Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Аппарат Курчатовского городского маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о Государственном учреждении «Аппарат Курчатовского городского маслихата»
- Атауы (қаз.)
- «Курчатов қалалық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 45/284-VIII
- Қабылданған күні
- 02.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 02.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 02.09.2026 I229876_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26FB45284M
- ЭКБ идентификаторы
- 229876
- Редакция идентификаторы
- I229876_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 10.09.2026 03:31
0 «Курчатов қалалық мәслихаты аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 8 – бабы 3 – тармағы 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.«Курчатов қалалық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы шешімнің 1 – қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2 - қосымшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихатының кейбір шешімдері жойылсын.
3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4 «Курчатов қалалық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Курчатов қалалық мәслихатының
2026 жылғы «2» қыркүйектегі
№ 45/284-VIIІ шешіміне
1-қосымша
«Курчатов қалалық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Курчатов қалалық мәслихаты аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мәслихат аппараты) Курчатов қалалық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. Мәслихат аппаратының ведомстволары жоқ.
3. Мәслихат аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Мәслихат аппараты ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
5. Мәслихат аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
6. Мәслихат аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
7. Өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен мәслихат аппараты мәслихат аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 180010, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4.
10. Осы ереже мәслихат аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11. Мәслихат аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Мәслихат аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен мәслихат аппараты өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
2 – тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары, функциялары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады.
2) депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдардың басқарушы лауазымды тұлғаларынан, қоғамдық бірлестіктерден және ұйымдардан өзінің міндеттері мен қызметтерін іске асыру үшін қажетті ақпараттарды сұрау және алу;
мәслихат депутаттарынан олардың қызметiнiң мәселелерi бойынша ақпарат, мәлiметтер сұрату;
өзінің қызметі процесінде туындайтын ұсыныстарды мәслихаттың қарауына енгізу;
мәслихат сессиясының және оның тұрақты комиссияларының қарауына енгізілетін материалдарды дайындауға қатысу үшін мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің және өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту;
мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, өзге де ұйымдарға депутаттық сауалдарды, ұсыныстарды, азаматтардың өтініштерін қарау үшін жібереді;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жүктелген функциялардың орындалуын қамтамасыз ету.
15. Функциялары:
1) мәслихат сессиясын дайындау және оны жүргізу бойынша ұйымдастыру-техникалық іс-шараларын жүзеге асырады;
2) жалпы отырыстарға, тұрақты комиссиялар отырыстарына қатысады және депутаттарға шешім жобаларын, комиссия қаулылары мен қорытындыларын сапалы дайындау мәселелерінде көмек көрсетеді;
3) мәслихаттың регламентіне сәйкес мәслихат сессияларының хаттамаларын, шешімдерінің жинақтарын ресімдейді;
4) «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мәслихаттың нормативтік құқықтық сипаттағы шешімдерін ресімдейді және әділет органдарына мемлекеттік тіркеуге ұсынады;
5) мәслихат шешімдерін бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға дайындап, олардың жариялануына бақылау жасайды;
6) іс қағаздарын және мәслихатқа келіп түскен хат-хабарды өңдеуді жүргізеді, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді;
7) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
8) мәслихат сессиялары шешімдерінің және тұрақты (уақытша) комиссиялар шешімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
9) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қалалық мәслихат депутаттарының және мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің біліктілігін арттыруға арналған шығыстарды жоспарлайды;
10) қалалық мәслихаттың қызметінде заңдылықтың сақталуын бақылайды;
11) мәслихат актілері мен құжаттаманы ресімдеуді, сақтауды және мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз етеді;
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп пен мерзімде петицияларды қарайды;
13) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы біріңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
14) сот және өзге де құқық қорғау органдарында қалалық мәслихаттың және мәслихат аппаратының мүдделерін білдіреді және қорғайды;
15) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Бірінші басшының мәртебесі, өкілеттіктері
16. Мәслихат аппаратын басқаруды мәслихат аппаратының басшысы жүзеге асырады, ол мәслихат аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
17. Мәслихат аппараты басшысының орынбасарлары болмайды.
18. Мәслихат аппаратының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
19. Мәслихат аппарат басшының өкілеттіктері:
1) мәслихат аппаратының қызметіне басшылық жасайды;
2) өз құзыреті шегінде аппараттың қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) мәслихат аппаратының "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
4) мәслихат аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
5) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
6) мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, оларға үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
7) мәслихат аппараты мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауапкершілігі мәселелерін шешеді;
8) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді;
9) мәслихат сессияларын, мәслихаттың тұрақты және уақытша комиссияларының отырыстарын ұйымдастырады;
10) мәслихат шешімдерінің жобаларын, мәслихат депутаттарын іссапарға жіберу жөніндегі және мәслихат төрағасы немесе мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы болмаған жағдайда міндеттерді жүктеу жөніндегі бұйрықтарды дайындайды;
11) депутаттардың біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
12) аппарат басшысына жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мәслихат аппаратының басшысы жоқ кезеңде оның өкілеттіктерін орындау қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлғаға жүктеледі.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
20. Мәслихат аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мәслихат аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
21. Мәслихат аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, мәслихат аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
23. Мәслихат аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
64 Курчатов қалалық мәслихатының жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
Курчатов қалалық мәслихатының
2026 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 45/284-VIІІ шешіміне
2 - қосымша
Курчатов қалалық мәслихатының жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі