Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Аппарат маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о коммунальном государственном учреждении «Аппарат маслихата района Магжана Жумабаева Северо-Казахстанской области»
- Атауы (қаз.)
- «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 44-18
- Қабылданған күні
- 31.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 03.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 31.08.2026 229696_838388.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26SI04418M
- ЭКБ идентификаторы
- 229696
- Редакция идентификаторы
- 229696_838388
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 11.09.2026 03:33
0 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8-бабы 3-тармағының 7)-тармақшасына, «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген мәслихаттың үлгі регламентінің 79-тармағына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. Жоғарыда нұсқалған Ережені заңнамамен белгіленген тәртіпте тіркеу жүргізілсін.
3. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 2-5 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» шешімінің күші жойылсын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев
ауданы мәслихатының
2026 жылғы 31 тамыздағы
№ 44-18 шешімімен
бекітілді
«Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты) Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты, егер Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Азаматтық қорғау туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихат төрағасының өкімдерімен, мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен рәсімделген шешімдер қабылдайды.
8. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппаратының құрылымы және штатық санының лимиті Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 150800, Қазақстан Республикасы, Солтүстік Қазақстан облысы, Мағжан Жұмабаев ауданы, Булаев қаласы, Юбилейный көшесі, 56 үй.
10. Осы Ереже Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты аппаратының қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен Мәслихат аппаратының өкілеттері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппаратына Қазақстан Республикасының заңдарымен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. «Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіктері
13. Міндеттері:
1) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, депутаттарға олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету;
2) мәслихаттың қызметін сессияларда, тұрақты комиссияларда депутаттар арқылы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету;
3) аудандық мәслихат сессияларында жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді және азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;
4) Мағжан Жұмабаев ауданының мәслихат төрағасының, мәслихат депутаттарының және аудандық мәслихат аппаратының қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;
5) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының қызметі туралы халықты ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
6) Мағжан Жұмабаев ауданының Қоғамдық кеңесінің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
өз құзыреті шегінде лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының қызметіне қажетті ақпаратты сұрау және алу;
аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін мәселелерді дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлерін тарту;
депутаттық сауалдар мен ұсыныстарды уақытында қарау және іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар мен мекемелерге депутаттық сауалдар, ұсыныстар, жауаптар, хабарламалар, шағымдар жолдау;
аудан бюджетінің атқарылуы мәселелері бойынша жүргізілген бақылау іс-шаралары туралы облыстың тексеру комиссиясынан ақпарат сұрату;
қабылданған шешімдердің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
өз құзыреті шегінде шарттар, келісімдер жасау.
2) міндеттері:
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппаратына жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау;
ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттарына сәйкес келмейтін шешімдердің қабылдануына жол бермеу;
ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасының мүдделерін сақтау;
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау.
15. Функциялары:
1) мәслихат сессиясына енгізілген негізгі мәселелердің бекітілген тізбесі негізінде, сондай-ақ тұрақты комиссиялар, депутаттар, аудан әкімі енгізетін мәселелер бойынша аудан мәслихатының сессиясын, тұрақты комиссиялардың отырыстарын дайындауды және өткізуді қамтамасыз ету;
2) депутаттарды сессиялардың, тұрақты комиссиялардың қарауына енгізілетін мәселелер бойынша шешімдердің жобаларымен және басқа да материалдармен қамтамасыз ету;
3) мәслихат сессияларында жергілікті бюджеттерді қысқартуды немесе жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және қолданыстағы заңнаманың талаптарын ескере отырып, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету;
4) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты жалпыға міндетті маңызы бар мәслихаттың нормативтік құқықтық актілерін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізуді қамтамасыз ету;
5) аудандық мәслихат қабылдаған және (немесе) әзірлеушілері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге қатысты тұрақты құқықтық мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
6) депутаттық қызметті қамтамасыз етуге, депутаттардың біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды айқындау, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес іссапар шығыстарын өтеу;
7) «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудандық мәслихаттың ресми сайтының жұмыс істеуін және уақтылы жаңартылуын қамтамасыз ету;
8) аудандық мәслихат қабылдаған нормативтік құқықтық актілерді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында орналастыру;
9) аудандық мәслихат әзірлеуші болып табылатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру;
10) тұрақты комиссиялардың отырыстарын, жария тыңдауларды, жұмыс сапарларын дайындауды жүзеге асыру, тұрақты комиссиялардың мүшелеріне қаралатын мәселелер бойынша материалдарды талдау, қорыту және уақтылы ұсыну, комиссиялардың қаулыларының жобаларын әзірлеу және келісу;
11) аудандық мәслихаттың қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді қамтамасыз ету;
12) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлаушылармен кездесулерде және қабылдауларда айтылған өтініштерді, ұсыныстарды, проблемалық мәселелерді бойынша депутаттық сауалдар дайындауды қамтамасыз ету;
13) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес ауданның округтік және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру;
14) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес кадрлық жұмысты жүргізу;
15) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
16) іс жүргізудің, оның ішінде электрондық құжат айналымы жүйесінде бірыңғай тәртібін қамтамасыз ету, құжаттармен жұмысты ұйымдастыру, олардың орындалуын бақылау;
17) мүліктің және міндеттемелердің болуы мен қозғалысын есепке алуды қамтамасыз ету, бекітілген нормаларға, нормативтер мен сметаларға, міндеттемелер мен төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырудың жеке жоспарларына сәйкес материалдық және қаржы ресурстарын пайдалану, шаруашылық қызметтің теріс нәтижелерін болғызбау;
18) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау;
19) Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты аппаратының сот органдарында мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету және ұсыну.
3-тарау. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты аппаратының бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппаратына басшылықты Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.
17. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты аппаратының басшысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты аппараты басшысының орынбасарлары жоқ.
19. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты аппараты басшысының өкілеттігі:
1) Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты аппаратының қызметіне басшылық етеді;
2) өз құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихаттың сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) қаржылық құжаттарға бірінші қол қою құқығына ие, шарттар жасасады, сенімхаттар береді;
13) Мағжан Жұмабаев мәслихатының аппараты туралы ережені, штат санының құрылымы мен лимитін аудан мәслихатына бекітуге ұсынады;
14) осы Ережеде белгіленген құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
15) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты аппаратының Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптасады.
21. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихаты аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамада өзгесі қарастырылмаса, өздігінен иеліктен шығаруға немесе өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппаратында оның қарамағындағы ұйымдары жоқ.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппаратында оның қарамағындағы аумақтық бөлімшелері жоқ.
Мағжан Жұмабаев ауданы мәслихатының аппаратында оның қарамағындағы мемлекеттік мекемелері жоқ.