Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима села Тайтобе города Косшы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима села Тайтобе города Косшы»
- Атауы (қаз.)
- «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 08-325
- Қабылданған күні
- 26.08.2026
- Көрсетілген редакция
- 26.08.2026 I229928_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.08.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26BT08325A
- ЭКБ идентификаторы
- 229928
- Редакция идентификаторы
- I229928_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 19:04
0 «Қосшы қаласы Тайтөбе
ауылы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Қосшы қаласы әкімдігінің «Мемлекеттік мекемені қайта атау туралы» 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-266 және «Мемлекеттік мекемені қайта атау туралы» Қосшы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-266 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2026 жылғы 17 шілдедегі № 07-291 қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімі аппаратының басшысы Н.Н. Мухаметкалиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
0 «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
Қосшы қаласы әкімдігінің
2026 жылғы _______________
№ __________ қаулысымен
бекітілген
«Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. «Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкім аппараты) Тайтөбе ауылы әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
2. Әкім аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Әкім аппараты туралы положениеге (Ережеге) сәйкес жүзеге асырады.
3. Әкім аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен штамптары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Әкім аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Әкім аппаратының заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Әкім аппараты туралы положение, оның құрылымы Қосшы қаласының әкімдігімен бекітіледі.
7. Толық атауы – «Қосшы қаласы Тайтобе ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемексі.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010078, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы, Рақымжан Қошқарбаев атындағы көшесі, 24-ғимарат, мекенжайдың тіркеу коды: 0202300022102791.
8. Әкім аппаратын Қосшы қаласының әкімдігі құрады, қайта ұйымдастырады және таратады.
9. Әкім аппараты жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекеме болып табылады.
10. Әкім аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2-тарау. Әкім аппаратының негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
11. Міндеттері:
Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.
12. Функциялары:
1) Әкім аппараты өз құзыреті шегінде:
- жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
- жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын, жергілікті қоғамдастық жиыны мен жиналысын шақыру уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы олар өткізілетін күнге дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы или өзге де тәсілдермен хабарлайды;
- ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауыл әкімі мен Қосшы қаласының әкімі мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;
- ауыл бюджетін жоспарлауды және орындауды қамтамасыз етеді;
- жергілікті қоғамдастық жиналысына және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына ауыл бюджетінің орындалуы туралы есепті ұсынады;
- ауыл бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;
- жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;
- ауылдың коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мақсатты әрі тиімді пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;
- мүлкі ауылдың коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті өзге тұлғаға бергенге дейін оны кейіннен баланстан шығара отырып, ұстау және сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкі мәселелері бойынша мемлекеттің мүддесін білдіреді, ауыл меншігі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;
- сенімгерлік басқарушының жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- мүлкі ауылдың коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің есебін ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
2) Ауыл әкімінің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша:
- өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;
- егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асырады;
-жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіру туралы шешім қабылдайды және оны жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сату-сатып алу шарттарын дайындауды және жасасуды және сату-сатып алу шарттарының талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- мүлкі ауылдың коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттарын, сондай-ақ мұндай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) белгілейді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметі нәтижесінде алған мүлкін алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатына сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен физикалық тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға мүліктік жалдауға (жалға беруге), сенімгерлік басқаруға береді;
- Қосшы қаласының әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;
- коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіліп берілген мүлікті иеліктен шығаруға или оған өзгеше тәсілмен өкім етуге (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда), филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және баланстан шығаруға келісім береді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған өзгерістер мен толықтырулар енгізуді бекітеді;
- мүлкі ауылдың коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) тұрған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (қызметтерінің) міндетті көлемдерін белгілейді;
- «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 11) тармақшасында көзделген жағдайларда, мүлкі ауылдың коммуналдық меншігінде (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінде) тұрған мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарайды, келіседі және бекітеді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға, кепілсіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;
- жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
13. Әкім аппаратының өзінің құзыреті шегінде мынадай құқықтары бар:
- мемлекеттік органдардың және басқа да ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұратуға және алуға;
- мүліктік және мүліктік емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;
- мемлекеттік басқару органдарының, архивтердің, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базасын пайдалануға;
- шарттар, келісімдер жасасуға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға.
14. Әкім аппаратының өзінің құзыреті шегіндегі міндеттері:
-қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету;
-Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, қала әкімінің және облыс әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау;
- қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау. Ауыл әкімі аппаратының қызметін ұйымдастыру
15. Әкім аппаратын әкім басқарады.
16. Әкімнің өкілеттіктері:
- әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
- ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
- бюджет қаражатының үнемделуі және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдер есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;
- Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемелердің өзінің иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын жасамайды және бекітеді;
- ауылдың тұрғын үй қорына түгендеу жүргізеді;
- қала әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдағы апатты тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастырады;
- мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары шеңберінде ауыл халқын шағын несиелеуге жәрдемдеседі;
- Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілерімен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
17. Әкімнің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкім орынбасары болуы мүмкін.
18. Әкім орынбасарының міндеттері мен өкілеттіктерін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес әкім белгілейді.
19. Әкім әкім аппаратының қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді.
4-тарау. Ауыл әкімі аппаратының мүлкі
20. Әкім аппаратының заңнамада көзделген жағдайларда орашаланған мүлкі жедел басқару құқығында болуы мүмкін.
Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (акшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен қалыптасады.