «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағына ұсынылады Ұйым басшысы ___________________________ __________________________ (ТАӘ) (ол болған жағдайда) ___________________________ ______________ (қолы)
51 2-қосымша
«Алматы қаласының
Құрметті азаматы» атағын
беру қағидаларына
1. Медальдің эскизі мен сипаттамасы:
Медальдің аверсі
Медальдің реверсі
Медаль аверсінің ортасында өңірлік нышанның бейнесі.
Жоғары шеткі бөлігін бойлай
«АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» деген жазу жазылады
Реверсінде медальдің реттік нөмірі орналасқан.
«Алматы қаласының Құрметті азаматы» медалі металл бұйымнан жасалған медальдан және оның бекіткішінен, сондай-ақ медальдің лентасынан тұрады.
Медаль диаметрі 80 мм жеті ұшы бар жұлдыз түріндегі ақ түсті металдан (күміс СрМ 925) жасалған, оның үстіне бұрыштарында дөңгеленген сегізұшты фигуралы пішіндері бар диаметрі 71 мм сары түсті металдан (алтын жалатылған күміс СрМ 925) әзірленген жетіұшты қосалқы қаптама жапсырылған. Әрбір жетіұшты қаптамаға диаметрі 3,5 мм болатын 7 дана фианит бекітілген.
Орталық бөлігінде қызыл, көк, ақ және көгілдір түсті эмальдан жасалған дөңгелек медальон орналасқан. Медальонның жиектеріне қазақтың ұлттық ою-өрнектері салынған. Медальонның ортасында алтынмен өрнектеліп орындалған Алматы қаласы елтаңбасының бейнесі орналасқан.
Қызыл фонда шеңбер бойымен алтын түспен қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген және мемлекеттік тілде «АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» жазуы жазылған.
Медаль көгілдір түсті лентаға алтын ою-өрнегі бар қапсырмамен (34 мм) бекітілген.
2. «Алматы қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісінің нысаны
«Алматы қаласының Құрметті азаматы» төсбелгісі диаметрі 20 мм күмістен (СрМ 925) жасалған, алтын жалатылған ақ түсті жетіұшты жұлдыз түрінде орындалған. Оның үстінде бұрыштары дөңгеленген, жетіұшты жұлдыз пішінді, ақ эмальмен қапталған сары түсті металдан жасалған жапсырма орналасқан.
Орталық бөлігінде қызыл эмальдан жасалған дөңгелек эмаль медальон орналастырылған. Медальонның жиектерінде қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Медальонның орта тұсында Алматы қаласының елтаңбасы ақпен өрнектеліп орналастырылған.
54 3-қосымша
«Алматы қаласының
Құрметті азаматы» атағын
беру қағидаларына
Куәлік эскизі:
Куәліктің алғы сол жағы
Куәліктің алғы оң жағы
(Медальдің сурет)
Алматы қаласы № куәлік ТАӘ (ол болған жағдайда) Мәслихаттың шешімі жазылады Алматы қаласы мәслихаты төрағасының қолы мен мөрі
Куәліктің артқы сол жағы
Куәліктің артқы оң жағы
Алматы қаласының
өңірлік нышанының бейнесі