О признании утратившими силу некоторых актов акимата города Актобе
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу некоторых актов акимата города Актобе
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе қаласы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 581
- Қабылданған күні
- 04.08.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 04.08.2026 I229879_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26CA00581A
- ЭКБ идентификаторы
- 229879
- Редакция идентификаторы
- I229879_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 19:03
0 Ақтөбе қаласы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе қаласы әкімдігінің кейбір актілерінің күші жойылды деп танылсын.
2. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
5 Ақтөбе қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі
Ақтөбе қаласы әкімдігінің
20__ жылғы «___» ___________
№ ____ қаулысына қосымша
Ақтөбе қаласы әкімдігінің күші жойылған кейбір актілерінің тізбесі
1. «Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5836 тіркелген) қаулысы.
2. «Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 «Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе қаласында әкімдігінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 3489 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6319 тіркелген) қаулысы.
3. «Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 3489 «Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы № 6648 «Ақтөбе қаласында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 қазандағы № 3676 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7526 тіркелген) қаулысы.