Об утверждении Правил проведения конкурса по отбору государственных служащих, направляемых на повышение квалификации за рубеж
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения конкурса по отбору государственных служащих, направляемых на повышение квалификации за рубеж
- Атауы (қаз.)
- Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 02-01-02/15
- Қабылданған күні
- 05.02.2005
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2015 AI22982_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V050003449_
- ЭКБ идентификаторы
- 22982
- Редакция идентификаторы
- AI22982_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 19:12
0 Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1 1. Ұсынылып отырған Шет елге біліктілігін арттыру үшін жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесі бекітілсін.
2 2. Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті (О.С. Минаев) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркелуге ұсынсын.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ә.А. Көмекбаевқа жүктелсін.
4
4. "Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін көтеру үшін жолданатын ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2001 жылғы 18 мамырдағы N 02-2-4/81 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1564 тіркелген, 2001 жылғы 19 шілдедегі N 169 "Казахстанская правда" және 2001 жылғы 25 шілдедегі N 34 "Заң газеті" газеттерінде жарияланған).
5 5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.
0 Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесі
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігі Төрағасының
2005 жылғы 5 ақпандағы N 02-01-02/15
бұйрығымен бекітілген
Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізу ережесі
Осы Ереже Шет елге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс өткізудің талаптары мен тәртібін айқындайды және Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1457 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесіне сәйкес (бұдан әрі - Қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесі) жасалды.
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Шетелге біліктілігін арттыруға жіберілетін мемлекеттік қызметшілерді іріктеу жөнінде конкурс (бұдан әрі - Конкурс) мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру құқығын республикалық және жергілікті бюджеттің қаражаты, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі сметасы (бюджет), сондай-ақ өзге қаражаттар есебінен қамтамасыз етеді.
2 2. Орталық мемлекеттік органдарға, облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне шетелде біліктілігін арттыру туралы ақпараттарды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жолдайды.
3 3. Орталық мемлекеттік органдар осы ақпараттарды өздерінің мемлекеттік қызметшілеріне ақпараттық тақталарға хабарландыруды орналастыру, веб-сайт, не электрондық пошта және/немесе қағаз жеткізуші арқылы хабарландыру жіберу жолымен жеткізуді қамтамасыз етеді.
4
4. Конкурс өткізуге дейін орталық мемлекеттік органдар ашық конкурстық негізде үміткерлерді алғашқы іріктеуін жүзеге асырады. Ол үшін тиісті орталық мемлекеттік органның басшысы, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшы оның кадр қызметінің ұсынуы бойынша үміткерлерді алғашқы іріктеу жөнінде комиссия құрады. Аталған комиссияның қанағаттанарлық шешімі уәкілетті органға үміткерді ұсыну үшін негіз болып табылады.
5 5. Облыстар, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері Конкурс туралы хабарландыруды тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағына таралатын мерзімдік баспасөз басылымдарында жариялауды қамтамасыз етеді.
2 2. Конкурстық комиссияны құру
6 6. Конкурсты конкурстық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) өткізеді.
7 7. Қаражат есебінен Шетелге біліктілігін арттыруға жіберілетін үміткерлерді іріктеуді жүзеге асыратын Комиссияның персоналдық құрамы:
1 1) республикалық бюджеттің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкісінің сметасын (бюджетін) уәкілетті орган бекітеді;
2 2) жергілікті бюджетті облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері бекітеді;
3
3) халықаралық ұйымдар мен шетелдік мемлекеттердің үкіметтері гранттар немесе техникалық көмек түрінде бөлетін не қолданыстағы тыйым салынбаған өзге де қаражаттар есебінен жүзеге асыратын Комиссияның персоналды құрамы тиісті мемлекеттік орган басшысымен, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшымен бекітіледі.
8 8. Комиссия құрамы төрағадан, төрағаның орынбасарынан, комиссия мүшелерінен және хатшыдан тұрады.
9 9. Комиссияның отырысы, егер оған оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі.
10 10. Дауыс берудің нәтижесі Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен анықталады. Дауыстар бірдей болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
3 3. Құжаттарды қабылдау
11 11. Конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші тиісті Комиссияның персоналдық құрамы бекітетін мемлекеттік органға мынадай құжаттарды тапсырады:
1 1) өтініш;
2 2) мемлекеттік органның бірінші басшысының, ал жауапты хатшы лауазымы енгізілген мемлекеттік органдарда, жауапты хатшының ұсынысын (Қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесінің 35 тармағында көзделген жағдайдан басқа);
3 3) атқарған қызмет тізімі;
4 4) шетелдік серіктестердің талаптары бойынша басқа құжаттар.
12 12. Конкурсқа қатысушылар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты қосымша ақпараттарды ұсына алады.
13 13. Комиссияның қарауына үміткерлердің өз қолымен тапсыру тәртібімен немесе құжаттар қабылдау мерзімінде пошта арқылы жеткізілген құжаттарды қабылдайды.
4 4. Конкурсқа қатысушылардың құжаттарын қарау
14 14. Комиссия дайындалған құжаттарды Қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесінің 16-тармағындағы қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін талдайды.
15 15. Ұсынылған құжаттарды талдау негізінде Комиссия олардың белгіленген талаптарға сәйкестігі және Конкурсқа қатысушыны төрағаның, комиссия мүшелері мен хатшының қолдары қойылған және хаттама түрінде ресімделетін әңгімелесуге жіберу туралы шешім қабылдайды.
Рұқсаттама алмаған Конкурсқа қатысушылар бұл туралы шешім қабылданғаннан кейін бұл конкурс комиссиясы хабарландырылады.