Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4
- Қабылданған күні
- 09.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 22.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2026 229907_841200.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26NGB0004B
- ЭКБ идентификаторы
- 229907
- Редакция идентификаторы
- 229907_841200
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:33
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес Диев ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. «Агрофирма Диевская» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жалпы алаңы 0,0318 га, мекенжайы: Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Диев ауылдық округі, Диев ауылы, бөлінбейтін жер учаскесіне «Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Диевка ауылында «Агрофирма Диевская» ЖШС астық кептіргішті газбен жабдықтау үшін газ құбырын салу» жобасын іске асыру мақсатында жария сервитут белгіленсін.
2. «Диев ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін;