Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил ведения единого реестра кошельков цифровых активов, использованных в целях легализации (отмывания) доходов, полученных преступным путем, финансирования терроризма и финансирования распространения оружия массового уничтожения и (или) иных преступных целях, включающий состав, сроки и форму предоставления информации

Бұйрық · № 237-НҚ · қабылданған 31.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229690/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил ведения единого реестра кошельков цифровых активов, использованных в целях легализации (отмывания) доходов, полученных преступным путем, финансирования терроризма и финансирования распространения оружия массового уничтожения и (или) иных преступных целях, включающий состав, сроки и форму предоставления информации Қолданыста 31.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил ведения единого реестра кошельков цифровых активов, использованных в целях легализации (отмывания) доходов, полученных преступным путем, финансирования терроризма и финансирования распространения оружия массового уничтожения и (или) иных преступных целях, включающий состав, сроки и форму предоставления информации

Қолданыста Бұйрық № 237-НҚ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил ведения единого реестра кошельков цифровых активов, использованных в целях легализации (отмывания) доходов, полученных преступным путем, финансирования терроризма и финансирования распространения оружия массового уничтожения и (или) иных преступных целях, включающий состав, сроки и форму предоставления информации
Атауы (қаз.)
Ақпарат ұсыну құрамын, мерзімдері мен нысанын қамтитын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында және (немесе) өзге де қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған цифрлық активтер әмияндарының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
237-НҚ
Қабылданған күні
31.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
31.08.2026
Көрсетілген редакция
31.08.2026 I229690_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26ES000237
ЭКБ идентификаторы
229690
Редакция идентификаторы
I229690_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.09.2026 03:30
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

Ақпарат ұсыну құрамын, мерзімдері мен нысанын қамтитын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында және (немесе) өзге де қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған цифрлық активтер әмияндарының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 13-11) және 13-12)-тармақшаларына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Ақпарат ұсыну құрамын, мерзімдері мен нысанын қамтитын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру және (немесе) өзге де қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған цифрлық активтер әмияндарының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жедел талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 Ақпарат ұсыну құрамын, мерзімдері мен нысанын қамтитын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында және (немесе) өзге де қылмыстық мақсатта пайдаланылған цифрлық активтер әмияндарының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары

Бұйрыққа қосымша
Ақпарат ұсыну құрамын, мерзімдері мен нысанын қамтитын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында және (немесе) өзге де қылмыстық мақсатта пайдаланылған цифрлық активтер әмияндарының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалар «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 13-11) және 13-12) тармақшаларына сәйкес әзірленді және қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында және (немесе) өзге де қылмыстық мақсаттарда пайдаланылған цифрлық активтер әмияндарының бірыңғай тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) қалыптастыру, жүргізу және пайдалану тәртібін, сондай-ақ ақпарат ұсыну құрамын, мерзімдерін және нысанын айқындайды.

2. Тізілім қылмыстық не әкімшілік іс жүргізу шеңберінде осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген шешімдер қабылданған цифрлық активтердің әмияндары туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуға арналған.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) Тізілім – қылмыстық не әкімшілік іс жүргізу шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген шешімдер қабылданған цифрлық активтердің әмияндары туралы мәліметтерді есепке алуға арналған мемлекеттік ақпараттық жүйе;

2) цифрлық активтердің әмияндары – криптографиялық кілттерді сақтау немесе оларды басқару үшін қолданылатын, цифрлық активтерге қолжетімділікті және олармен транзакцияларды жүргізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық немесе аппараттық құрал;

3) цифрлық актив – цифрлық код беріле отырып, оның ішінде криптография және компьютерлік есептеуіш құралдарын пайдалана отырып, электронды-цифрлық нысанда жасалған, есептік ақша бірлігі немесе (немесе) заңды төлем құралы болып табылмайтын, тіркелген және таратылған деректер платформасының технологиясы негізінде ақпараттың өзгермелілігін қамтамасыз ететін мүлік;

4) тізілім операторы – өз құзыреті шегінде Тізілімді техникалық және ұйымдастырушылық ілесіп алып жүруді, деректерді қорғауды, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды және ақпарат ұсынуды қамтамасыз ететін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган;

5) ақпараттық жүйе – ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған қызмет көрсететін персонал мен техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық-реттелген жиынтығы;

6) жүйе қатысушысы – қылмыстық мақсатта пайдаланылған цифрлық активтердің әмияндары туралы мәліметтерді операторға ұсынатын уәкілетті адамдар (органдар, ұйымдар).

4. Жүйенің қатысушылары:

1) қылмыстық қудалау органдары;

2) мемлекеттік кірістер органдары;

3) жоғары бақылау органы.

5. Тізілімнің міндеттері:

1) қылмыстық және әкімшілік іс жүргізу жүзеге асырылатын цифрлық активтер әмияндары туралы мәліметтерді жүйелеу;

2) мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

3) қаржы мониторингі субъектілеріне тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану кезінде жәрдем көрсету;

4) цифрлық активтер әмияндарының қылмыстық әрекет үшін қайта пайдаланылуының алдын алу.

2-тарау. Мәліметтерді Тізілімге енгізудің негіздері мен тәртібі

6. Тізілімге цифрлық активтер әмияны туралы мәліметтерді енгізуге мынадай шешімдердің бірінің болуы негіз болып табылады:

1) Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген қылмыстық іс шеңберінде тиісті цифрлық активтер әмиянында орналастырылған цифрлық активтерді заттай дәлелдемелер деп тану немесе оларға тыйым салу туралы шығарылған қаулы;

2) қылмыстық іс шеңберінде қабылданған, тиісті цифрлық активтер әмиянында орналастырылған цифрлық активтер қылмыс заты немесе қаруы деп танылған не оларға қамтамасыз ету шаралары қолданылған сот актісі;

3) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің бірыңғай тізілімінде тіркелген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша тиісті цифрлық активтердің әмиянында орналастырылған цифрлық активтерге қатысты шаралар қолданылған, заңды күшіне енген қаулы.

7. Тізілімге мәліметтерді енгізу іс жүргізуінде тиісті қылмыстық не әкімшілік іс бар жүйе қатысушыларының ұсынымы негізінде жүзеге асырылады.

8. Заңның 16-бабының 13-11) тармақшасын іске асыру мақсатында жүйе қатысушылары осы Қағидаларда көзделген цифрлық активтер әмияндары туралы мәліметтерді қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.

9. Мәліметтерді ұсынуды жүйе қатысушылары Тізілімге мәліметтерді енгізу үшін негіз болған шешім шығарылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимылдың қорғалған арналары арқылы электрондық нысанда жүзеге асырады.

10. Осы Қағидаларға 1-қосымша бойынша мәліметтерді жолдаған жүйе қатысушысы ұсынылған мәліметтердің дұрыстығы мен уақтылығына жауапты болады.

11. Тізілімге мәліметтерді енгізу есептік сипатта болады және қылмыстық не әкімшілік жауаптылық шарасы болып табылмайды.

Клиенттің цифрлық активтің әмияны Реестрде бар болған жағдайда, Заңның 5‑бабына сәйкес қаржылық мониторинг субъектісі клиентті күшейтілген тексеруден өткізеді.

12. Тізілімге мәліметтерді енгізу адамды құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп мойындауды білдірмейді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қабылданатын шешімдерді алмастырмайды.

3-тарау. Тізілімге енгізілетін мәліметтердің құрамы

13. Тізілімге осы Қағидаларға қосымшада белгіленген нысанға сәйкес мәліметтер енгізіледі.

4-тарау. Мәліметтерді өзектендіру және алып тастау тәртібі

14. Жүйе қатысушылары Тізілімге мәліметтерді енгізуге негіз болған шешімнің өзгертілгені немесе күшінің жойылғаны туралы хабарламаны тиісті шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органға жолдайды.

15. Тізілімнен мәліметтерді алып тастау негізі:

1) процестік шешімнің күшін жою не оны өзгерту;

2) іс бойынша іс жүргізуді ақтайтын негіздер бойынша тоқтату;

3) мәліметтерді одан әрі есепке алуды болдырмайтын сот актісінің заңды күшіне енуі;

4) қате енгізу фактісін анықтау.

16. Осы Қағидалардың 16-тармағымен көзделген негіздердің болуын растайтын құжаттар немесе мәліметтер келіп түскен кезде қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган тиісті мәліметтерді Тізілмнен алып тастауды олар келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде қамтамасыз етеді.

5-тарау. Тізілім мәліметтеріне қолжетімділік және оларды пайдалану тәртібі

17. Тізілімді қарауға қолжетімділік жүйе қатысушыларына және қаржы мониторингі субъектілеріне олардың құзыреті шегінде ақпараттық жүйеде сұрау‑жауап режимінде беріледі.

18. Тізілімнің мәліметтерін пайдалану қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдерін бағалау мақсатында және осы Заңға сәйкес басқа шараларда жүзеге асырылады.

19. Тізілімнің мәліметтері Заңда көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру мақсатында ғана пайдаланылады.

6-тарау. Тізілім ақпараттық жүйесінің жұмысы

20. Тізілім мемлекеттік ақпараттық жүйе нысанында жұмыс істейді.

21. Тізілім пайдаланушылардың әрекеттері міндетті тіркеуге жатады.

22. Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган Тізілімде қамтылған мәліметтердің қорғалуын, пайдаланушыларды сәйкестендіруді және пайдаланушылардың әрекеттерін тіркеуді қамтамасыз етеді.

53 Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында және (немесе) өзге де қылмыстық мақсатта пайдаланылған цифрлық активтер әмияндарының бірыңғай тізіліміне енгізу үшін мәліметтер ұсыну нысаны

Ақпарат ұсыну құрамын, мерзімдері мен нысанын қамтитын, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында және (немесе) өзге де қылмыстық мақсатта пайдаланылған цифрлық активтер әмияндарының бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына қосымша
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру мақсатында және (немесе) өзге де қылмыстық мақсатта пайдаланылған цифрлық активтер әмияндарының бірыңғай тізіліміне енгізу үшін мәліметтер ұсыну нысаны

Өріс атауы
Мазмұны
1-бөлім. Мемлекеттік орган туралы мәлімет
1
Мемлекеттік органның атауы
2
Құрылымдық бөлімше
3
Лауазымды адамның ТАӘ (бар болса), лауазымы
4
Байланыс деректері (қызметтік телефон, электрондық пошта)
2-бөлім. Іс жүргізу туралы мәлімет
1
Іс жүргізу түрі (қылмыстық / әкімшілік)
2
Қылмыстық істің немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы істің нөмірі
3
Істі тіркеу күні
4
ҚР ҚК не ҚР ӘҚБтК бабы
5
Шешім шығарған органның атауы
6
Шешім түрі (заттай дәлел деп тану / тыйым салу / қамтамасыз ету шарасы / өзге
7
Шешімнің шығарылған күні және нөмірі
3-бөлім. Цифрлық активтер әмияны туралы ақпарат
1
Блокчейн-желі атауы
2
Цифрлық активтер әмиянының мекенжайы (криптобиржалардағы UID – аккаунттар, транзакция хэштері, т.б.)
3
Транзакция сәйкестендіргіші (бар болса)
4-бөлім. Шешімді өзгерту не күшін жою туралы мәліметтер (жаңартылған жағдайда)
1
Өзгерту не күшін жою негізі
2
Жаңа шешімнің нөмірі және күні
3
Жаңартылған мәліметтерді жіберу күні