Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан

Бұйрық · № 869 · қабылданған 01.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229673/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан Күшіне енбеген 01.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан

Күшіне енбеген Бұйрық № 869 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра юстиции Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
869
Қабылданған күні
01.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
18.09.2026
Көрсетілген редакция
01.09.2026 I229673_0.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039795
ЭКБ идентификаторы
229673
Редакция идентификаторы
I229673_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
08.09.2026 03:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті:

1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2026 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 869
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. «Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 652 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 12848 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атқарушылық құжаттарды жеке сот орындаушылары арасында атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы бөлу қағидаларында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Өңірлік палатадан қағаз жеткізгіште келіп түскен атқарушылық құжаттарды қабылдауды жеке сот орындаушылары үш жұмыс күні ішінде қолма-қол жүзеге асырады.
Жеке сот орындаушысының кеңсесі астанадан, облыстардан, республикалық маңызы бар қалалардан тыс жерлерде орналасқан жағдайда, атқарушылық құжатты алғаны туралы тиісті белгісі бар тапсырыс хатпен жіберіледі.
Атқарушылық құжатымен бірге оған қоса берілген материалдар берілуге тиіс.».

2. «Жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 259 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 18999 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушыларының, жеке сот орындаушыларының өңірлік палаталарының ақпаратты ұсыну нысаны мен мерзімдерінде:
Көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

3. «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 416 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 32907 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшерлерінде:
2) тармақшаның төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«баламен қарым-қатынас жасау тәртібі туралы – жеке тұлғалардан ай сайын 10 АЕК мөлшерінде;»;
Ескертпенің үшінші абзацы алып тасталсын.