О признании утратившими силу некоторых решений Атырауского областного маслихата
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых решений Атырауского областного маслихата
- Атауы (қаз.)
- Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 254-VIII
- Қабылданған күні
- 07.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 20.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 07.09.2026 229856_839602.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V26T0039834
- ЭКБ идентификаторы
- 229856
- Редакция идентификаторы
- 229856_839602
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:33
0 Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. «Қазақстан Республикасы Атырау облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы шешімнің Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімнің ресми жарияланғаннан кейін Атырау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Атырау облыстық мәслихатының
2026 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 254-VIII шешіміне қосымша
Атырау облыстық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2555 болып тіркелген).
2. Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 381-IV «Облыстық мәслихаттың ХVІІ сессиясының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-ІV «Облыстың (қаланың, ауданның) «Құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2578 болып тіркелген).
3. Атырау облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 119-VIII «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5224-06 болып тіркелген).
4. Атырау облыстық мәслихатының 2025 жылғы 12 ақпандағы № 152-VIII «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидасын бекіту туралы» Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 250-IV шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5262-06 болып тіркелген).