Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Тас-Қаратау»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Тас-Қаратау»
- Атауы (қаз.)
- «Тас-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 151
- Қабылданған күні
- 03.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 15.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 03.09.2026 I229736_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26F000151A
- ЭКБ идентификаторы
- 229736
- Редакция идентификаторы
- I229736_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.09.2026 03:30
0 «Тас-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
жария сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1, 16, 71-1, 140-баптарына, 69-бабы 4-тармағының 7-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тас-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2031 жылғы 29 қазанға дейінгі мерзімге жалпы ауданы 23 га жер учаскелеріне қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін Жарма ауданы Ақжал ауылдық округінің аумағында орналасқан меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскесін алып қоймастан жария сервитут осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. «Тас-Қаратау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық талаптарды сақтай отырып, бұзылған жерлерді рекультивациялау жөніндегі іс-шаралар жүргізілсін.
3. Жарма ауданының әкімдігіне осы қаулыны мүдделі тұлғалардың назарына жеткізсін және қаулыдан туындайтын өзге де қажетті шараларды қабылдасын.
4. «Абай облысының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Жария сервитут белгіленген жер учаскелерінің экспликациясы
Абай облысы әкімдігінің
2026 жылғы «___» _______
№______қаулысына
қосымша
Жария сервитут белгіленген жер учаскелерінің экспликациясы
№
р/с
Нысаналы мақсаты
Жер учаскелерінің санаты
Меншік иелері мен жер пайдаланушылардың атауы
Жария сервитут белгіленетін алаңы (гектар)
1
Шаруа қожалығын жүргізу үшін
Ақжал ауылдық округінің ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Дамель Нұралінова
1000
2
Шаруа қожалығын жүргізу үшін
Ақжал ауылдық округінің ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер
Айдос Ержанұлы Абдрахманов
1000