Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства финансов Республики Казахстан

Бұйрық · № 592 · қабылданған 01.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229707/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства финансов Республики Казахстан Күшіне енбеген 01.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства финансов Республики Казахстан

Күшіне енбеген Бұйрық № 592 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов Министерства финансов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
592
Қабылданған күні
01.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
15.09.2026
Көрсетілген редакция
01.09.2026 229707_839734.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039800
ЭКБ идентификаторы
229707
Редакция идентификаторы
229707_839734
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
10.09.2026 03:31
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 15.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің м.а.
2026 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 592 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16595 болып тіркелген);

2. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 715 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17287 тіркелген);

3. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 22 қыркүйектегі № 842 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17409 тіркелген);

4. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 28 шiлдедегi № 693 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21036 тіркелген);

5. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 938 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24365 тіркелген).

6. «Проблемалық кредиттер қоры» акционерлік қоғамының қызмет түрлерін жүзеге асыру қағидаларын, сондай-ақ ол сатып алатын (сатып алған) активтер мен талап ету құқықтарына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 279 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі № 430 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32385 тіркелген).