Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства финансов Республики Казахстан

Бұйрық · № 604 · қабылданған 03.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229748/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства финансов Республики Казахстан Күшіне енбеген 03.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства финансов Республики Казахстан

Күшіне енбеген Бұйрық № 604 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства финансов Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
604
Қабылданған күні
03.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
21.09.2026
Көрсетілген редакция
03.09.2026 I229748_0.kaz
Соңғы өзгеріс
03.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039821
ЭКБ идентификаторы
229748
Редакция идентификаторы
I229748_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
11.09.2026 03:31
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3.  Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2026 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 604
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. «Әкімшінің біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9479 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-4) тармақшасына, «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 103) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Әкімшілік біліктілік емтиханын өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-4) тармақшасына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабы 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ереженің 15-тармағы 103) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік органның көрсету тәртібін айқындайды.»;
4, 5 және 6 тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «цифрлық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
5. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші Мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.
Осы Қағидаларға өзгерістер (және) немесе толықтырулар енгізу кезінде, көрсетілетін қызметті беруші «цифрлық үкiметтiң» операторына, Бірыңғай байланыс орталығына тиісті нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты жібереді.
6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілік емтиханын тапсыруға жіберу туралы өтінішті және «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімді ұсынады.
Әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.»;
Қағидаларға 1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілік емтиханын
өткізу қағидаларына
1-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетіне
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол
жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе)
____________________________
(тұрғылықты жерінің мекенжайы)
____________________________
(байланыс телефоны,
электрондық мекенжайы)»;
көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Қағидаларға 1-1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Біліктілік емтиханын
өткізу қағидаларына
1-1-қосымша
нысан
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетіне
көрсетілетін қызметті
берушінің бизнес-сәйкестендіру
нөмірі_________________________
_______________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол
жеке басын куәландыратын
құжатта көрсетілсе»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларын бекіту және оны ұйымдастырушыны айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 178 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10753 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Банкрот мүлкін сату бойынша электрондық аукционды өткізу қағидаларында:
2-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) қатысушының электронды әмияны (бұдан әрі – электронды әмиян) – әлеуетті қатысушы екінші деңгейлі банктегі ұйымдастырушының арнайы транзиттік шотына енгізген ақшаны есепке алу үшін ұйымдастырушы пайдаланатын тізілімдегі әлеуетті қатысушының жеке шоты;»;
11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
« 11) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы (бұдан әрі – тізілімнің веб-порталы) – Интернет желісінде www.e-qazyna.kz мекенжайы бойынша орналастырылған борышкерлердің мүлкін сату бойынша цифрлық деректер базасына бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс (бұдан әрі – деректер базасы);»;
17) және 18) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
« 17)  «цифрлық үкіметтің» төлем шлюзі – өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпаратты беру процестерін автоматтандыратын цифрлық объект;
18) электрондық аукцион – цифрлық форматта тізілімнің веб-порталын қолдана отырып өткізілетін электрондық аукцион, оның ішінде жабық электрондық аукцион сауда-саттығының нысаны;»;
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы).»;
19-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Электрондық аукционға қатысу үшін қатысушы тізілімнің веб-порталында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық өтінімді (бұдан әрі – электрондық өтінім) береді.»;
21 және 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Электрондық өтінімді тіркегеннен кейін тізілім веб-порталы 2 (екі) минут ішінде электронды әмиянда электрондық өтінім берілген лот бойынша кепілдік жарна сомасында ақшаның болуына автоматты түрде тексеру жүргізеді.
22. Электронды әмиянда кепілдік жарна сомасында ақша болған кезде тізілімнің веб-порталы сауда-саттық нәтижелері айқындалғанға дейін кепілдік жарна сомасында ақшаны бұғаттауды жүзеге асырады және электрондық өтінімді қабылдайды. Тізілімнің веб-порталы қатысушыны электрондық аукционға жіберуді дереу қамтамасыз етеді, тізілімнің веб-порталы беретін аукциондық нөмірді ұсынады. Электронды әмиянда кепілдік жарна сомасында ақша болмаған немесе осы Қағидалардың 19-тармағының ережелері сақталмаған кезде тізілімнің веб-порталы қатысушының электрондық өтінімін қабылдамайды.»;
33, 34 және 35-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«33. Электрондық аукцион нәтижелері әрбір сатылған лот бойынша аукцион нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, ол тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ арқылы сатушы мен жеңімпаз электрондық аукцион өткізілген күні куәландырылады.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама электрондық аукционның нәтижелерін, сондай-ақ жеңімпаз бен сатушының сату бағасы бойынша лотты сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемелерін тіркейтін құжат болып табылады.
34. Осы Қағидалардың 28-тармағында көрсетілген жағдайда, сауда-саттық өткізлеген күні сатушы ЭЦҚ арқалы өтпеген аукцион туралы актіні куәландырады.
Өтпеген аукцион туралы акті тізілімнің веб-порталында қалыптастырылады.
35. Электронды сауда аяқталғаннан кейін сауда-саттық өткізілген күні аукционға қатысушының электрондық әмиянындағы кепілдік жарна сомасында енгізілген ақша бұғаттаудан шығарылады.
Ұйымдастырушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ арқалы сатушы куәландырылған кепілдік жарнаны аударуға арналған өтініш негізінде сауда-саттықта жеңімпаз болған қатысушының электрондық әмиянында бұғаттаудан шығарылған кепілдік жарнасын сатушының шотына аударады.
Сауда-саттықта жеңімпаз болған қатысушының кепілдік жарнасына енгізген сомасы сатып алу-сату шарты бойынша сома есебіне жатады.
Электрондық әмияннан ақша қаражатын сауда-саттыққа қатысушыларға қайтару тізілімнің веб-порталында ЭЦҚ арқылы қатысушылар куәландырылған ақшаны қайтаруға арналған өтініштер негізінде ұйымдастырушыға өтініш берілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде жүзеге асырылады.»;
36-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Егер аукцион нәтижелері туралы хаттамаға жеңімпаз белгіленген мерзімде қол қоймаса, сатушы ЭЦҚ арқылы тізілімнің веб-порталында электрондық аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіні куәландырады.»;
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Сатып алу-сату шарты тізілім веб-порталында электрондық форматта жасалады және сатушы мен сатып алушы сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ЭЦҚ арқылы куәландырылады.
Жеңімпаз белгіленген мерзімде сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепілдік жарна қайтарылмайды.»;
38-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«38.Сатып алу-сату шарты бойынша есеп айырысу сатушы мен сатып алушы арасында сатушының электронды әмиянына ақша аудару жолымен жүргізіледі. Ақша сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен кейін күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кешіктірілмей енгізіледі.»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Жеңімпаз осы Қағидалардың 37, 38 және 39-тармақтарында белгіленген міндеттемелерді бұзған кезде электрондық сауда-саттық нәтижелері тізілімнің веб-порталында сатушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актімен жойылады.
Аталған лот бойынша жойылған электрондық аукцион шарттарымен қайтадан электрондық аукцион өткізіледі.».

3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 1 сәуірдегі № 343 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20278 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында әкімші қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдардың тізімін орналастыру, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау мен шеттету қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Қағидалар шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсы ретінде Интернет желісінде «www.kgd.gov.kz» мекенжайы бойынша орналасқан электрондық цифрлық ресурс (бұдан әрі – интернет-ресурс) түсініледі.».

4. «Борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде белгілеу мүмкін еместігін растайтын құжат нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 406 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20450 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
««Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышнда орыс тіліндегі мәтінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде анықтау мүмкін еместігін растайтын құжат осы Тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде белгілеу мүмкін еместігін растайтын құжатты жасау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай ішінде анықтау мүмкін еместігін растайтын құжатты жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағаидалар) «Оңалту және банкроттық туралы1 Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес әрекетсіз салық төлеушілер тізіліміне енгізілген заңды тұлғаға қатысты салықтық берешек, сондай-ақ кедендік төлемдер, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, пайыздар бойынша берешекті өндіріп алу бойынша барлық шаралар мен әдістер қабылданған жағдайда, аумақтық органның лауазымды адамы салық төлеушілердің мемлекеттік деректер базасында тіркеу деректерінде көрсетілген борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды тұлғаларының орналасқан жеріне баруды қамтамасыз етеді.
Бұл адамдардың нақты белгілеу мүмкін еместігін анықталған кезде, алты айдан кейін екінші рет бару қамтамасыз етіледі.».

1.1 Біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беру туралы өтініш

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне 1-қосымша
Біліктілік емтиханын
өткізу қағидаларына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетіне
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(егер ол жеке басын
куәландыратын құжатта
көрсетілсе)
____________________________
(тұрғылықты жерінің мекенжайы) ____________________________
(байланыс телефоны,
электрондық мекенжайы)
Біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беру туралы өтініш
Маған біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
Біліктілік емтиханын тапсыру тілі: _______________________.
Қоса берілетін құжаттар:
__________________;
__________________;
__________________.
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растай отырып цифрлық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
______________ ________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (егер ол
жеке басын куәландыратын құжатта
көрсетілсе)
20 _ жылғы «____» ____________.

1.2 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне
2-қосымша
Біліктілік емтиханын
өткізу қағидаларына
2-қосымша
«Әкім­ші­нің (уа­қыт­ша әкім­ші­нің, оңал­ту­шы, уа­қыт­ша және банк­рот­тық­ты бас­қа­ру­шы­ның) қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на үміт­кер адам­дар­дың бі­лік­ті­лік ем­ти­ха­нын өт­кі­зу» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стр­лі­гі­нің Мем­ле­кет­тік кі­рі­стер ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тә­сіл­де­рі
www. egov. kz «Цифр­лық үкі­мет» веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал)
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мер­зі­мі
Әкім­ші­нің (уа­қыт­ша әкім­ші­нің, оңал­ту­шы, уа­қыт­ша және банк­рот­тық­ты бас­қа­ру­шы­ның) қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на бі­лік­ті­лік ем­ти­ха­ны­нан өт­ке­ні ту­ра­лы ше­ші­мі – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Әкім­ші­нің (уа­қыт­ша әкім­ші­нің, оңал­ту­шы, уа­қыт­ша және банк­рот­тық­ты бас­қа­ру­шы­ның) қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на бі­лік­ті­лік ем­ти­ха­ны­нан өт­ке­ні ту­ра­лы ше­ші­мі.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ла­у­а­зым­ды ада­мы­ның элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға жол­да­на­ды.
6
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­ла­рын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан өн­ді­ріп алын­ған тө­лем мөл­ше­рі және оны өн­ді­ріп алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек Ко­дек­сіне (бұ­дан әрі – Ко­декс) және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­на (бұ­дан әрі – Заң) сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден жұ­ма­ға дей­ін, са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 08.30-ден 18.00-ға дей­ін. Пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Ко­дек­с­ке және Заң­ға сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге өті­ніш­тер қа­был­дау мен мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­мьер-Ми­ни­стрі­нің орын­ба­са­ры – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Қар­жы ми­ни­стрі­нің 2014 жы­л­ғы 28 сәу­ір­де­гі № 191 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген Бі­лік­ті­лік ем­ти­ха­нын өт­кі­зу қа­ғи­да­ла­ры­на (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 9479 бо­лып тір­кел­ген) (бұ­дан әрі – Қа­ғи­да­лар) 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат тү­рін­де­гі әкім­ші­нің (уа­қыт­ша әкім­ші­нің, оңал­ту­шы, уа­қыт­ша және банк­рот­тық­ты бас­қа­ру­шы­ның) қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру құқы­ғы­на үміт­кер адам­дар­дың бі­лік­ті­лік ем­ти­ха­нын тап­сы­ру­ға рұқ­сат бе­ру ту­ра­лы өті­ніш;
2) құқық, эко­но­ми­ка және биз­нес са­ла­сын­да­ғы жо­ға­ры бі­лі­мі ту­ра­лы ди­плом;
3) заң­гер­лік, эко­но­ми­ка­лық, бух­гал­тер­лік, қар­жы­лық, ауди­тор­лық неме­се ба­қы­лау-ре­ви­зия са­ла­ла­рын­да­ғы қа­та­ры­нан үш жыл­дан кем емес жұ­мыс өті­лін рас­тай­тын құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес Қа­ғи­да­лар­ға 1-1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі.
Осы тар­мақ­тың 4)-тар­мақ­ша­сын­да көр­се­ті­л­ген көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ке­лі­сі­мі қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кі­зу, оны жи­нау және өң­де­уді қам­ти­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тың, өтел­ме­ген неме­се алын­ба­ған сот­ты­лы­ғы­ның бо­луы неме­се бол­мауы ту­ра­лы, қыл­мыстық құқық бұ­зу­шы­лық жа­са­ға­ны ту­ра­лы, пси­хи­ка­лық, мі­нез-құлық­тық, оның ішін­де пси­хи­ка­ға бел­сен­ді әсер ете­тін заттар­ды тұ­ты­ну­ға бай­ла­ны­сты бұ­зы­лу­шы­лық­та­ры­ның (ау­ру­ла­ры­ның) се­бе­бі бой­ын­ша пси­хи­ка­лық ден­са­улық са­ла­сын­да ме­ди­ци­на­лық кө­мек көр­се­те­тін ұй­ым­дар­да есеп­те тұ­ра­тынды­ғы/тұр­май­тынды­ғы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ти­іс­ті мем­ле­кет­тік цифр­лық жүй­е­лер­ден «цифр­лық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­ла­рын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас тар­туы үшін негіз­де­ме­лер
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ болған кез­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті элек­трон­дық ны­сан­да пор­тал ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның пор­та­лын­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті» ар­қы­лы қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де, сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гі бар.
Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8 800 080 7777, 1414. Цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ры­л­ған пай­да­ла­ну­шы­лар үшін қол­же­тім­ді.
Цифр­лық құ­жат­ты пай­да­ла­ну үшін ЭЦҚ неме­се бір рет­тік па­роль­ді пай­да­ла­на оты­рып, мо­биль­ді қо­сым­ша­да ав­тор­лан­ды­ру­дан өту, одан әрі «Цифр­лық құ­жат­тар» бө­лі­міне өтіп, қа­жет­ті құ­жат­ты таң­дау қа­жет.

1.3 Борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай бойы анықтау мүмкін болмауын растайтын құжат

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 21 сәуірдегі
№ 406 бұйрығына
1-қосымша
нысан
Борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының)
және лауазымды адамдарының орналасқан жерін қатарынан алты ай бойы анықтау мүмкін болмауын растайтын құжат
Мен (біз) ______________________________________________________
(мемлекеттік кірістер органы жұмыскерінің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) (бұдан әрі – ТАӘ), лауазымы)
______ сағат ______ минут 20__ жылғы «___» _________
(құжатты жасау күні мен уақыты)
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 114-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жері бойынша мынадай мақсаттар үшін (тиісті жолды көрсетіңіз) бардым (бардық):
1) борышкердің орналасқан жері бойынша болмауын не болуын растау; □
2) борышкер құрылтайшысының (қатысушысының) орналасқан жері бойынша болмауын не болуын растау; □
3) лауазымды адамның орналасқан жері бойынша болмауын не болуын растау. □
____________________________________________________________________
(борышкердің ТАӘ, атауы)
____________________________________________________________________
(борышкердің құрылтайшысының (қатысушысының) ТАӘ)
____________________________________________________________________
(борышкердің ТАӘ), лауазымды адамының атауы)
борышкердің жеке/бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН (БСН))
____________________________________________________________________
құрылтайшының (қатысушының) ЖСН (БСН) ______________________
борышкердің лауазымды адамының ЖСН __________________________
Бару борышкердің, сондай-ақ оның құрылтайшыларының (қатысушыларының) және лауазымды адамдарының орналасқан жерін анықтау мүмкін болмауын растайтын құжатты жасау сәтінде тіркеу деректерінде көрсетілген _________________________________ мекенжай бойынша жүргізілді:
Бару кезінде қатысу үшін тартылған куәгерлер
1._______________________________________________________________
(тартылған куәгердің ТАӘ, құжатының, жеке куәлігінің атауы және нөмірі,
тұрғылықты жерінің мекенжайы)
2.______________________________________________________________
(тартылған куәгердің ТАӘ, құжатының, жеке куәлігінің атауы
және нөмірі, тұрғылықты жерінің мекенжайы)
Бару барысында расталды (тиісті ұяшықты көрсетіңіз):
1) тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болуы: борышкер □
борышкердің құрылтайшысы (қатысушысы) □
борышкердің лауазымды адамы □
2) борышкердің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша болмауы:
борышкер □
борышкердің құрылтайшысы (қатысушысы) □
борышкердің лауазымды адамы □
Баруды жүргізген лауазымды адам:
_____________________________ _____________ _________________
мемлекеттік кірістер органы (қолы) ТАӘ
жұмыскерінің лауазымы
Куәгерлер:
________________________________ _____________
(ТАӘ) (қолы)
_________________________________ _____________
(ТАӘ) (қолы)