Об утверждении Правил формирования аналитического отчета о налоговых расходах
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил формирования аналитического отчета о налоговых расходах
- Атауы (қаз.)
- Салықтық шығыстар туралы талдамалық есепті қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 810
- Қабылданған күні
- 11.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2027
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2026 I229967_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2600000810
- ЭКБ идентификаторы
- 229967
- Редакция идентификаторы
- I229967_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:30
0 Салықтық шығыстар туралы талдамалық есепті
қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
📌 Ескерту. 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі
– осы қаулының 2-тармағымен.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 54-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Салықтық шығыстар туралы талдамалық есепті қалыптастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
1 Салықтық шығыстар туралы талдамалық есепті қалыптастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2026 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Салықтық шығыстар туралы талдамалық есепті қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Салықтық шығыстар туралы талдамалық есепті қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 54-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және салықтық шығыстар туралы талдамалық есепті (бұдан әрі – талдамалық есеп) қалыптастыру тәртібін айқындайды.
2. Талдамалық есепте салықтық жеңілдіктердің тиімділігін және оларды одан әрі қолданудың орындылығын бағалау нәтижелері қамтылады, сондай-ақ оған салық саясатын, салықтық әкімшілендіруді және салықты жинаудың тиімділігін талдау үшін пайдаланылатын салықтық алшақтық көрсеткіші енгізіледі.
3. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есептермен, уәкілетті мемлекеттік органдардың жетекшілік ететін салалар бойынша мәліметтерімен, мемлекеттік органдардың ресми мемлекеттік статистикалық, ведомстволық және өзге де деректерімен, цифрлық базалармен қоса салықтық және бюджеттік есептіліктің деректері, сондай-ақ уәкілетті органдар мен ұйымдардың сайттарында орналастырылған ақпарат талдамалық есепті әзірлеуге негіз болады.
4. Талдамалық есеп бекітілмейді және Бюджет кодексінің 40-бабының 3-тармағына сәйкес бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) базалық (референттік) салық режимі – «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында белгіленген салық салу ерекшеліктерімен қоса Қазақстан Республикасының салық заңнамасының және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың, салықтық жеңілдіктер мен өзге де ауытқуларды есепке алмағанда, жалпы салық салу тәртібін айқындайтын нормаларының жиынтығы;
2) салықтық жеңілдіктердің жиынтық көлемінің жеткіліктілік шегі – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген салықтық жеңілдіктердің жиынтық көлемінің шекті деңгейі, оған жеткен жағдайда жаңа салықтық жеңілдіктер берілмейді, жеткіліктілік шегі ағымдағы жылдың алдындағы күнтізбелік жылдағы Қазақстан Республикасының жалпы ішкі өнімінің 10 (он) пайызы мөлшерінде айқындалады;
3) салықтық алшақтық – салықтық әлеует пен нақты түскен салықтар арасындағы айырма;
4) салықтық әлеует – салықтық шығыстар мен қадағаланбайтын экономиканы қоса алғанда, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің ықтимал сомасы;
5) салықтық шығыстар – бұл Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушілерге берілетін салықтық жеңілдіктер;
6) салықтық жеңілдік – салық төлеушілерге Қазақстан Республикасы салық заңнамасының нормаларына сәйкес мөлшерлемені төмендету, салық салынатын базадан бір немесе бірнеше салықты төлеуден толық босату, шегерімдер, түзетулер түрінде берілген артықшылық;
7) уәкілетті орган – салық саясаты саласындағы орталық уәкілетті орган.
2-тарау. Салықтық шығыстар туралы талдамалық есепті қалыптастыру тәртібі
6. Талдамалық есеп кезекті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеу кезінде жыл сайын қалыптастырылады:
1) уәкілетті мемлекеттік органдар ағымдағы қаржы жылының 1 маусымынан кешіктірмей уәкілетті органға:
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген салықтық жеңілдіктерді қолданудың әлеуметтік-экономикалық мақсаттарының өлшемшарттарына қол жеткізу дәрежесі туралы ақпаратты;
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетекшілік ететін сала бойынша уәкілетті мемлекеттік орган қалыптастыратын салықтық жеңілдіктердің нормативтік, нысаналы және фискалдық сипаттамалары көрсетілген Қазақстан Республикасы салықтық жеңілдіктерінің паспортын қоса алғанда, жетекшілік ететін салалар бойынша салықтық жеңілдіктерді мониторингтеу және бақылау жөніндегі мәліметтерді ұсынады;
2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылының 1 маусымынан кешіктірмей уәкілетті органға салық төлеушілер қолданған салықтық жеңілдіктердің көлемі, олардың бюджетке түсетін түсімдерге әсері туралы мәліметтерді, сондай-ақ салықтық жеңілдіктердің фискалдық тиімділігі көрсеткіштерін есептеу үшін қажетті өзге де деректерді ұсынады.
7. Уәкілетті орган ақпарат беру мерзімін сұрау салуды алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімге белгілеп, талдамалық есепті қалыптастыру үшін тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан қосымша ақпарат сұратады.
8. Уәкілетті орган жетекшілік ететін салалар бойынша уәкілетті мемлекеттік органдар, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған ақпараттың, сондай-ақ салықтық және бюджеттік есептіліктің, мемлекеттік органдардың ресми статистикалық, ведомстволық және өзге де деректері негізінде талдамалық есепті қалыптастырады және ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
9. Талдамалық есепті қалыптастыру дәйектілікпен жүзеге асырылады және мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) базалық (референттік) салық режимінен ауытқуды айқындау арқылы салықтық жеңілдіктерді сәйкестендіру;
2) салықтық жеңілдіктерді берілу мақсаттары бойынша жіктеу;
3) мыналарды:
салықтық жеңілдіктердің фискалдық тиімділігін бағалауды;
салықтық жеңілдіктердің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалауды;
салықтық жеңілдіктерді одан әрі қолданудың орындылығын бағалауды;
салықтық жеңілдіктерді тиімділіктің және одан әрі қолданудың орындылығының жиынтық интегралдық көрсеткіштері бойынша саралауды қамтитын салықтық жеңілдіктердің тиімділігін және оларды одан әрі қолданудың орындылығын бағалау;
4) салықтық шығыстардың көлемін есептеу;
5) салықтық әлеуетті есептеу;
6) салықтық алшақтықты есептеу;
7) алынған нәтижелерді талдау.
3-тарау. Талдамалық есептің құрылымы
10. Талдамалық есеп мынадай бөлімдер мен кіші бөлімдерден тұрады:
1) салықтық жеңілдіктерді сәйкестендіру:
салықтық жеңілдіктер көзделген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді айқындауды;
салықтық жеңілдіктерді енгізетін және реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және халықаралық шарттарды, сондай-ақ олардың құрылымдық бірліктерін белгілеуді;
салықтық жеңілдіктерді қолдануға құқығы бар салық төлеушілердің санаттарын және оларды беру шарттарын айқындауды;
күшіне ену күнін және күшін жою күнін қоса алғанда, салықтық жеңілдіктердің қолданылу мерзімдерін белгілеуді;
салықтық жеңілдіктің нысанын базалық (референттік) салық режимінен ауытқу ретінде айқындауды;
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасы салықтық жеңілдіктерінің тізбесін қалыптастыруды қамтиды;
2) салықтық жеңілдіктерді берілу мақсаттары бойынша жіктеу:
салықтық жеңілдіктерді салықтардың түрлері, олардың берілу нысандары және мемлекеттік қолдау бағыттары бойынша жіктеуді;
уәкілетті мемлекеттік органдар жетекшілік ететін салалар бойынша ұсынатын салықтық жеңілдіктердің паспорттары негізінде салықтық жеңілдіктерді беру мақсаттарын айқындауды;
салықтық жеңілдіктерді әлеуметтік-экономикалық саясат бағыттары бойынша топтастыруды қамтиды;
3) салықтық жеңілдіктердің фискалдық тиімділігін бағалау:
салықтық жеңілдіктердің бюджеттің кіріс бөлігіне әсер ету дәрежесін айқындауға, сондай-ақ бюджеттің толық түспеген кірістері мен салық базасының өсуі, қосымша түсімдер және өзге де қайтарымды ағындар түріндегі қол жеткізілген экономикалық тиімділік арасындағы арақатынасты анықтауға бағытталған фискалдық тиімділігіне бағалау жүргізуді;
салықтық жеңілдіктерге салықтардың түрлері, салық төлеушілердің санаттары, экономика секторлары және бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша көлемі мен құрылымының, шоғырлануының өзгеру заңдылықтарын анықтауға бағытталған динамикалық және құрылымдық талдау жүргізуді;
базалық (референттік) салық режимі кезіндегі салықтық түсімдер мен берілген салықтық жеңілдіктерді ескергенде нақты түсімдер арасындағы айырма ретінде толық түспеген кірістер әдісімен бюджеттің толық түспеген кірістері көрсеткішін есептеуді;
салық базасының өсімін, қосымша салықтық түсімдерді, инвестициялық белсенділіктің өсімін және салықтық әлеуеттің ұлғаюын қамтамасыз ететін өзге де әсерлерді қамтитын салықтық жеңілдіктердің есептік балама әсерін айқындауды;
есептік балама әсерді нақтылау және верификациялау үшін қажет болған кезде микросимуляциялық және имитациялық модельдерді қоса алғанда, аралас модельдеу әдістерін қолдануды;
белгіленген шектеулерді ескере отырып, бюджеттің толық түспеген кірістері мен есептік экономикалық әсердің арақатынасын көрсететін фискалдық тиімділіктің интегралдық көрсеткішін есептеуді;
салмақ коэффициенттерін қолдана отырып, бюджет жүйесіне салықтық жеңілдіктердің жиынтық әсерін ескеретін фискалдық тиімділіктің жиынтық интегралдық көрсеткішін есептеуді;
салықтық жеңілдіктерді жиынтық интегралдық көрсеткіштің мәндеріне байланысты фискалдық тиімділік деңгейлері (жоғары, орташа, төмен) бойынша бөлуді қамтиды;
4) салықтық жеңілдіктердің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін бағалау:
салықтық жеңілдіктердің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында белгіленген оларды беру мақсаттарына қол жеткізу дәрежесін айқындауға, сондай-ақ оларды одан әрі қолданудың орындылығын негіздеуге бағытталған әлеуметтік-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізуді;
бюджеттік тиімділікті, тұрақты жұмыс орындарын құру мен сақтауды, өндіріс пен экспорттың өсуін, инвестициялардың салықтық жеңілдіктерге арақатынасын, сондай-ақ инновациялылық пен технологиялық дамуды қамтитын әлеуметтік-экономикалық тиімділікті бағалау өлшемшарттарын айқындауды;
жұмыс орындарын құру және (немесе) сақтау өлшемшарттарын міндетті түрде орындауды қоса алғанда, 5 (бес) өлшемшарттың кемінде 4 (төрт)-іне қол жеткізу туралы талапты ескере отырып, осы тармақшаның үшінші абзацында көзделген өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық мақсаттардың қол жеткізілуіне бағалау жүргізуді;
бағалау өлшемшарттарының әрқайсысы бойынша жеке көрсеткіштерді есептеуді;
салмақ коэффициенттерін қолдана отырып, белгіленген өлшемшарттар бойынша жеке көрсеткіштердің орташа өлшенген мәні ретінде салықтық жеңілдіктердің әлеуметтік-экономикалық тиімділігінің интегралдық көрсеткішін есептеуді;
салықтық жеңілдіктерді интегралдық көрсеткіштің мәндеріне байланысты әлеуметтік-экономикалық тиімділік деңгейлері (жоғары, орташа, төмен) бойынша бөлуді қамтиды;
5) салықтық жеңілдіктерді одан әрі қолданудың орындылығын бағалау:
қол жеткізілген нәтижелерді және мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкестігін ескере отырып, салықтық жеңілдіктерді одан әрі қолданудың орындылығына бағалау жүргізуді және оларды сақтаудың, түзетудің не жоюдың негізділігін белгілеуге бағытталған оның өлшемшарттарын айқындауды;
тиісті салмақ коэффициенттерін қолдана отырып, белгіленген өлшемшарттар бойынша балдардың орташа өлшенген мәні ретінде салықтық жеңілдіктерді одан әрі қолданудың орындылығының интегралдық көрсеткішін есептеуді;
салықтық жеңілдіктерді оларды сақтау, түзету не жою қажеттігін айқындай отырып, интегралдық көрсеткіштің мәндеріне байланысты орындылық деңгейлері (жоғары, орташа, төмен) бойынша бөлуді қамтиды;
6) салықтық жеңілдіктерді тиімділіктің және одан әрі қолданудың орындылығының жиынтық интегралдық көрсеткіштері бойынша саралау:
фискалдық, әлеуметтік-экономикалық тиімділікті және одан әрі қолданудың орындылығын жиынтық бағалау негізінде салықтық жеңілдіктерді сақтаудың басымдылығын айқындау, түзету не қолданылуының күшін жою мақсатында оларға кешенді саралау жүргізуді;
белгіленген салмақ коэффициенттерін пайдалана отырып, салықтық жеңілдіктің фискалдық тиімділігі, әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және оны қолданудың орындылығының интегралдық көрсеткіштерінің өлшенген сомасы ретінде тиімділіктің жиынтық интегралдық көрсеткішін есептеуді;
фискалдық тиімділікті, әлеуметтік-экономикалық тиімділікті және қолданудың орындылығын қоса алғанда, тиімділіктің жиынтық интегралдық көрсеткішінің компоненттері үшін салмақ коэффициенттерін айқындауды;
жеке және интегралдық бағалауларды біріктірудің бірыңғай әдістемесі негізінде әрбір бағаланатын салықтық жеңілдік бойынша тиімділіктің жиынтық интегралдық көрсеткішін қалыптастыруды;
салықтық жеңілдіктерді I санатты (жоғары тиімділік), II санатты (орташа тиімділік) және III санатты (төмен тиімділік) қоса алғанда, тиімділіктің жиынтық интегралдық көрсеткішінің мәндеріне байланысты санаттар бойынша бөлуді қамтиды;
7) салықтық шығыстардың көлемін есептеу:
базалық (референттік) салық режимін қолдану кезінде әлеуетті салықтық түсімдер мен берілген жеңілдіктерді ескере отырып, нақты түскен салық сомалары арасындағы айырманы айқындайтын толық түспеген кірістер әдісі негізінде салықтық шығыстар бөлінісінде ағымдағы қаржы жылындағы бюджеттің толық түспеген кірістерінің көлемін айқындауды;
базалық (референттік) салық режимін қолдану кезінде төленуге тиіс салықтар сомасы мен белгіленген салықтық жеңілдіктер ескеріле отырып, нақты төленген салық сомасы арасындағы айырма ретінде салықтық шығыстардың көлемін есептеуді;
егер салықтық шығыстарды бағалау әдіснамасында өзгеше көзделмесе, есептеулерді салық төлеушілердің мінез-құлық өзгерістерін есепке алмай жүзеге асыруды;
салық заңнамасының қолданыстағы параметрлері және қолданыстағы салықтық жеңілдіктер негізінде ағымдағы қаржы жылына және жоспарлы кезеңге арналған салықтық шығыстардың болжамды көлемін есептеуді;
салық шығындарының жиынтық көлемін салық түрлері, салық төлеушілер санаттары, экономика салалары, мемлекеттік саясаттың мақсаттары және бюджет жүйесінің деңгейлері бойынша қалыптастыруды;
салықтық шығыстардың құрылымы мен көлемінің өзгеру үрдістерін анықтай отырып, олардың жоспарланған кезеңнің алдындағы қатарынан бірнеше жылдардағы серпінін талдауды;
салықтық шығыстардың нақты және болжамды мәндерін салыстыруды, сондай-ақ оларды белгіленген жіктеу белгілері бойынша бөлуді қамтитын талдамалық материалдар дайындауды қамтиды;
8) салықтық әлеуетті есептеу:
салықтық жеңілдіктерді және салық салудың стандартты шарттарынан өзге де ауытқуларды есепке алмай, базалық (референттік) салық режимін толық қолдану жағдайында салықтық міндеттемелердің базалық көлемін айқындауды;
салық базасының толық қамтылуын ескере отырып, салықтық жеңілдіктер мен өзге де преференциялар болмаған кезде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің ықтимал сомасы ретінде салықтық түсімдердің әлеуетті көлемін есептеуді;
бюджеттік түсімдердің алынбаған бөлігі ретінде салықтық жеңілдіктер беру нәтижесінде туындайтын салықтық шығыстарды салықтық әлеует құрамында есепке алуды;
нақты салық түріне қолдануды ескере отырып, әлеуетті салық салуға жататын жасырын немесе ресми есепке алынбаған салық базаларын сәйкестендіру және қосу арқылы қадағаланбайтын экономиканың салықтық әлеуетті кеңейтуге әсерін бағалауды;
іске асыру деңгейін айқындау және толық пайдаланылмаған резервтерді анықтау үшін нақты салықтық түсімдерді есептік салықтық әлеуетпен салыстыруды;
салықтық шығыстарды қысқартуды, қадағаланбайтын экономиканы заңдастыру есебінен салық базасын кеңейтуді және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруды қоса алғанда, салықтық түсімдерді ұлғайту резервтерін талдауды;
мемлекеттік бюджеттің жалпы салық түсімдерінің 10 (он) пайызынан астамын құрайтын салық түрлері және экономика салалары бөлінісінде салықтық әлеуеттің талдамалық бағасын қалыптастыруды қамтиды;
9) салықтық алшақтықты есептеу:
салықтық алшақтықты салықтық әлеует пен нақты түскен салықтар және есепті қаржы жылындағы бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер арасындағы айырма ретінде айқындауды;
салықтық жеңілдіктердің әсерін және базалық (референттік) режимнен өзге де ауытқуларды ескере отырып, салықтық түсімдердің әлеуетті көлемін нақты түсімдермен салыстыру негізінде бюджеттің толық алынбаған кірістерін бағалауды;
салықтық алшақтықты салықтық әлеуетке қатысты үлесі ретінде абсолютті мәнде және салыстырмалы мәнде есептеуді;
салықтық алшақтықты тұтастай бюджет жүйесі бойынша, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің жалпы салық түсімдерінің 10 (он) пайыздан астамын құрайтын салық түрлері бойынша, жеткілікті цифрлық база болған кезде экономика салалары бойынша айқындауды;
салықтық алшақтықты есептеу нәтижелері бойынша оның құрылымын, серпінін және бюджет кірістеріне әсерін қамтитын талдамалық материалдар қалыптастыруды қамтиды;
10) алынған нәтижелерді талдау:
салықтық жеңілдіктерді беру мақсаттарын, экономика салаларын, салықтық шығыстардың көлемін, қолданылу мерзімдерін және оларды әкімшілендіруге бекітілген мемлекеттік органдарды қоса алғанда, бірыңғай талдамалық бөліністер негізінде Қазақстан Республикасының салықтық жеңілдіктері тізбесінің көрсеткіштерін жүйелеуді;
фискалдық және әлеуметтік-экономикалық тиімділік, салықтық шығыстар, салықтық әлеует және салықтық алшақтық көрсеткіштерін қоса алғанда, түйінді талдамалық параметрлерді салыстыру негізінде салықтық жеңілдіктерге кешенді салыстырма талдау жүргізуді;
бағалау нәтижелері бойынша нәтижелілігі жоғары, орташа және төмен салықтық жеңілдіктерді сәйкестендіруді қамтитын талдамалық тұжырымдар қалыптастыруды;
кешенді талдау нәтижелері негізінде салықтық жеңілдіктерді сақтау, түзету не қолданысын тоқтату жөнінде ұсынымдар әзірлеуді;
салықтық жеңілдіктерді қолданудың тиімділігін арттыруға, салықтық шығыстарды оңтайландыруға және тиімсіз салықтық жеңілдіктерді қысқартуға бағытталған Қазақстан Республикасының салық саясатын жетілдіру жөнінде ұсыныстар дайындауды;
уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау, республикалық бюджет туралы заң жобасына материалдар тізбесін қалыптастыру кезінде, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жаңа салықтық жеңілдіктер беру жөніндегі бастамаларын қарау кезінде талдамалық есептің нәтижелерін пайдалануын;
белгіленген мақсаттары мен тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізбеген салықтық жеңілдіктерді оңтайландыру, түзету немесе жою бойынша басқарушылық шешімдер қабылдауды;
мемлекеттік жоспарлау және бюджет саясаты жүйесінде белгіленген бюджеттік шектеулер мен салықтық жеңілдіктердің шекті мәндері сақталған кезде талдау нәтижелерін есепке алуды қамтиды.
11. Салықтық шығыстар туралы талдамалық есептің нысаны, талдамалық есепті қалыптастыру үшін қажетті ақпарат пен көрсеткіштердің тізбесі осы Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес айқындалады.
12. Уәкілетті орган салықтық жеңілдіктердің тиімділігін және оларды қолданудың орындылығын дәл бағалау, сондай-ақ тиісті кезеңге арналған салықтық алшақтықты есептеу үшін қажетті талдамалық ақпараттың кеңеюі мен нақтылануын ескере отырып, талдамалық есепте пайдаланылатын көрсеткіштердің құрылымы мен тізбесін өзгертеді.
4-тарау. Талдамалық есептің қалыптастырылуын әдіснамалық қамтамасыз ету
13. Қолданылатын әдістер мен көрсеткіштердің біркелкілігін қамтамасыз ететін уәкілетті орган жұмыстарға әдіснамалық басшылықты және үйлестіруді жүзеге асырады.
14. Талдамалық есепті жасау кезінде уәкілетті орган айқындайтын салықтық жеңілдіктерді бағалау, салықтық алшақтықты есептеу өлшемшарттары мен әдістері, сондай-ақ бағалау нәтижелерінің салыстырмалылығы мен анықтығын қамтамасыз ететін халықаралық ұйымдардың тәсілдері мен ұсынымдары қолданылады.
_______________________
1.1 Қазақстан Республикасы салықтық жеңілдіктерінің паспорты
Салықтық шығыстар туралы
талдамалық есепті
қалыптастыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы салықтық жеңілдіктерінің паспорты
Жетекшілік ететін сала бойынша уәкілетті мемлекеттік органның атауы: ___________________________________________________________
Есепті қаржы жылы: _________________
Салықтың және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің түрі: ____________________________________________________________________
Салықтық жеңілдіктің атауы (базалық (референттік) салық режимінен ауытқу): ____________________________________________________________
I. Салықтық жеңілдіктің нормативтік сипаттамалары
Р/с
№
Ұсынылатын ақпараттың атауы
Сипаты
1
2
3
1
Салықтық жеңілдіктер және базалық (референттік) режимнен өзге де ауытқу көзделетін салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің атауы
2
Салықтық жеңілдіктер және базалық (референттік) режимнен өзге де ауытқу көзделетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері, халықаралық шарттар, олардың құрылымдық бірліктері (бап, тармақ, тармақша, абзац көрсетіледі)
3
Салықтық жеңілдіктер және базалық (референттік) режимнен өзге де ауытқу белгіленген салық төлеушілердің санаттары
4
Салықтық жеңілдік берудің және базалық (референттік) режимнен өзге де ауытқудың шарттары
5
Салықтық жеңілдіктер және базалық (референттік) режимнен өзге де ауытқу көзделген салық төлеушілердің нысаналы санаты
6
Салықтық жеңілдіктер және базалық (референттік) режимнен өзге де ауытқу белгіленетін нормативтік құқықтық актілердің және (немесе) халықаралық шарттардың күшіне енген күні
7
Салықтық жеңілдіктерді және базалық (референттік) режимнен өзге де ауытқудың күшін жоятын нормативтік құқықтық актілердің және (немесе) халықаралық шарттардың күші жойылған күн
II. Салықтық жеңілдіктің мақсатты сипаттамалары
Ұсынылатын ақпараттың атауы
Сипаты
1
2
3
8
Салықтық жеңілдіктердің санаты (берілу мақсаттары бойынша, қолдау түрлері бойынша, салықтар бойынша және т.б.)
9
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында межеленген салықтық жеңілдіктер беру және базалық (референттік) режимнен өзге де ауытқу мақсаттары
10
Солардың шеңберінде салықтық жеңілдіктер берілетін және базалық (референттік) режимнен өзге де ауытқулар болатын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының атаулары
11
Қол жеткізілуіне салықтық жеңілдіктердің берілуі және базалық (референттік) режимнен өзге де ауытқу ықпал ететін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында айқындалған нақты мақсаттар мен міндеттер
12
Мақсаттарға қол жеткізу көрсеткіштері (индикаторлары)
Р/с №
Мақсаттарға қол жеткізу көрсеткішінің (индикаторының) атауы
Өлшем бірлігі
Көрсеткіштердің (индикаторлардың) болжамды мәндері
Көрсеткіштердің (индикаторлардың) нақты мәндері
1-ші жоспарлы кезең
2-ші жоспарлы кезең
3-ші жоспарлы кезең
есепті қаржы жылы
есепті жылдың алдындағы 1-ші жыл
есепті жылдың алдындағы 2-ші жыл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
1
2
III. Салықтық жеңілдіктің фискалдық сипаттамалары
Р/с№
Көрсеткіштің атауы
Өлшем бірлігі
Болжамды мәндер
Нақты мәндер
1-ші жоспарлы кезең
2-ші жоспарлы кезең
3-ші жоспарлы кезең
есепті қаржы жылы
есепті жылдың алдындағы 1-ші жыл
есепті жылдың алдындағы 2-ші жыл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
13
Салықтық шығыстардың жалпы көлемі
мың теңге
х
х
х
14
Салықтық міндеттемелерін декларациялаған салық төлеушілердің саны
бірлік
х
х
х
15
Салықтық жеңілдіктерді пайдаланған салық төлеушілердің саны
бірлік
16
Салықтық міндеттемелердің базалық көлемі (жеңілдіктерді есепке алмағанда)
мың теңге
17
Жеңілдіктерге құқығы бар салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерінің көлемі
мың теңге
Уәкілетті мемлекеттік органның
басшысы _______ ______________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Күні: _______________
Орындаушының байланыс деректері:
Аты, әкесінің аты (бар болса), тегі: ______________________
Лауазымы: ___________________
Телефоны: _____________________
Электрондық поштасы: _____________
_______________________
1.2 Қазақстан Республикасының салықтық жеңілдіктерінің тізбесі
Салықтық шығыстар туралы
талдамалық есепті
қалыптастыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының салықтық жеңілдіктерінің тізбесі
Р/с
№
Салықтық жеңілдік коды
Салықтық жеңілдіктің қысқаша атауы
Салықтық жеңілдіктің толық атауы
Салықтық жеңілдік белгіленетін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актісінің, халықаралық шарттың (келісімнің) деректемелері
Салықтық жеңілдіктің нысаналы санаты (бенефициарлары)
Салықтық жеңілдік берілетін салық түрі
1
2
3
4
5
6
7
жалғасы
Салықтық жеңілдіктің нысаны
Салықтық жеңілдік беру мақсаты
Салықтық жеңілдік қолданылатын сала немесе экономикалық қызмет түрі
Есепті қаржы жылындағы бюджеттің түсіп қалған кірістерінің көлемін бағалау (мың теңгемен)
Салықтық жеңілдіктің қолданылу мерзімі (басталуы, аяқталуы, қолданылу мерзімі бойынша шектеудің болуы)
Жауапты мемлекеттік орган
Дереккөздер
8
9
10
11
12
13
14
_______________________
1.3 Салықтық шығыстар туралы талдамалық есептің нысаны ( қаржы жылы)
Салықтық шығыстар туралы
талдамалық есепті
қалыптастыру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
Салықтық шығыстар туралы талдамалық есептің нысаны
( қаржы жылы)
1-бөлім. Жалпы мәліметтер
1. Есепті қаржы жылы:
2. Уәкілетті орган:
3. Қалыптастыру негізі: Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 54-бабының 5-тармағы.
2-бөлім. Салықтық шығыстардың жиынтық көрсеткіштері
Р/с
№
Көрсеткіш
Мәні (млрд теңге)
Бюджет кірістеріне қатысты %-бен (СШс/БК)*100)
ЖІӨ-ге қатысты %-бен (СШс/ЖІӨ*100)
1.
Салықтық шығыстардың жалпы көлемі
2.
Республикалық бюджет бойынша
3.
Жергілікті бюджеттер бойынша
3-бөлім. Салық түрлері бойынша салықтық шығыстар
Есептеу формуласы: СШс = (Бб*Мб) – (Бн*Мн), жеңілдік босату түрінде белгіленген болса: СШс = Бл*Мб
Р/с
№
Салық/міндетті төлем түрі
Салықтық шығыстар көлемі (млрд теңге)
Жалпы көлемдегі үлес (%)
1.
2.
3.
4.
Жиыны
4-бөлім. Салықтық жеңілдіктер тізбесі
Р/с
№
Жеңілдіктің атауы
Салық түрі
Алушылар санаты
Беру мақсаты
Салықтық шығыстар көлемі (млрд теңге)
Қолданылу мерзімі
1.
2.
5-бөлім. Салықтық шығыстарды мемлекеттік саясаттың мақсаттары бойынша жіктеу
Р/с
№
Мемлекеттік саясаттың мақсаты
Көлемі (млрд теңге)
Үлес (%)
1.
Шағын және орта бизнесті қолдау
2.
Инвестициялық қызмет
3.
Халықты әлеуметтік қолдау
4.
Басымдық берілген салаларды дамыту
5.
Өзге де мақсаттар
Жиыны
6-бөлім. Салалық бөлініс
Р/с
№
Мемлекеттік саясаттың мақсаты
Салықтық шығыстар көлемі (млрд теңге)
Үлес (%)
1.
Өнеркәсіп
2.
Ауыл шаруашылығы
3.
Құрылыс
4.
Сауда
5.
Өзге де салалар
Жиыны
7-бөлім. Салықтық әлеует пен салықтық алшақтықты есептеу
Салықтық алшақтық мына формула бойынша есептеледі:
СА = СӘ – НТ
Салықтық әлеует мына формула бойынша айқындалады:
СӘ = НТ + СШс + ҚЭ
Бюджеттің қадағаланбайтын экономикадан туындаған шығындары мына формула бойынша есептеледі:
ҚЭ = Бк * Мөө
Р/с
№
Мемлекеттік саясаттың мақсаты
Мәні (млрд теңге)
Салықтық әлеуетке қатысты %-бен
1.
Салықтық әлеует
2.
Нақты түскен салық және міндетті төлемдер
3.
Салықтық шығыстар
4.
Нақты салық түріне қатысты қадағаланбайтын экономиканы бағалау (№ 6 тип бойынша)
5.
Салықтық алшақтық
8-бөлім. Салық түрлері және міндетті төлемдер бойынша салықтық алшақтық
Р/с
№
Салық/міндетті төлем түрі
Нақты салық түріне қатысты көлеңкелі экономика ескеріліп есептелген салықтық әлеует
Нақты түсімдер
Нақты салық түріне қатысты көлеңкелі экономика ескеріліп есептелген салықтық алшақтық
Салықтық әлеуетке қатысты %-бен
1.
2.
3.
4.
5.
Ескертпе: Салықтық әлеует пен салықтық алшақтықты есептеу мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерінің жалпы көлемінің 10 (он) пайыздан астамын құрайтын салық түрлері және экономика салалары бөлінісінде жүзеге асырылады.
9-бөлім. Соңғы 3 жылдағы көрсеткіштер серпіні
Жыл
Салықтық шығыстар (млрд теңге)
Нақты салық түріне қатысты көлеңкелі экономика ескеріліп есептелген салықтық әлеует (млрд теңге)
Нақты салық түріне қатысты көлеңкелі экономика ескеріліп есептелген салықтық алшақтық (млрд теңге)
Салықтық әлеуетке қатысты %-бен
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
СШс – жеке жеңілдік бойынша салықтық шығыстар;
СА – салықтық алшақтық;
СӘ – салықтық әлеует;
НТ – бюджетке нақты түскен салық және басқа да міндетті төлемдер;
ҚЭ – қадағаланбайтын экономиканың көлемін бағалау;
Бб – базалық жүйе бойынша салық базасы;
Бн – нақты база;
Бл – босатылған салық базасының көлемі;
Мб – салықтың/міндетті төлемнің базалық мөлшерлемесі;
Мн – салықтың/міндетті төлемнің нақты мөлшерлемесі;
Бк – көлеңкелі (қадағаланбайтын) салық базасын бағалау;
Мөө – салық салудың орташа өлшенген мөлшерлемесі;
БК – тиісті бюджеттің кірістері;
ЖІӨ – есепті жылдағы жалпы ішкі өнім.
_______________________
1.4 Талдамалық есепті қалыптастыру үшін қажетті ақпарат пен көрсеткіштер тізбесі
Салықтық шығыстар туралы
талдамалық есепті
қалыптастыру қағидаларына
4-қосымша
Талдамалық есепті қалыптастыру үшін
қажетті ақпарат пен көрсеткіштер тізбесі
(жауапты орындаушы – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган)
1-нысан
Республикалық бюджетке түсетін салықтық түсімдер
миллион теңге
Р/с
№
Бюджеттік сыныптама коды (БСК)
Салықтың / төлемнің атауы
1-ші жыл (факт)
2-ші жыл (факт)
Есепті қаржы жылы (факт)
1
2
…
2-нысан
Жергілікті бюджеттерге түсетін салықтық түсімдер
миллион теңге
Р/с
№
Бюджеттік сыныптама коды (БСК)
Салықтың / төлемнің атауы
1-ші жыл (факт)
2-ші жыл (факт)
Есепті қаржы жылы (факт)
1
2
…
3-нысан
Өңірлер бөлінісінде мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық түсімдер
миллион теңге
Р/с
№
Өңірлер
1-ші жыл (факт)
2-ші жыл (факт)
Есепті қаржы жылы (факт)
1
2
…
4-нысан
Экономика секторлары бөлінісінде мемлекеттік бюджетке түсетін салықтық түсімдер
миллион теңге
Р/с
№
Экономика секторы
1-ші жыл (факт)
2-ші жыл (факт)
Есепті қаржы жылы (факт)
1
2
5-нысан
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бөлінісінде салық төлеушілердің салықтық есептілігі нысандарының деректеріне сәйкес салықтық жеңілдіктердің жалпы көлемі
миллион теңге
Р/с
№
Салықтың / төлемнің атауы
Салықтық жеңілдіктің / ауытқудың мазмұны
1-ші жыл (факт)
2-ші жыл (факт)
Есепті қаржы жылы (факт)
1
2
…
6-нысан
Өңірлер бөлінісінде салық төлеушілердің салықтық есептілігі нысандарының деректеріне сәйкес салықтық жеңілдіктердің жалпы көлемі
миллион теңге
Р/с
№
Өңірлер
1-ші жыл (факт)
2-ші жыл (факт)
Есепті қаржы жылы (факт)
1
2
…
7-нысан
Экономика секторлары бөлінісінде салық төлеушілердің салықтық есептілігі нысандарының деректеріне сәйкес салықтық жеңілдіктердің жалпы көлемі
миллион теңге
Р/с
№
Экономика секторы
1-ші жыл (факт)
2-ші жыл (факт)
Есепті қаржы жылы (факт)
1
2
…
8-нысан
Бюджет деңгейлері бөлінісінде салық төлеушілердің салықтық есептілігі нысандарының деректеріне сәйкес салықтық жеңілдіктердің жалпы көлемі
миллион теңге
Р/с
№
Бюджет деңгейі
1-ші жыл (факт)
2-ші жыл (факт)
Есепті қаржы жылы (факт)
1
республикалық маңызы бар салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша
2
жергілікті маңызы бар салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша
___________________________