Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Туркестанской области

Қаулы · № 158 · қабылданған 25.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229653/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Туркестанской области Қолданыста 25.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Туркестанской области

Қолданыста Қаулы № 158 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых постановлений акимата Туркестанской области
Атауы (қаз.)
Түркістан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
158
Қабылданған күні
25.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
15.09.2026
Көрсетілген редакция
25.08.2026 229653_838265.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26U000158A
ЭКБ идентификаторы
229653
Редакция идентификаторы
229653_838265
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 19:01
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Түркістан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Күші жойылды деп танылсын:

1) «Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 12 маусымдағы № 114 қаулысы;

2) «Түркістан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 114 «Түркістан облысы әкімі аппараты лауазымды адамдарының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2023 жылғы 21 қыркүйектегі № 210 қаулысы.

2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің аппараты басшысына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

З.С.Жолдасов
Ф.М.Байдуллаев
Е.К.Алтаев
Е.Ә.Дауылбаев
К.Ә.Қайыпбек
Н.Ә.Тұрашбеков
К.Е.Жаппар
Г.Н.Ажиметова