О введении запрета на ввоз яблок на территорию Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О введении запрета на ввоз яблок на территорию Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының аумағына алма әкелуге тыйым салуды енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 326
- Қабылданған күні
- 01.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 03.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 01.09.2026 I229711_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039803
- ЭКБ идентификаторы
- 229711
- Редакция идентификаторы
- I229711_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 04.09.2026 03:30
0 Қазақстан Республикасының аумағына алма әкелуге тыйым салуды енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына және 22-бабының 2-тармағына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 1-тармағына, «Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңымен ратификацияланған Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ көрсетілген Шартқа 7-қосымшасының 10-бөліміне сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден көліктің барлық түрімен Қазақстан Республикасының аумағына мыналарды қоспағанда, Бірыңғай Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының 0808 10 тауарлық кіші позициясында сынып талатын алмаларды әкелуге 2026 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін тыйым салу енгізілсін:
1
1) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы алмаларды транзитпен тасымалдау, оның ішінде тауарлардың межелі орны Қазақстан Республикасының аумағы болып табылмаған кезде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау;
2
2) тауарларға арналған экспорттық декларация, сондай-ақ көрсетілген тауарлардың осы бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін жөнелтілгенін растайтын көлік құжаттары, ал тауарлар кедендік транзиттің кедендік рәсімімен тасымалданған жағдайда – транзиттік декларация ұсынылған кезде осы бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін жөнелтуші мемлекетте экспорттың кедендік рәсімделуіне жататын алмалар;
3
3) көрсетілген тауарлардың осы бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасының аумағына іс жүзінде әкелінгенін растайтын құжаттар ұсынылған кезде осы бұйрық қолданысқа енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасының аумағына іс жүзінде әкелінген, оның ішінде уақытша сақтау қоймаларында тұрған алмалар.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағын іске асыру жөніндегі шаралардың қолданылуы туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен өзара іс-қимыл жасай отырып, заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдасын.
4 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі