Об утверждении Правил установления квот изъятия объектов животного мира (за исключением объектов рыболовства) для научных исследований на основании научно-исследовательских программ и биологических обоснований
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил установления квот изъятия объектов животного мира (за исключением объектов рыболовства) для научных исследований на основании научно-исследовательских программ и биологических обоснований
- Атауы (қаз.)
- Ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен биологиялық негіздемелер негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жануарлар дүниесі объектілерін (балық шаруашылығы объектілерін қоспағанда) алып қою квоталарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 191
- Қабылданған күні
- 31.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2026 229664_840262.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039794
- ЭКБ идентификаторы
- 229664
- Редакция идентификаторы
- 229664_840262
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 04:05
0 Ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен биологиялық
негіздемелер негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жануарлар дүниесі объектілерін (балық шаруашылығы объектілерін қоспағанда) алып қою квоталарын белгілеу қағидаларын бекіту туралы
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен биологиялық негіздемелер негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жануарлар дүниесі объектілерін (балық шаруашылығы объектілерін қоспағанда) алып қою квоталарын белгілеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен биологиялық негіздемелер негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жануарлар дүниесі объектілерін (балық шаруашылығы объектілерін қоспағанда) алып қою квоталарын белгілеу қағидалары
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 191 бұйрығына
қосымша
Ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен биологиялық
негіздемелер негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жануарлар дүниесі объектілерін (балық шаруашылығы объектілерін қоспағанда) алып қою квоталарын белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Жануарлар дүниесі объектілерін (балық аулау объектілерін қоспағанда) ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен биологиялық негіздемелер негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін алып қою квоталарын белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен биологиялық негіздемелер негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жануарлар дүниесі объектілерін (балық аулау объектілерін қоспағанда) алып қою квоталарын белгілеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қоспағанда, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын, қазақы ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту саласында, сондай-ақ өз құзыреті шегінде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) биологиялық негіздеме – жануарлар дүниесін пайдалану, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың жол берілетін көлемін айқындау, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектілеріне және олардың мекендеу ортасына әсер етуі мүмкін қызмет бойынша ғылыми негізделген қорытынды.
2-тарау. Ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен биологиялық негіздемелер негізінде ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жануарлар дүниесі объектілерін (балық аулау объектілерін қоспағанда) алып қою квоталарын белгілеу тәртібі
3. Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жануарлар дүниесі объектілерін (балық аулау объектілерін қоспағанда) алып қою квотасын қалыптастыру мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласында ғылыми зерттеулер жүргізетін заңды тұлғалар (бұдан әрі – ғылыми ұйымдар) зерттеулер жүргізілетін жылдан бұрынғы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми зерттеулер үшін жануарлар дүниесі объектілерін алып қою көлемдері жөніндегі өтінімдерді ұсынады.
4. Өтінімдерге мыналар қоса беріледі:
1) ғылыми-зерттеу бағдарламасы;
2) биологиялық негіздеме;
3) алып қою жоспарланып отырған жануарлар түрлері туралы мәліметтер;
4) ғылыми зерттеулер жүргізу үшін қажетті дарақтар саны туралы мәліметтер;
5) ғылыми зерттеулер жүргізілетін аумақтар мен мерзімдер туралы мәліметтер.
5. Уәкілетті органның ведомствосы өтінім келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көзделген ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді.
6. Құжаттардың және (немесе) мәліметтердің толық емес топтамасы ұсынылған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы өтініш берушіге өтінімді одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап жолдайды.
7. Құжаттар мен материалдардың толық топтамасы ұсынылған жағдайда уәкілетті органның ведомствосы өтінімді және осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көзделген материалдарды уәкілетті органның ведомствосы жанынан құрылған ғылыми-техникалық кеңестің қарауына жібереді.
8. Ғылыми-техникалық кеңес өтінімді және ұсынылған материалдарды осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қазандағы № 491 бұйрығымен бекітілген Ғылыми-техникалық кеңес туралы үлгілік ережеге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35287 болып тіркелген) сәйкес қарайды.
9. Ғылыми-техникалық кеңес ғылыми-зерттеу бағдарламасы мен биологиялық негіздемені олардың ғылыми негізділігі, Заңның 22-бабы 1-тармағында көзделген мақсаттарға сәйкестігі, жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюдың мәлімделген көлемдерінің жеткіліктілігі және жоспарланып отырған алып қоюдың жануарлар популяцияларының жай-күйіне әсері тұрғысынан қарайды.
10. Материалдарды қарау нәтижелері бойынша ғылыми-техникалық кеңес мынадай ұсынымдардың бірін қабылдайды:
1) өтінімді мақұлдау туралы;
2) жануарлар дүниесі объектілерін алып қою көлемдерін өзгерте отырып өтінімді мақұлдау туралы;
3) өтінімді қабылдамау туралы.
11. Ғылыми-техникалық кеңестің ұсынымдары хаттамамен ресімделеді және ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жануарлар дүниесі объектілерін (балық аулау объектілерін қоспағанда) алып қою квотасын қалыптастыру кезінде шешім қабылдау үшін уәкілетті органның ведомствосына жіберіледі.
12. Ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығына күмән туындаған немесе қосымша материалдар алу қажет болған жағдайда ғылыми-техникалық кеңес қосымша мәліметтер мен құжаттарды сұратады.
13. Ғылыми-техникалық кеңестің ұсынымдары негізінде уәкілетті органның ведомствосы ғылыми ұйымдар мен жануарлар түрлері бөлінісінде күнтізбелік жылға алып қоюға рұқсат етілетін дарақтар санын көрсете отырып, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жануарлар дүниесі объектілерін (балық аулау объектілерін қоспағанда) алып қою квотасын бекітеді.
14. Жануарлар дүниесі объектілерін (балық аулау объектілерін қоспағанда) алып қою квоталары уәкілетті органның ведомствосымен ресми интернет-ресурста орналастырылады және олардың қолданылу жылынан бұрынғы жылдың 15 желтоқсанынан кешіктірілмей тиісті жергілікті атқарушы органдарға бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
15. Жануарлар түрлерінің саны қолайсыз табиғи құбылыстардың (жұт, аурулар) әсерінен азайған жағдайда жануарлар түрлерін алып қою квотасы олардың нақты ресурстары негізінде белгіленеді.
16. Егер жануарлар түрлерінің ресурстары оларды алып қоюға мүмкіндік бермесе, онда жануарлар түрлерін алып қою квотасы бөлінбейді.
17. Бекітілген аңшылық алқаптарында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жануарлар дүниесі объектілерін (балық аулау объектілерін қоспағанда) алып қоюға жануарлар дүниесін пайдаланушылармен келісу бойынша тиісті жануарлар дүниесін пайдаланушы үшін белгіленген жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квотасы шегінде жол беріледі.
18. Бекітілген квота Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес белгіленген көлем шегінде ғылыми-зерттеу мақсаттарында жануарлар дүниесін пайдалану үшін рұқсаттар беруге негіз болып табылады.
1 Жануарлар дүниесі объектілерін ғылыми зерттеулер үшін алып қою квотасын қалыптастыруға арналған өтінім
Ғылыми-зерттеу бағдарламалары
мен биологиялық негіздемелер
негізінде ғылыми зерттеулер
жүргізу үшін жануарлар
дүниесі объектілерін (балық
шаруашылығы объектілерін
қоспағанда) алып қою квоталарын
белгілеу қағидаларына қосымша
Нысан
Жануарлар дүниесі объектілерін ғылыми зерттеулер үшін алып қою квотасын қалыптастыруға арналған өтінім
1. Ғылыми ұйым туралы мәліметтер
Заңды тұлғаның толық атауы _____________________________
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _____________________________
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісі ретінде аккредиттеу
туралы мәліметтер _____________________________
Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________
Нақты орналасқан жерінің мекенжайы _____________________________
Телефон нөмірі _____________________________
Электрондық пошта мекенжайы _____________________________
2. Ғылыми зерттеу туралы мәліметтер
Ғылыми-зерттеу бағдарламасының атауы _____________________________
Ғылыми зерттеу жүргізудің мақсаты _____________________________
Ғылыми зерттеуді жүргізу мерзімі _____________________________
3. Алып қою жоспарланып отырған жануарлар дүниесі объектілері туралы мәліметтер
№
Жануарлар түрінің атауы
Алып қою жоспарланып отырған дарақтар саны
Ғылыми зерттеулер жүргізу үшін алып қою мақсаты
Ғылыми зерттеулер жүргізілетін аумақ
Алып қою мерзімі
1
2
3
4. Өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі
1)_____________;
2) _____________.
Ұсынылған ақпараттың және өтінімге қоса берілген құжаттардың дұрыстығын растаймын.
Ғылыми ұйым басшысының немесе уәкілетті өкілінің (қолы)
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
Өтінім берілген күні: «_» __________ 20 жыл