Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Отдел архитектуры, градостроительства и строительства акимата Таласского района»

Қаулы · № 01-185 · қабылданған 25.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229832/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Отдел архитектуры, градостроительства и строительства акимата Таласского района» Қолданыста 25.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Отдел архитектуры, градостроительства и строительства акимата Таласского района»

Қолданыста Қаулы № 01-185 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения коммунального государственного учреждения «Отдел архитектуры, градостроительства и строительства акимата Таласского района»
Атауы (қаз.)
«Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
01-185
Қабылданған күні
25.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
08.09.2026
Көрсетілген редакция
25.08.2026 I229832_0.kaz
Соңғы өзгеріс
25.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26GJ01185A
ЭКБ идентификаторы
229832
Редакция идентификаторы
I229832_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 19:03
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі (одан әрі - Ереже) жаңа редакцияда бекітілсін.

2. «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және осы қаулыдан туындайтын өзге шараларды қабылдауды;

2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес жұмыс күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талас ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.

4. «Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 18 қазандағы № 400 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

"Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕСІ

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
"Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылыс және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс) өз өкілеттіктері шегінде Талас ауданы әкімдігінің аумағында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қатынастары салаласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің ведомстволары жоқ.

3. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

6. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері. Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы №1, индекс 080800.

10. Осы Ереже Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.

12. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне кәсіпкерлік субъектілерімен Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімнің өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

13. Мақсаттары:

1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қатынастары саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

14. Өкілеттіктері:

1) Құқықтары:

- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұрату және алу;
- Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес сотқа талап арызбен жүгіну;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.

2) Міндеттері:

- мемлекеттік органның қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттiк және мемлекеттiк емес органдармен және ұйымдармен қызметтiк хат алмасу жүргiзеді;
- жиналыстарды өткізу тәртібін ұйымдастырады, аудан әкімдігінің отырыстарына қатысады;
- мемлекеттік орган қызметінің бұқаралық ақпарат құралдарына жария етілуін қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, осы Ережеге сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады;
- мемлекеттік органның құзіретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімдігі мен аудандық маслихаттың шешімдері мен қаулыларының жобаларын дайындауға қатысады;
- Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, облыс, аудан әкімдігінің қаулылары мен әкімнің шешім, өкімдерінің орындалуына тексерулер жүргізу, орындалмау себептерін анықтау және анықталған заң бұзушылқтарды жою жөнінде шаралар қабылдау;
- аудандық әкiмдiктiң және мәслихаттың мәжiлiстерiне, аудандық, аумақтық және өзге де атқарушы органдардың алқаларына қатысу;
- Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде белгіленген тәртіпте соттарда құқықтар мен мүдделерді қорғауды ұйымдастыру және талап-тілек қызметін жүзеге асыру;
- Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттерді жүзеге асырады.

15. Функциялары:

1) құрылыс жүргізу барысында заңдылықтар мен тиісті нормалардың сақталуына бақылау жасау;

2) құрылыс саласындағы мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселесі бойынша жобаларға мемлекеттік сараптама жүргізудің, мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясының аумақтық бөлімшелерімен, лицензиялау органдарымен өзара іс қимыл жасау;

3) жергілікті мемлекеттік атқарушы органдар арқылы қаржыландырылған сараптама мен құрылысы аяқталған объектілердің қабылдау жұмыстарына қатысу;

4) заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлген аудан аумағының қала құрылысын жоспарлаудың кешендi схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), селолық елдi мекендердiң бас жоспарларын iске асыру жөніндегi қызметтi үйлестiру;

5) аумақта жоспарланып отырған құрылыс салу не өзге де қала құрылысының өзгерiстерi туралы халыққа хабарлап отыру;

6) аудандық маңызы бар құрылыс, аумақты инженерлiк жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектiлер құрылысын тоқтатып қою, объектiлердi кейiннен кәдеге жарату жөнiнде жұмыстар кешенiн жүргiзу туралы шешiмдер қабылдау;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) тіркеу және есебін жүргізу;

8) коммуналдық тұрғын үй қорын сатып алу және қалыптастыру;

9) аудандық маңызы бар тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауды және олардың күтiп ұсталуына (қолданылуына, пайдаланылуына) бақылау жүргiзудi ұйымдастыру;

10) аудан аумағында қала құрылысын дамыту схемаларын, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің және өзге де ауылдық елді мекендердің бас жоспарларының жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсыну;

11) елді мекендердің бекітілген бас жоспарларын (аумақтық даму схемаларын) дамыту үшін әзірленетін қала құрылысы жобаларын бекіту және іске асыру;

12) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін жүргізу;

13) Сәулеттендіру және абаттандыру жұмыстары, қала және ауылдық елді мекендеріндегі құрылыс мақсатына арналған жер телімдерін беру, жер таңдау актісін даярлау, жер учаскесін пайдалану және өзгерту кезінде қала құрылысы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, тіркелу, және сәулет жоспарлау құжаттарын әзірлеу;

14) қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы шешім қабылдауға ұсыныс беру;

15) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы біріңғай талаптардың, деректерді басқару жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;

16) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттік органға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

17. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

18. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

19. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары жоқ.

20. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі бірінші басшысының өкілеттіліктері:

1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;

2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

3) сенімхаттар береді;

4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік орган қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады.

Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

21. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. Талас ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.