Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Карасуского районного маслихата»

Өзге акт · № 349 · қабылданған 08.09.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229836/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Карасуского районного маслихата» Қолданыста Өзге акт ·№ 349 ·08.09.2026
08.09.2026 редакциясы
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Карасуского районного маслихата»

Қолданыста Өзге акт ·№ 349 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат Карасуского районного маслихата»
Атауы (қаз.)
«Қарасу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
349
Қабылданған күні
08.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
09.09.2026
Көрсетілген редакция
08.09.2026 229836_839430.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26NM00349M
ЭКБ идентификаторы
229836
Редакция идентификаторы
229836_839430
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
15.09.2026 03:31

0 «Қарасу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес Қарасу аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған «Қарасу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

2. «Қарасу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қарасу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 208 шешімінің күші жойлды деп танылсын.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

4 «Қарасу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕСІ

Мәслихаттың
2026 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 349 шешімімен
бекітілген
«Қарасу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕСІ

5 1 - тарау. Жалпы ережелер

1. «Қарасу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мәслихат аппараты) Қарасу аудандық мәслихаты мен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын, депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруда көмек көрсететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Мәслихат аппаратында ведомстволары жоқ.

3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай - ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Мәслихат аппараты ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ тілінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай - ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Мәслихат аппараты азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды..

6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттілік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық - құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7. Мәслихат аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 111000 индексі, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, Исаков көшесі, 68.

Мемлекеттік мекеменің жұмыс режимі: Дүйсенбі – жұма сағат 09.00 - 18.00 аралығында, түскі үзіліс сағат 13.00 - 14.00 аралығында, демалыс күндері: сенбі – жексенбі.

10. Осы Ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қарым - қатынас жасауға тыйым салынады.

18 2 - тарау. Мәслихат аппаратының міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

13. Міндеттері: негізгі міндет мәслихат пен оның органдарының қызметін ақпараттық - талдамалық, ұйымдық - құқықтық және материалдық - техникалық қамтамасыз ету, мәслихат депутаттарына олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсету болып табылады.

14. Өкілеттіктер:

1) құқықтар:

жеке және заңды тұлғалармен азаматтық - құқықтық қатынастарға түсуге, шарттар жасасуға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де мәмілелер жасауға;
мәслихаттың және оның органдарының отырыстарына, сондай - ақ мәслихат өткізетін өзге де іс - шараларға қатысуға;
мәслихат құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан қажетті құжаттарды, мәліметтерді және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
мемлекеттік органдарды, ұйымдарды, мамандар мен сарапшыларды заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихаттың қарауына шығарылатын материалдар мен құжаттарды дайындауға тарту;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

2) міндеттері:

мәслихаттың, оның органдары мен депутаттарының қызметін ұйымдастырушылық, құқықтық, ақпараттық - талдамалық, құжаттамалық және материалдық - техникалық қамтамасыз етуді, оның ішінде мәслихат пен оның органдарының отырыстарына, сондай - ақ мәслихат қызметі шеңберінде өткізілетін өзге де іс - шараларға материалдар дайындауды қамтамасыз ету;
өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

15. Функциялар:

мәслихаттың, оның төрағасының, тұрақты және уақытша комиссиялардың, мәслихаттың өзге де органдары мен депутаттардың қызметінің ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету;
мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат пен оның органдарының қарауына шығарылатын өзге де құжаттар мен материалдарды дайындауды, ресімдеуді және сүйемелдеуді ұйымдастыру;
депутаттардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы кезінде олардың қызметін ұйымдастырушылық - әдістемелік қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық - талдамалық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының мемлекеттік органдармен, жергілікті өзін - өзі басқару органдарымен, ұйымдармен, азаматтық қоғам институттарымен және тұрғындармен өзара іс -қимылын ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін ақпараттық сүйемелдеу, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс -қимылды және мәслихаттың қызметі туралы тұрғындарды хабардар етуді қамтамасыз ету;
мәслихаттың, оның төрағасының, органдары мен депутаттарының қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету, іс қағаздарын жүргізу және құжаттарды мұрағаттық сақтау;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, сондай - ақ мәслихатқа келіп түсетін петицияларды қарауды ұйымдастырушылық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына және еңбек заңнамасына сәйкес мәслихат аппаратында кадр жұмысын ұйымдастыру;
Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;
аппарат құзыреті шегінде мәслихат аппаратының қызметін және мәслихат қызметін қаржылық, материалдық - техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.

24 3 - тарау. Мәслихат аппараты басшысының мәртебесі, өкілеттігі

16. Мәслихат аппаратының қызметіне басшылықты мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады.

17. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

18. Мәслихат аппараты басшысының орынбасары болмайды.

19. Мәслихат аппаратының басшысы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өкілеттіктерді жүзеге асырады.

20. Мәслихат аппараты басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындау Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

30 4 - тарау. Мәслихат аппаратының мүлкі

21. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай - ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мәслихат аппаратының өзіне бекітілген мүлікті және оған қаржыландыру жоспары бойынша берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті дербес иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

34 5 - тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

24. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қолданыстағы