Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Акмолинской области (города, района)

Өзге акт · № 8С-32-6 · қабылданған 04.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229883/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Акмолинской области (города, района) Күшіне енбеген 04.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Акмолинской области (города, района)

Күшіне енбеген Өзге акт № 8С-32-6 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил присвоения звания «Почетный гражданин Акмолинской области (города, района)
Атауы (қаз.)
Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
8С-32-6
Қабылданған күні
04.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
21.09.2026
Көрсетілген редакция
04.09.2026 I229883_0.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26B008326M
ЭКБ идентификаторы
229883
Редакция идентификаторы
I229883_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
11.09.2026 03:30
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 21.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ақмола облысының (қаланың, ауданның)

құрметті азаматы» атағын беру
қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2)-тармақшасына, «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38935 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидалары

Ақмола облыстық мәслихатының
2026 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 8С-32-6 шешіміне
қосымша
«Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы»
атағын беру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру тәртібін айқындайды.

2. «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын (бұдан әрі – «Құрметті азамат» атағы) беру елеулі еңбек сіңірген азаматтардың көп жылдық жемісті қызметін және бастамашылығын қоғам тарапынан тану әрі ынталандыру болып табылады, сондай-ақ азаматтардың еңбек және қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған.

3. «Құрметті азамат» атағы облыста (қалада, ауданда) кемінде 10 жыл еңбек еткен, келесі талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына беріледі:

1) кәсіби немесе азаматтық міндетін орындау кезінде көрсеткен ерлігі үшін, сондай-ақ заңдылық және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін;

2) мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы нәтижелі еңбегі, сондай-ақ өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін;

3) қоғамдық қызметтегі жетістіктері мен қайырымдылық қызметі үшін;

4) облыстағы (қаладағы, аудандағы) спорт, мәдениет, ғылым, білім, денсаулық сақтау, құрылыс, кәсіпкерлік, бизнес және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға қосқан үлесі үшін;

5) тәуелсіз және егемен Қазақстанның тұтастығын сақтауға, этносаралық қатынастар мен келісімді, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сiңiрген ерен еңбегі үшiн.

2-тарау. «Құрметті азамат» атағын беру тәртібі

4. «Құрметті азамат» атағына ұсынылушының әрқайсысына Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша награда қағазы толтырылады.

«Құрметті азамат» атағын беру туралы қолдаухаттар жергілікті атқарушы органдармен, шығармашылық одақтармен және басқа да ұйымдармен еркін нысанда енгізіледі.
Награда қағазында «Құрметті азамат» атағына ұсынылатын тұлғаның жеке басы, тиісті қызмет саласындағы жұмысының жалпы еңбек өтілі, тұлғаның еңбек, кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы мәліметтер, нақты сіңірген еңбегі, жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер баяндалады.
Награда қағазына ұйым басшысы қол қояды және қол қойған ұйымдардың мөрлерiмен расталады.
«Құрметті азамат» атағына ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыным жеке дайындалады.
Облыс әкімдігінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия) отырысына дейін отыз күннен кем мерзімде келіп түскен награда құжаттары қарауға қабылданбайды.

5. Награда қағазын Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия рәсімдейді.

6. Медальдар мен оларға куәліктерді дайындау, сондай-ақ оларды есепке алу және сақтау облыс (қала, аудан) әкімінің аппаратына жүктеледі.

7. Өз кандидатураларын ұсынған тұлғалардан келіп түскен «Құрметті азамат» атағын беру туралы қолдаухаттар қаралмайды.

Облыс бойынша аудан немесе қаланың «Құрметті азамат» атағына ие тұлғаны қайта ұсынуға жол берілмейді.
«Құрметті азамат» атағын беру қайтыс болғаннан кейін еліміздің мүддесін қорғау кезінде және адам өмірін құтқаруға байланысты жағдайларда көрсеткен батылдығы, ерлігі, қаһармандығы үшін жүзеге асырылуы мүмкін.

8. Қолдаухат Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияда қаралады.

9. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

10. Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның шешімі ұсыныс сипатында болады және оның барлық мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен рәсімделеді.

11. «Құрметті азамат» атағы әр екі жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарынның он тұлғаға дейін берілуі мүмкін.

Облыстың (қаланың, ауданның) мерейтойлық күніне орай «Құрметті азамат» атағын қосымша әр бес жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарының бес тұлғаға дейін берілуі мүмкін.
Облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша қауіпті табиғи құбылыстың, апаттың, дүлей зілзаланың немесе өзге де авариялық жағдайлардың салдарын жоюға немесе алдын алуға көмек көрсеткен Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына «Құрметті азамат» атағы берілуі мүмкін.

12. «Құрметті азамат» атағын беру туралы тиісті мәслихаттың шешімі жергілікті масс-медиада жарияланады.

13. «Құрметті азамат» атағы:

1) «Құрметті азамат» атағына ұсынылған кезде өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар тұлғаларға;

2) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған тұлғаларға берілмейді.

3-тарау. Куәлік пен төсбелгіні тапсыру тәртібі

14. «Құрметті азамат» атағын беру туралы тиісті мәслихат шешімі күшіне енген күннен бастап екі айдан кешіктірілмейтін мерзімде аталған атақ берілген тұлғаға салтанатты түрде «Құрметті азамат» атағына медаль мен куәлік тапсырылады.

«Құрметті азамат» атағына медаль мен куәлікті облыстың (қалалардың, аудандардың) әкімдері немесе мәслихат төрағасы тапсырады.

15. Медаль мен куәлікті тапсырар алдында тиісті мәслихаттың «Құрметті азамат» атағын беру туралы шешімі жария етіледі.

«Құрметті азамат» атағы берілген тұлғаға медаль мен куәлік жеке тапсырылады.
Егер «Құрметті азамат» атағы берілген тұлға денсаулық жағдайына байланысты тапсыруға келе алмаса, медаль мен куәлік оның орналасқан жерінде тапсырылуы мүмкін.
Қайтыс болғаннан кейін «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль қайтыс болған тұлғаның отбасы мүшелеріне тапсырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын ескере отырып қайтыс болған тұлға мұрагерлерінің келісімімен рәсімделген «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медальді музейлерге сақтауға берілуі мүмкін.
Мұрагерлері болмаған жағдайда, «Құрметті азамат» атағын беру туралы құжаттар мен оған қоса медаль музейлерге сақтауға беріледі.

16. «Құрметті азамат» атағына медаль осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша дайындалады.

«Құрметті азамат» атағы берілген әрбір тұлғаға медальді тапсырумен бір мезгілде осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша медальға куәлік беріледі.
«Құрметті азамат» атағына берілетін куәлікке облыс (қала, аудан) мәслихатының төрағасы қол қояды.

17. Медальдер мен оларға берілетін куәліктерді дайындауға жұмсалатын шығыстар тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.

4-тарау. Қорытынды ережелер

18. Соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда «Құрметті азамат» атағынан айыру тиісті мәслихаттың шешімімен жүзеге асырылады.

19. «Құрметті азамат» атағынан айырылған тұлға осы атақты қайта алуға ұсыныла алмайды.

1 «Ақмола облысының

(қаланың, ауданның)
құрметті азаматы» атағын
беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________
(облыс/қала/аудан)
НАГРАДТАУ ПАРАҒЫ

1. Тегі, аты, әкесінің аты ___________________________________________________________

_________________________________________________________________________________

2. Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) _________________________________________________

3. Лауазымы, жұмыс, қызмет орны (кәсіпорын, мекеме, ұйым бөлімшесінің нақты атауын көрсеу) __________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________

4. Жынысы __________________ 5. Туған жылы мен жері __________________________

6. Ұлты __________________________________________________________________________

7. Білімі _________________________________________________________________________

8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы __________________________________________________

9. Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік наградаларымен наградталған және наградталған уақыты: ______________________________________________________________

_________________________________________________________________________________

10. Үйінің мекенжайы: _____________________________________________________________

11. Жалпы жұмыс өтілі _________ Саладағы жұмыс өтілі________________________________

12. Осы еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі ______________________________________________

13. Наградталушының нақты сіңірген еңбектері көрсетілген мінездеме: ____________________

_________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Кандидатура______________________________________________________________________
(кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның атауы немесе бастамашыл топтың Т.А.Ә.,
талқылау күні, хаттаманың №)
___________________________________________________________ талқыланып, ұсынылған.
___________________________________________________ __________________
(Т.А.Ә.)
(қолы)
"____" ____________ 20__ жыл
(толтырылған күні) (бар болса)
Мөр орны
Ескертпе: наградталушының тегі, аты және әкесінің аты жеке куәлігі бойынша толтырылады және қазақ және орыс тілдеріндегі транскрипциясы міндетті түрде көрсетіледі.

2 «Ақмола облысының

(қаланың, ауданның)
құрметті азаматы» атағын
беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Медальдің эскизі мен сипаттамасы
Медальдің аверсі
Медальдің реверсі
Медаль аверсінің ортасында өңірлік нышанның бейнесі.
Жоғары шеткі бөлігін бойлай облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы деген жазу жазылады
Реверсінде медальдің реттік нөмірі орналасқан
Медальге мынадай талаптар қойылады:

1) медальдің визуалды құрамдас бөлігі, көлемді бейнесі және (немесе) моделі анық бедері бар;

2) медаль жобасында ресми атаулар, жазулар және басқа да мәтіндер қазақ тілінде жазылады;

Медальдің дизайнын дайындау кезінде:

1) медаль жезден диаметрі 34 миллиметр (бұдан әрі – мм) шеңбер пішінінде жасалады. Медальдің аверсі жылтырақ;

2) реверсінде медальдің реттік нөмірі орналасады;

3) медаль құлақша мен шығыршық арқылы көгілдір түсті муар лентасымен қапталған, ені 30 мм және биіктігі 50 мм алты бұрышты тағанға жалғанады. Медаль киімге визорлы бекіткіші бар түйреуіш арқылы бекітіледі.

3 «Ақмола облысының

(қаланың, ауданның)
құрметті азаматы» атағын
беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Куәлік эскизі
Куәліктің алғы сол жағы
Куәліктің алғы оң жағы
(Медальдің суреті)
Облыстың (қаланың, ауданның)
атауы
№ куәлік
ТАӘ (ол болған жағдайда)
Мәслихаттың шешімі жазылады
Облыстың (қаланың, ауданның)
мәслихат төрағасының қолы мен мөрі
Куәліктің артқы сол жағы
Куәліктің артқы оң жағы
Облыстың (қаланың, ауданның)
өңірлік нышанының бейнесі