Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил и сроков перечисления из республиканского бюджета суммы превышения налога на добавленную стоимость, подтвержденной на возврат резиденту Алатау администрацией города Алатау

Бұйрық · № 26 · қабылданған 31.08.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229901/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил и сроков перечисления из республиканского бюджета суммы превышения налога на добавленную стоимость, подтвержденной на возврат резиденту Алатау администрацией города Алатау Күшіне енбеген 31.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил и сроков перечисления из республиканского бюджета суммы превышения налога на добавленную стоимость, подтвержденной на возврат резиденту Алатау администрацией города Алатау

Күшіне енбеген Бұйрық № 26 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил и сроков перечисления из республиканского бюджета суммы превышения налога на добавленную стоимость, подтвержденной на возврат резиденту Алатау администрацией города Алатау
Атауы (қаз.)
Алатау қаласының әкімшілігі Алатау резидентіне қайтаруды растаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын республикалық бюджеттен аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
26
Қабылданған күні
31.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2027
Көрсетілген редакция
31.08.2026 I229901_0.kaz
Соңғы өзгеріс
31.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26DUA00026
ЭКБ идентификаторы
229901
Редакция идентификаторы
I229901_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 19:04
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Алатау қаласының әкімшілігі Алатау резидентіне қайтаруды растаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын республикалық бюджеттен аудару қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы

📌 Ескерту. 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бірлескен бұйрықтың 4-тармағымен.
«Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 31-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:.

1. Алатау қаласының әкімшілігі Алатау резидентіне қайтаруды растаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қоса беріліп отырған республикалық бюджеттен аудару қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.

2. Алатау қаласының әкімшілігі осы бірлескен бұйрықты Алатау қаласы әкімшілігінің интернет-ресурсында орналастырсын.

3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі осы бірлескен бұйрықтың ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы бірлескен бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Алатау қаласының әкімшілігі Алатау резидентіне қайтаруды растаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын республикалық бюджеттен аудару қағидалары мен мерзімдері

«Alatau City Authority»
арнаулы басқару ұйымының
бас атқарушы директорының
2026 жылғы 31 тамыздағы № 26 және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрдің міндетін атқарушы
2026 жылғы 31 тамыздағы № 591
бірлескен бұйрығына
қосымша
Алатау қаласының әкімшілігі Алатау резидентіне қайтаруды растаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын республикалық бюджеттен аудару қағидалары мен мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Алатау қаласының әкімшілігі Алатау резидентіне қайтаруды растаған қосылған құн салығының (бұдан әрі – ҚҚС) асып кеткен сомасын республикалық бюджеттен аудару қағидалары мен мерзімдері «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) 31-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Алатау қаласының әкімшілігі Алатау резидентіне мемлекеттік кірістер органымен (бұдан әрі – МКО) қайтаруды растаған қосылған құн салығының асып кеткен сомасын республикалық бюджеттен (бұдан әрі – РБ) аудару тәртібін және мерзімдерін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде (бұдан әрі – Салық кодексі) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 бұйрығымен бекітілген Салық төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37255 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жеке шоттарды жүргізу қағидалары) айқындалған мәндерде қолданылады.

3. Алатау резидентіне ҚҚС асып кеткен сомасын РБ-дан аударуға құжаттарды қалыптастыруды МКО Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген тәртіппен МКО цифрлық жүйесін (бұдан әрі –ЦЖ) пайдалана отырып жүзеге асырады.

2-тарау. Республикалық бюджеттен аудару тәртібі мен мерзімдері

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 қазандағы № 637 бұйрығымен бекітілген Салық төлеушінің жеке шотын жүргізу қағидаларында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 37255 болып тіркелген) (бұдан әрі – Жеке шоттарды жүргізу қағидалары) айқындалған нысан бойынша салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, кедендік төлемдерді, өсімпұлдарды және айыппұлдарды есепке жатқызу және (немесе) оларды қайтару туралы салықтық өтініш (бұдан әрі – салықтық өтініш) және МКО ЦЖ-де қалыптастырылған есеп айырысу сальдосы бойынша есептің негізінде Алатау резидентінің тұрған жері бойынша МКО Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (бұдан әрі – Бюджет кодексі) сәйкес төлем тапсырмасын жасайды.
ҚҚС-ның асып кету сомасын РБ-дан Алатау резидентінің банктік шотына аударуды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган МКО қалыптастырған төлем құжаты (тізілім) негізінде Алатау резиденті салықтық өтінішті берген күннен кейінгі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

5. Алатау резидентінің есептелген, қайтаруға расталған және іс жүзінде қайтарылған ҚҚС-ның асып кеткен сомаларын есепке алу оның жеке шотында Жеке шоттарды жүргізу қағидаларында көзделген тәртіппен өспелі қорытындымен жүргізіледі.

6. Осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген құжаттарды алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде МКО-ның тиісті құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы МКО ЦЖ-да берешектің бар-жоғы туралы құжатты не есеп айырысу сальдосы бойынша есепті қалыптастырады.

Егер Алатау резиденті құрылымдық бөлімшелері бар заңды тұлға болып табылған жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін берешегiнiң бар-жоғы туралы мәлімет (бұдан әрі - берешегiнiң бар-жоғы туралы мәлімет) не есеп айырысу сальдосы бойынша есеп құрылымдық бөлімшелердің салықтық берешегі ескеріле отырып қалыптастырылады.

7. Берешектің бар-жоғы туралы мәлімет не есеп айырысу сальдосы бойынша есеп Алатау резидентін тұрған жері бойынша МКО ашқан жеке шоттардың деректері негізінде:

1) оның тұрған жері бойынша;

2) Алатау резиденті құрылымдық бөлімшелерінің тұрған жері бойынша қалыптастырылады.

8. Расталған ҚҚС асып кеткен сомасын (салықтық берешек өтелгеннен кейінгі ҚҚС асып кеткен сомасының қалдығын) Алатау резидентінің таңдауы бойынша Алатау резидентінің салықтық өтініші негізінде МКО мынадай жолдармен:

1) оның банктік шотына есепке жатқызу;

2) салықтардың басқа түрлеріне есепке жатқызу арқылы жүзеге асырады.

9. ­Салықтық берешек болған кезде МКО бірінші кезектегі тәртіппен ҚҚС асып кеткен сомасын Алатау резидентінің, оның ішінде оның құрылымдық бөлімшелерінің қолда бар салықтық берешегін өтеу есебіне жатқызуды жүргізеді.

10. Қайтаруға жататын ҚҚС-ның асып кеткен сомасы МКО осындай ҚҚС-ның асып кеткен сомасын қайтаруға арналған төлем құжатын жасаған күнгі жеке шоттағы ҚҚС бойынша асып кеткен сомасынан аспауы тиіс.

11. ҚҚС-ның асып кеткен қайтаруға арналған өкімді (бұдан әрі – өкім) Жеке шоттарды жүргізу қағидаларына 24-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салықтық өтініш негізінде МКО-ның тиісті құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы берешектің бар-жоғы туралы мәлімет не есеп айырысу сальдосы бойынша есеп қалыптастырылған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей екі данада жасайды.
Алатаудың әрбір резидентіне жеке өкім жасалады.

12. Өкімге МКО-ның тиісті құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамы қол қояды және ол қол қойылған кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей ҚҚС-ның асып кетуін іс жүзінде есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүзеге асыру үшін есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды адамға беріледі.

13. Өкім негізінде, оны алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды адам салықтық берешек болған жағдайда, төлем тапсырмасын жасау күніндегі жағдай бойынша заңды тұлғаның және (немесе) құрылымдық бөлімшелердің қалыптасқан салықтық берешегін өтеу есебіне есепке жатқызу үшін төлем тапсырмасын жасайды. Есепке жатқызу жүргізілгеннен кейін ҚҚС-ның асып кеткен сомасының қалған бөлігін Алатау резидентінің банктік шотына қайтару үшін төлем тапсырмасы жасалады.

14. Төлем тапсырмасын есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды адамға бекітуге ұсынған күні МКО басшысы не оны алмастыратын адам бекітеді.

15. Қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды адам ресімдеген төлем тапсырмасын төлем тағайындауда ҚҚС асып кеткен сомасын есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізуге арналған өкімнің деректемелерін көрсете отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық органдарына жібереді.

16. ҚҚС-ның асып кетуін есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізілген кезден бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды адам орындалғаны туралы белгі қойылған өкімнің екінші данасын МКО-ның тиісті құрылымдық бөлімшесінің лауазымды адамына қайтарады. Өкімнің бірінші данасы есепке алуды жүргізуге жауапты лауазымды адамда қалады.

17. Есепке жатқызуды жүргізу, оның банктік шотына есепке жазу және (немесе) ҚҚС-ның асып кеткен сомасын қайтару мерзімі бұзылған жағдайда, есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды жүргізу мерзімі аяқталған күннен кейінгі күннен бастап есепке жатқызу және (немесе) қайтару жүргізілген күнді қоса алғанда, әрбір күн үшін Алатау резидентінің пайдасына есептелген өсімпұл сомасы ҚҚС-ның асып кеткен сомасы қайтарылған күні Алатау резидентінің банктік шотына аударылуға тиіс.

18. Бұрын бюджеттен қайтарылған, бірақ кейіннен салықтық бақылау нәтижелері бойынша қайтаруға расталмаған ҚҚС-ның асып кеткен сомасын Алатау резиденті бюджеттен қайтарылған күннен бастап бюджетке есепке жазылған күнге дейінгі әрбір күн үшін өсімпұл есептеле отырып, бюджетке төлеуге тиіс.

ҚҚС-ның асып кеткен сомасын уақтылы қайтармауға байланысты төленген, бірақ кейіннен салықтық бақылау нәтижелері бойынша қайтаруға расталмаған өсімпұл сомасын да ҚҚС төлеуші бюджеттен қайтарылған күннен бастап бюджетке есепке жазылған күнге дейінгі әрбір күн үшін өсімпұл есептеле отырып, бюджетке төлеуі тиіс.

3-тарау. Мемлекеттік кірістер органдары мен әкімшіліктің ақпараттық өзара іс-қимылы

19. Алатау қаласының әкімшілігі МКО-дан Алатау резиденттерінің асып кеткен сомасын қайтару туралы талаптарын қарау мәртебесі туралы мәліметтерді сұратуға құқылы.

20. МКО тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) күнінен кешіктірмей Алатау қаласының әкімшілігіне Алатау резиденттеріне іс жүзінде аударылған ҚҚС асып кеткен сомасы туралы ақпаратты ұсынады.