Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Қаулы · № 1792/1 · қабылданған 04.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229838/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельные участки Күшіне енбеген 04.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Күшіне енбеген Қаулы № 1792/1 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельные участки
Атауы (қаз.)
Жер телімдеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1792/1
Қабылданған күні
04.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
21.09.2026
Көрсетілген редакция
04.09.2026 229838_839892.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26PA17921A
ЭКБ идентификаторы
229838
Редакция идентификаторы
229838_839892
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
11.09.2026 03:30
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 21.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жер телімдеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шекара жоспарына сәйкес, осы қаулының қосымшасына сәйкес, Павлодар қаласында орналасқан елді мекендер жерлері санатынан бөлінетін жер телімдеріне 1 (бір) жыл мерзімге уақытша өтеусіз жер пайдалану жағдайында «Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2. «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Павлодар қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Павлодар қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 «Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер телімдерінің тізбесі

Павлодар қаласы әкімдігінің
2026 жылғы 04 қыркүйектегі
№ 1792/1 қаулысына
қосымша
«Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық
шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер телімдерінің тізбесі

1. Жылумен жабдықтаудың кварталдық желілерін қайта құру үшін Павлодар қаласы, Жүсіпбек Аймауытұлы көшесі, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Сағадат Нұрмағамбетов, Московская көшелері шекарасында орналасқан, көлемі 9,776722 га жер телімі;

2. Жылумен жабдықтаудың кварталдық желілерін қайта құру үшін Павлодар қаласы, Торайғыров, Олжабай батыр, Баян батыр көшелері шекарасында орналасқан, көлемі 5,029653 га жер телімі;

3. Жылумен жабдықтаудың кварталдық желілерін қайта құру үшін Павлодар қаласы, Амангелді көшесі, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, Волочаевская, Мұқағали Мақатаев көшелері шекарасында орналасқан, көлемі 5,0483 га жер телімі.