Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О переименовании юридического лица и об утверждении Положения

Қаулы · № 453 · қабылданған 08.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229878/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О переименовании юридического лица и об утверждении Положения Күшіне енбеген 08.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О переименовании юридического лица и об утверждении Положения

Күшіне енбеген Қаулы № 453 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переименовании юридического лица и об утверждении Положения
Атауы (қаз.)
Заңды тұлғаның атауын өзгерту және Ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
453
Қабылданған күні
08.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
22.09.2026
Көрсетілген редакция
08.09.2026 229878_840219.kaz
Соңғы өзгеріс
08.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26UN00453A
ЭКБ идентификаторы
229878
Редакция идентификаторы
229878_840219
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
12.09.2026 03:30
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 22.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Заңды тұлғаның атауын өзгерту

және Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

2. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2026 жылғы 8 қаңтардағы №15 «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы қаулысының күші жойылсын.

4. «Түлкібас ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Түлкібас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің құрылыс саласы бойынша орынбасарына жүктелсін.

6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Түлкібас ауданы әкімдігінің

2026 жылғы «8» қыркүйектегі
№ 453 қаулысымен бекітілген
«Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылыс, сәулет және қала құрылысы салаларында жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкімдік уәкілеттік берген, тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк атқарушы органы болып табылады.

2. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық - құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

6. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жерi: Индекс:161300, Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №201А құрылыс.

10. Осы Ереже «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

12. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсiпкерлiк субъектiлерiмен «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

2. Мемлекеттiк органның мақсаттары мен өкілеттіктері

13. Мақсаттары:

аудан аумағында құрылыс сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
14.Өкілеттіктері:

1. Құқықтары:

1) тиісті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдардан (қолжетімділігі шектелген ақпаратты немесе құжаттарды қоспағанда) жобалау алдындағы зерттеулер, құрылысқа салынатын инвестициялардың негіздемесін дайындау, аумақты игеруді және (немесе) онда құрылыс салуды жоспарлау, құрылыс объектілерін жобалау және салу, сондай-ақ оларды кейіннен пайдалану үшін қажетті ақпаратты (мәліметтерді, деректерді, бастапқы материалдарды немесе құжаттарды) сұратуға және алуға;

2) қала құрылысы регламенттері, сервитуттар немесе өзге де нормативтік талаптар (шарттар, шектеулер) шегінде меншікке сатып алынған не жер пайдалануға берілген жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға;

3) «Өзін-өзі реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында өзін-өзі реттейтін ұйымдар, сондай-ақ өзге де кәсіптік қоғамдық ұйымдар құруға;

4) рұқсат алмай не заңсыз тұрғызылатын (тұрғызылған) құрылыс объектілерін сүру туралы, сол сияқты елді мекеннің (елді мекеннің құрамдас бөліктерінің) сәулеттік келбетін бекітілген талаптарға сәйкес келтіру, тарихи-мәдени мұра объектілерін және (немесе) ландшафтарды сақтау туралы сотқа талап қоюларға бастамашылық ету жүктеледі.

5) өзіне жүктелген міндеттер мен функциялар шегінде бұйрықтар шығаруға;

6) бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша заңнамалардың сақталуы жөнінде мониторинг жүргізуге, Қазақстан Республикасының заңнамаларында қаралған шараларды қолдануға;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте жергілікті атқарушы және өкілді органдарға бөлім кұзыретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге;

8) ауданда құрылысты дамыту жөніндегі бағдарламаларды жүзеге асыру мақсатында қаржы мен материалдық-техникалық кұжаттарды жұмылдыруға;

9) Заңнамаға және аудан әкімдігінің қаулыларына, аудан әкімінің шешімдеріне сәйкес өзге де уәкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Міндеттері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасына, нормативтік құжаттардың мемлекеттік жүйесіне және мемлекетаралық нормативтерге (мемлекетаралық нормативтік құжаттарға) сәйкес қызметті жүзеге асыруға;

2) халықтың тіршілік ету ортасының нашарлауына, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің басқа да субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіруге ықпал ететін әрекеттерге жол бермеуге;

3) өздерінің меншігіндегі (иелігіндегі, пайдалануындағы) пайдаланылатын құрылыс объектілерін мемлекеттік нормативтік құжаттарға және басқа да міндетті талаптарға сәйкес халық үшін олардың қауіпсіздігін, сондай-ақ халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына кедергісіз қол жеткізуді, орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тиісті жай-күйде ұстауға;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына және мемлекеттік нормативтік құжаттарға сәйкес елді мекендерді жобалау, салу және оларда құрылыс салу, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтарды абаттандыру кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін тұрғын, қоғамдық және өндірістік құрылыс объектілерінің және олардың үй-жайларының қолжетімді болуын көздеуге міндетті.
Тұрғын аймақ шегінде, сондай-ақ қызмет көрсету мекемелері мен еңбек объектілерінің жанында орналастырылатын жеңіл автомобильдерді уақытша сақтауға арналған ашық тұрақтарды жобалау және салу кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының жеке автокөлік құралдары үшін орындарды көздеуге;

5) тарихи-мәдени мұра объектілеріне, табиғат пен ландшафттарға залал келтірмеуге;

6) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңдарында көзделген өзге де талаптарды орындауға міндетті.

15. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген аудан аумағында қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемасын (аудандық жоспарлау жобасын), ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын және елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салу схемаларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіру;

2) аумақта жоспарланған құрылыс салу не өзге де қала құрылысы өзгерістері туралы халыққа хабар беру;

3) құрылыс, аумақты инженерлік жағынан дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялау, аудандық маңызы бар құрылыс объектілерін кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы шешім қабылдау;

4) аудандық маңызы бар ғимараттар мен құрылысжайларды сүру туралы актілерді есепке алуды және тіркеуді жүргізу;

5) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына қолжетімділікті қамтамасыз етуді міндетті түрде ескере отырып, құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алу актілерін есепке алуды жүргізу;

6) аумақтарда құрылыс салуды мониторингтеу үшін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде ведомстволық бағынысты елді мекендердің кезекші топографиялық жоспарларын жүргізу және жаңартып отыру;

7) тұрғын үй қорын, коммуникацияларды, аудандық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді сақтауды ұйымдастыру, оларды күтіп-ұстауға (пайдалануға, қолдануға) бақылау жүргізу;

8) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен, аудандық маңызы бар қалаларды дамыту мен оларда құрылыс салудың қала құрылысы жобаларын, халқының саны бес мың адамнан асатын ауылдық елді мекендердің бас жоспарларын, халқының саны бес мың адамға дейінгі ауылдық елді мекендерді дамыту мен оларда құрылыс салу схемаларын (оңайлатылған бас жоспар) әзірлеуді ұйымдастыру және аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну;

9) кешенді қала құрылысы сараптамасынан өткен егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру және бекіту;

10) қала құрылысы жобаларын іске асыру;

11) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалау алдындағы құжаттаманы және құрылыс жобаларын қарау және бекіту;

12) салынып жатқан (салынуы белгіленген) құрылыс объектілері мен кешендерінің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізу;

13) жер учаскелерін бөліп беру және нысаналы мақсаттарын өзгерту бойынша ай сайынғы есептерді облыс әкімдігіне ұсыну;

14) бұрыннан бар ғимараттарды реконструкциялау (қайта жабдықтау, қайта жоспарлау) туралы шешім қабылдау;

15) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесін толықтыру, сондай-ақ оны мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдалану үшін ақпарат және (немесе) мәліметтер енгізу;

16) мемлекеттік органдармен олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

17) елді мекендердің дизайн-кодын әзірлеу және бекіту;

18) елді мекендердің дизайн-кодын әкімшілендіру қағидаларын бекіту;

19) азаматтарды жеке тұрғын үйлерді, басқа да құрылыстарды салу мен пайдалану және жер учаскелерін пайдалану қағидалары туралы хабар беру;

20) мемлекеттік органдармен олардың құзыретіне жататын мәселелер бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

21) Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.

3. Мемлекеттiк органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

16. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесін басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

17. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

18. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттіктері:

1) мемлекеттік мекеменің жұмыс жоспарларын бекітеді;

2) мемлекеттік мекеменің атынан әрекет етеді;

3) сенімхаттар береді;

4) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді және оларға тәртіптік жаза береді;

5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік, бухгалтерлік бірінші қол қою құқығы бар құжаттарға қол қояды;

6) мемлекеттік мекеменің ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

7) мемлекеттік мекемеде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

8) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерде көзделген өкілеттіктерді жүзеге асырады;

10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың орындалуына дербес жауапты болады.

«Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

19. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

20. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

22. «Түлкібас ауданы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

6. Жұмыс режимі

23. Мекеменің жұмыс режимі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.