Об утверждении перечня, формы, сроков и Правил представления отчетности эмитентами цифровых финансовых активов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня, формы, сроков и Правил представления отчетности эмитентами цифровых финансовых активов
- Атауы (қаз.)
- Цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің есептілік тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 128
- Қабылданған күні
- 07.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 07.09.2026 I229946_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039863
- ЭКБ идентификаторы
- 229946
- Редакция идентификаторы
- I229946_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:33
0 Цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің есептілік тізбесін,
нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берілген мына:
1) базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), ақшаны қоспағанда, тауарлар және (немесе) өзге де мүлік және (немесе) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары болып табылатын цифрлық қаржы активтері эмитенттері есептілігінің тізбесі (бұдан әрі – цифрлық қаржы активтері туралы есеп);
2) цифрлық қаржы активтері туралы есептің нысаны;
3) Цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің есептілікті ұсыну қағидалары бекітілсін.
2. Цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне электрондық форматта:
тоқсан сайын – есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде цифрлық қаржы активтері туралы есепті ұсынады.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Бағалы қағаздар нарығы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментімен бірлесіп осы бірлескен қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бірлескен қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарларына жүктелсін.
5. Осы бірлескен қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
1 Цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің есептілік тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2026 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 112 мен
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын
реттеу және дамыту
Агенттігінің Басқармасының
2026 жылғы 7 қыркүйектегі
№ 128
бірлескен қаулысымен
бекітілген
Цифрлық қаржы активтері
эмитенттерінің есептілік тізбесі
Цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің есептілігі базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), ақшаны қоспағанда, тауарлар және (немесе) өзге де мүлік және (немесе) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары болып табылатын цифрлық қаржы активтері туралы есепті қамтиды.
1.1 Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының 2026
жылғы _______ № __
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2026 жылғы ________ № __
бірлескен қаулысымен
бекітілген
Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Әкімшілік нысанның атауы: базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), ақшаны қоспағанда, тауарлар және (немесе) өзге де мүлік және (немесе) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары болып табылатын цифрлық қаржы активтері туралы есеп (бұдан әрі – Цифрлық қаржы активтері туралы есеп)
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: EXC-8
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Есепті кезең: 20__ жылғы «______» _____________ жағдай бойынша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) жұмыс күнінен кешіктірмей
БСН: _______________________
Жинау әдісі: электрондық түрде
Кесте. Цифрлық қаржы активтері туралы есеп
№
Цифрлық қаржы активінің атауы
Цифрлық қаржы активі эмитентінің атауы
Цифрлық қаржы активі эмитентінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН)
Цифрлық қаржы активінің түрі
Цифрлық қаржы активі
Цифрлық қаржы активі шығарылымының көлемі
Цифрлық қаржы активі валютасының түрі
Цифрлық қаржы активінің құны
Цифрлық қаржы активінің базалық активі
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Атауы _____________________________________________________________________
Мекенжайы ____________________________________________________________________________
Телефоны__________________________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы___________________________________________________________
Орындаушы________________________________________________ ______ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Есепке қол қою функциясы жүктелген басшы немесе тұлға
_____________________________________________________ ________________
тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Күні 20__ жылғы «______» ______________
Ескертпе: нысан «Цифрлық қаржы активтері туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеге сәйкес толтырылады
1.1.1 Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
«Цифрлық қаржы
активтері туралы есеп» әкімшілік
деректерді өтеусіз негізде жинауға
арналған нысанға
қосымша
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
«Цифрлық қаржы активтер туралы есеп»
(индексі – EXC-8, кезеңділігі – тоқсан сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы түсіндірме «Цифрлық қаржы активтері туралы есеп» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
1. Нысанды «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2) және 3) тармақшаларында көзделген цифрлық қаржы активтерінің эмитенті есепті тоқсанның соңындағы жағдай бойынша тоқсан сайын жасайды.
2. Нысанда базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), ақшаны қоспағанда, тауарлар және (немесе) өзге де мүлік және (немесе) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары болып табылатын цифрлық қаржы активтері туралы мәліметтер көрсетіледі.
3. Нысанға эмитенттің басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген тұлға қол қояды.
2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
4. 2-бағанда эмитент шығарған цифрлық қаржы активінің атауы көрсетіледі.
5. 3-бағанда цифрлық қаржы активі эмитентінің толық атауы көрсетіледі.
6. 4-бағанда цифрлық қаржы активі эмитентінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
7. 5 бағанда цифрлық қаржы активінің түрі көрсетіледі.
8. 6-бағанда цифрлық қаржы активтерін шығару көлемі көрсетіледі.
9. 7-бағанда Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуішіне сәйкес валюталардың әріптік кодтарына сәйкес цифрлық қаржы активі валютасының түрі «Валюталар мен қорларды ұсынуға арналған кодтар» ҚР ҰЖ 07 ISO 4217 көрсетіледі.
10. 8-бағанда цифрлық қаржы активінің құны көрсетіледі.
11. 9-бағанда мынадай кодтарға сәйкес цифрлық қаржы активінің базалық активі (ол болған жағдайда) көрсетіледі:
«1» – теңгемен номинирленген бағалы қағаздар;
«2» – шетел валютасында номинирленбеген бағалы қағаздар;
«3» – туынды бағалы қағаздар;
«4» – туынды қаржы құралдары;
«5» – басқа цифрлық қаржы активі;
«6» – қаржы активі;
«7» – мүліктік құқықтар (талаптар);
«8» – тауарлар;
«9» – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, осы тармақтың 1-8 тармақшаларында көрсетілмеген мүлік объектілері.
1.2 Цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің есептілікті ұсыну қағидалары
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігі
Басқармасының 2026
жылғы _______ № __
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2026 жылғы ________ № __
бірлескен қаулысымен
бекітілген
Цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің есептілікті
ұсыну қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің есептілікті ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Цифрлық активтер туралы заң) 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және базалық активі қаржы құралдары (оның ішінде туынды бағалы қағаздарды, туынды қаржы құралдарын, басқа да цифрлық қаржы активін қоса алғанда, бағалы қағаздар), қаржы активі, мүліктік құқықтар (талаптар), ақшаны қоспағанда, тауарлар және (немесе) өзге де мүлік және (немесе) цифрлық қаржы активтері платформасы операторының цифрлық платформасында электрондық-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары болып табылатын цифрлық қаржы активтері эмитенттерінің есептілікті (бұдан әрі – Есептілік) ұсыну тәртібін айқындайды.
2-тарау. Есептілікті ұсыну тәртібі
2. Есептілікті цифрлық қаржы активтерінің эмитенттері электрондық цифрлық қолтаңбамен растау рәсімдерін сақтай отырып, цифрлық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық түрде ұсынады.
3. Есептілікті цифрлық жүйелерге жүктеу кезінде нысанішілік бақылау жүзеге асырылады. Нысанішілік бақылауды жүзеге асыру кезінде қателер анықталған жағдайда, Есептілік қабылданбайды.
4. Нысанішілік бақылаудан өткен, көрсетілген есепті кезең үшін ақпарат цифрлық жүйеге соңғы жүктелген нақты күн тиісті есепті кезең үшін Есептілікті ұсынуды аяқтау күні болып табылады.
5. Есептілікті цифрлық қаржы активі эмитенті басшысының немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру Есептілікті ұсыну аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
6. Есептіліктегі деректердің толықтығы мен дұрыстығын цифрлық қаржы активтері эмитентінің басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қамтамасыз етеді.
7. Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.
8. Цифрлық қаржы активі эмитентінің басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырған Есептілік электрондық форматта сақталады.
9. Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы цифрлық қаржы активтері бірлескен «Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 56 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 29 қыркүйектегі № 544 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36983 болып тіркелген) белгіленген тәртіпке сәйкес айқындалған валюталарды айырбастаудың есепті күнгі нарықтық бағамы бойынша қайта есептеліп көрсетіледі.
10. Қағидаларда көзделген есептер нысандарының кез келген кестелері бойынша деректер болмаған кезде, ол бойынша мәліметтер ұсынылмайды, бұл туралы цифрлық қаржы активтерінің эмитенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде және (немесе) электрондық түрде хабарлайды.