Об установлении сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении сервитута
- Атауы (қаз.)
- Сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 2772
- Қабылданған күні
- 28.07.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 28.07.2026
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2026 I229782_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26ZA02772A
- ЭКБ идентификаторы
- 229782
- Редакция идентификаторы
- I229782_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 19:02
0 Сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Н. Боранкуловтың 2026 жылғы 19 мамырдағы өтініші, № 2 жер комиссиясының қорытындысы, сондай-ақ бекітілген жерге орналастыру жобасы (2026 жылғы 22 шілдедегі № KZ60VBG01803450 бұйрық) негізінде, Орал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Нұржан Максотович Боранкуловқа елді мекендердің жерлерінде кәріз құбырлары желісін жүргізу үшін Б. Момышұлы көшесі, 4-үй мекенжайында орналасқан, жалпы көлемі 0,0309 га бөлінбейтін жер учаскесіне 3 жыл мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану (сервитут) құқығын бере отырып, қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Н. Боранкулов:
1) жер учаскесіне жер пайдалану құқығын куәландыратын құжатты ресімдесін;
2) Орал қаласы бойынша мемлекеттік кірістер органдарында салық төлеуші ретінде есепке тұрсын және салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз етсін;
3) Батыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру және күтіп-ұстау, сондай-ақ жасыл екпелердің сақталуын қамтамасыз ету қағидалары талаптарының сақталуын қамтамасыз етсін.