О полномочиях Вице-Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О полномочиях Вице-Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің өкілеттіктері туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 1452
- Қабылданған күні
- 05.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 05.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 05.09.2026 I229839_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2600001452
- ЭКБ идентификаторы
- 229839
- Редакция идентификаторы
- I229839_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 12.09.2026 03:31
0 Қазақстан Республикасы
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің
өкілеттіктері туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабының 3-тармағына және «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңға сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасының Вице-Президенті:
1) мемлекеттің ішкі және сыртқы саясаты саласындағы стратегиялық сипаттағы бастамаларды әзірлеуді қамтамасыз етеді және оларды Қазақстан Республикасының Президентіне ұсынады;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Президент атынан өкілдік етеді;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша халықаралық іс-шараларға қатысады;
4) Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің хатшылығын басқарады;
5) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының қызметіне жетекшілік етеді;
6) Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның; Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның; Мемлекеттік символдар мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалардың геральдикасы жөніндегі республикалық комиссияның; Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның; Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік
сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның; Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін қамтамасыз етеді;
7) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Осы Жарлықпен белгіленген өкілеттіктерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Вице-Президенті:
1) өкім шығаруға;
2) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға тапсырма беруге;
3) Қазақстан Республикасы Құрылтайының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Халық Кеңесінің, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың отырыстарына қатысуға;
4) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардан және лауазымды адамдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа да материалдарды сұратуға және алуға;
5) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті қойған өзге де міндеттерді шешу үшін Қазақстан Республикасы Президенті актілерінің жобаларын әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс топтарын құруға құқылы.
3. Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің қызметін ұйымдық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және өзге де жағынан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі қамтамасыз етеді деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін, қоса беріліп отырған өзгерістер осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1452 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 13 тамыздағы № 3614 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
16-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Вице-Президенті» деген сөздермен ауыстырылсын;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Институт директорын (бұдан әрі – директор) Қазақстан Республикасының Вице-Президентімен келісілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды және лауазымнан босатады.».
2. «Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:
3-тармақтағы «Президент Әкімшілігінің Басшысы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Вице-Президенті» деген сөздермен ауыстырылсын;
Шетелде кадрлар дайындау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы,» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Вице-Президенті,» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестiрiлген өкiлдiгi туралы ережеде:
6-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі және Қазақстан Республикасының басқа да ресми тұлғалары қатысатын іс-шараларды протоколдық-ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз етеді;»;
4. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
8-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Вице-Президенті» деген сөздермен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелер жөніндегі комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Вице-Президенті» деген сөздермен ауыстырылсын.
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 шілдедегі № 625 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес туралы ережеде:
6 және 7-1-тармақтардағы «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Вице-Президенті» деген сөздермен ауыстырылсын.
6. «Мемлекеттік рәміздер және Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының геральдикасы мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығында:
Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Вице-Президенті» деген сөздермен ауыстырылсын.
7. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар және Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықтары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 993 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
3-тармақта «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Вице-Президенті» деген сөздермен ауыстырылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
3-тармақта «Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Вице-Президенті» деген сөздермен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника және А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Вице-Президенті» деген сөздермен ауыстырылсын;
Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Вице-Президенті» деген сөздермен ауыстырылсын.
8. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы № 90 өкімінде:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртiбi туралы нұсқаулықта:
12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және тапсырмасы бойынша мемлекеттік наградаларды:
- Қазақстан Республикасының Вице-Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы;
- астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың әкімдері, министрлер, Қазақстан Республикасының елшілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті осыған уәкілеттік берген басқа да адамдар тапсыра алады.».
_________________________________