Об утверждении перечня национальных научных советов по направлениям науки и коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня национальных научных советов по направлениям науки и коммерциализации результатов научной и (или) научно-технической деятельности
- Атауы (қаз.)
- Ғылымның және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағыттары жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 407
- Қабылданған күні
- 28.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 28.08.2026 229740_839701.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26HN000407
- ЭКБ идентификаторы
- 229740
- Редакция идентификаторы
- 229740_839701
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 19:02
0 Ғылымның және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағыттары жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесін бекіту туралы
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 37-1) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 177-60) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес ғылымның және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағыттары жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
1 Ғылымның және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағыттары жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2026 жылғы «___» ___________
№ ___ бұйрығына
қосымша
Ғылымның және ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бағыттары
жөніндегі ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі