Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление по делам религий Алматинской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление по делам религий Алматинской области»
- Атауы (қаз.)
- «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 240
- Қабылданған күні
- 03.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 20.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 03.09.2026 I229865_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26D000240A
- ЭКБ идентификаторы
- 229865
- Редакция идентификаторы
- I229865_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 10.09.2026 03:30
0 «Алматы облысының дін істері басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Алматы облысы әкімдігінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» № 26 қаулысы жойылсын.
3. «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) жоғарыда көрсетілген Ережені аумақтық уәкілетті органда мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Алматы облысы әкімдігінің
2026 жылғы 3 қыркүйектегі
№ 240 қаулысына
қосымша
«Алматы облысының дін істері басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Алматы облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Алматы облысының аумағында қолданыстағы заңнаманың шеңберінде діни саясат саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Басқармада ведомствалар жоқ.
3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Басқарма өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.
6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті өкілеттіктер берілген жағдайда, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы бола алады.
7. Басқарма өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де актілерді қабылдайды.
8. Басқарманың құрылымы мен штаттық бірліктерінің лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, 4 ықшам ауданы, 10/1.
10. Осы ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
11. Басқарма қызметін қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
12. Басқармаға басқарманың өкілеттіліктері болып табылатын міндеттерді орындау бөлігінде кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілерде кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген жағдайда, алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік бюджетке есепке алынуға жатады.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыру және жүзеге асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу, сондай-ақ дінді экстремистік мақсатта қолдануға жол бермеу;
2) азаматтардың діни нанымдар бостандығына құқықтарын және діни бiрлестiктермен және миссионерлермен қызметін іске асыру саласында болып жатқан үдерістерді жан-жақты және шынайы зерттеу, жалпылау және талдау;
3) мемлекеттік органдар мен діни бірлестіктер арасындағы серіктестікті қамтамасыз ету және дамыту, діни бірлестіктер, мемлекеттік және азаматтық секторлар арасында диалогтық алаңдар құру;
4) өз құзіреті шегінде Алматы облысының аумағында дін саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын қаматамасыз ету және бақылау;
5) басқарманың және облыстың мемлекеттік органдарының қызметінің ашықтығын арттыру, халықпен тиімді байланысты дамыту;
6) басқарманың құзыретіне жататын бағыттар бойынша жобалар мен кешенді даму жоспарларын облыс аумағында іске асыру.
14. Өкілеттіктері:
1) Құқықтары:
- мемлекеттік органдардан және ұйымдардан мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттерді шешу үшін қажетті ақпаратты және материалдарды сұратуға және алуға;
- барлық қоғамдық, діни және мәдени-бұқаралық шараларға қатысу;
- діни бірлестіктерді құру және олардың қызметі,сондай-ақ азаматтардың діни сенім бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге;
- өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау органдарымен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауға;
- басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге де отырыстар өткізу;
- Алматы облысының әкіміне Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізу;
- белгіленген тәртіпте Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және Мәслихат шешімдерінің жобаларын енгізу;
- орталық мемлекеттік органдардан, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарынан, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінен мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті ақпаратты алу;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
2) Міндеттері:
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
- Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- дін саласындағы заңнаманы сақтамау бойынша анықталған бұзушылықтарды жою үшін Басқарманың құзыреті шеңберінде шаралар қабылдау;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету;
- мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасау;
- көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсыну;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсыну;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіде белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйрету;
- көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын осы Заңда белгіленген мерзімдерде қарау және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар ету;
- көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы ақпаратты алу мүмкіндігін қамтамасыз ету;
- көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану;
- мемлекеттік қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын, сондай-ақ оларды көрсету үшін қажет болатын өзекті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз ету;
- егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін немесе электрондық цифрлық қолтаңбамен расталған келісімін не ұялы байланыс абоненттік құрылғысы арқылы келісімін алу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттарды пайдалану;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
15. Функциялары:
1) дiни ахуал динамикасына және конфессияаралық қарым-қатынас жағдайына талдау жүргiзу;
2) діни білім беру ұйымдары (университет, медреселер, жексенбілік мектептер, семинариялар және т.б.) қызметінің бекітілген оқу бағдарламаларының сәйкестігіне мониторинг жүргізу;
3) облыс аумағындағы діни ахуалға мониторинг жүргізуге және конфессияаралық қатынастар саласындағы жағымсыз тенденцияларды уақытылы анықтауға бағытталған әлеуметтік зерттеулер жүргізу;
4) өкiлеттi органға Қазақстан Республикасының конфессияаралық қатынастар және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзу;
5) діни экстремистік ағымдардың ықпалына түскен адамдарды оңалту және бейімдеу бойынша одан әрі жұмыс істеуге білікті теологтарды даярлау үшін оқу орындары және діни бірлестіктермен өзара жұмыс жасау;
6) діни қызмет және конфессияаралық қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
7) халық арасында қоғамда радикалдық идеологияға қарсы иммунитетті және радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оларға қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру бойынша іс-шаралар өткізу;
8) интернет-кеңістікте діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы насихаттық жұмыстарын жүргізу;
9) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу бойынша құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгізу;
10) өтініштерді талдау және өтініш берушілер көтерген жүйелі проблемаларды анықтау;
11) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттық-насихаттық іс-шараларын жүзеге асыру;
12) азаматтардың діни нанымдар бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
13) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға қатысты мәселелерді қарау;
14) озінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша ресми түсіндірулер беру;
15) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдерін тексеру;
16) миссионерлік қызметпен айналысатын тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыру;
17) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуына келісім береді, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізу туралы діни бірлестіктер берген хабарламаларды қарау;
18) діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде орналастыруын келісу;
19) діни ғимараттарды (құрылыстарды) салу, олардың орналасқан жерін анықтау, сондай-ақ ғимараттарды (құрылыстарды) діни ғимараттарға (құрылыстарға) айналдыру (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешім қабылдауға қатысу;
20) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды толтырады, сондай-ақ діни қызметке байланысты мәселелер бойынша талапкер немесе жауапкер және үшінші тарап ретінде қатысу;
21) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасы шеңберінде діни бірлестіктер мен өзге де ұйымдардың қызметін мониторинг жүргізеді, талдайды және үйлестіру;
22) Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын Қазақстан Республикасының заңдарында және өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Басқарма басшысы Басқарманың қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және функциялардың жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.
17. Басқарманың басшысы лауазымына Алматы облысының әкімімен тағайындалады және лауазымынан босатылады.
18. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) өз құзыреті шегінде басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2)заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда басқарма мүдделерін таныстырады және қорғайды;
5) басқарманың штат кестесін, жұмыс жоспарын, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді, құрылымдық бөлімшелер қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
6) бөлім басшыларын, бас мамандарды, мемлекеттік қызметші болып табылмайтын қызметкерлерді тағайындайды және босатады;
7) іссапарлар, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілікті арттыру, ынталандыру, үстемеақылар мен сыйлықақылар төлеу, сондай-ақ қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тарту мәселелерін шешеді;
8) заңнамада белгіленген тәртіппен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысын тағайындайды және босатады;
9) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, Басқарманың қызметтік және қаржылық құжаттарына қол қояды. Басқарма басшысы болмаған кезеңінде бұл өкілеттіктер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлғаға жүктеледі;
10) мемлекеттік органдарда және басқа да мекемелер мен ұйымдарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының барлық соттарында басқарма атынан өкілдік етеді;
11) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін дербес жауапты болады;
12) басқарманың ішкі еңбек тәртібін бекітеді;
13) басқармада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
14) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;
15) басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарын қаржыландыру жоспарын бекітеді;
16) өз құзіретті шегінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын көтермелеу туралы, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында және өзге де нормативтик құқықтық актілерде көзделген жағадайларда және тәртіппен сыйақы беру, материалдық көмек көрсету және ынталандырудың өзге де шараларын қолдану туралы шешімдер қабылдайды.
17) Қазақстан Республикасының заңнамасында, осы Ережеде және облыс әкімдігінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
18) бірінші басшы Басқармадағы бөлім басшыларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
19. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкінің болуы мүмкін.
20.Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.