Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении цен на услуги по сопровождению и администрированию цифровых систем в области бюджетного процесса, реализуемые акционерным обществом «Центр электронных финансов»

Бұйрық · № 603 · қабылданған 03.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229741/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об установлении цен на услуги по сопровождению и администрированию цифровых систем в области бюджетного процесса, реализуемые акционерным обществом «Центр электронных финансов» Күшіне енбеген 03.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении цен на услуги по сопровождению и администрированию цифровых систем в области бюджетного процесса, реализуемые акционерным обществом «Центр электронных финансов»

Күшіне енбеген Бұйрық № 603 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении цен на услуги по сопровождению и администрированию цифровых систем в области бюджетного процесса, реализуемые акционерным обществом «Центр электронных финансов»
Атауы (қаз.)
«Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын бюджет процесі саласындағы цифрлық жүйелерді сүйемелдеу және әкімшілендіру қызметтеріне бағаларды белгілеу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
603
Қабылданған күні
03.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
20.09.2026
Көрсетілген редакция
03.09.2026 I229741_0.kaz
Соңғы өзгеріс
03.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26E0000603
ЭКБ идентификаторы
229741
Редакция идентификаторы
I229741_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
10.09.2026 03:30
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын бюджет процесі саласындағы цифрлық жүйелерді сүйемелдеу және әкімшілендіру қызметтеріне бағаларды белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 758-71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын бюджет процесі саласындағы цифрлық жүйелерді сүйемелдеу және әкімшілендіру қызметтеріне бағалар белгіленсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі сатып алу және активтер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмесінің жіберілуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында алғаш ресми жарияланған күннен кейін орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі

1 «Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын бюджет процесі саласындағы цифрлық жүйелерді сүйемелдеу және әкімшілендіру қызметтеріне бағалар

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің м.а.
2026 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 603
бұйрығына қосымша
«Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамы жүзеге асыратын бюджет процесі саласындағы цифрлық жүйелерді сүйемелдеу және әкімшілендіру қызметтеріне бағалар

Қыз­мет­тің ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Жыл
Ба­ға*
1
Бюд­жет про­це­сі са­ла­сын­да­ғы цифр­лық жүй­е­лер­ді сүй­е­мел­деу және әкім­ші­лен­ді­ру қыз­мет­те­рі
Бір адам­ға са­ға­ты­на
2026
12 083
2
Бір адам­ға са­ға­ты­на
2027
10 606
Ескерту:
* егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше көзделмесе, бағалар қосылған құн салығынсыз теңгемен көрсетілген.