Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О признании утратившими силу некоторых приказов Генерального Прокурора Республики Казахстан в сфере правовой статистики и специальных учетов

Бұйрық · № 147 · қабылданған 04.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229976/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О признании утратившими силу некоторых приказов Генерального Прокурора Республики Казахстан в сфере правовой статистики и специальных учетов Күшіне енбеген 04.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О признании утратившими силу некоторых приказов Генерального Прокурора Республики Казахстан в сфере правовой статистики и специальных учетов

Күшіне енбеген Бұйрық № 147 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О признании утратившими силу некоторых приказов Генерального Прокурора Республики Казахстан в сфере правовой статистики и специальных учетов
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
147
Қабылданған күні
04.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
27.09.2026
Көрсетілген редакция
04.09.2026 I229976_0.kaz
Соңғы өзгеріс
04.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039867
ЭКБ идентификаторы
229976
Редакция идентификаторы
I229976_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 03:34
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының

құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актiлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына орындау үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
2026 жылғы 4 қыркүйектегі
№ 147
Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы
күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі

1. «Азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16009 болып тіркелген).

2. ««Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2019 жылғы 19 қарашадағы № 148 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19635 болып тіркелген).

3. ««Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 20 қарашадағы № 141 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21673 болып тіркелген).

4. ««Азаматтық-құқықтық саладағы соттық статистикалық есептердің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 27 мамырдағы № 72 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22865 болып тіркелген).

5. «Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 92 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23196 болып тіркелген).

6. ««Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 14 маусымдағы № 130 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28476 болып тіркелген).

7. ««Азаматтық-құқықтық саладағы сот статистикалық есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 12 шiлдедегi № 149 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28827 болып тіркелген).

8. «Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 16 қыркүйектегі № 185 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29656 болып тіркелген).

9. ««Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 92 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 20 ақпандағы № 24 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34021 болып тіркелген).

10. ««Азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 11 наурыздағы № 35 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34138 болып тіркелген).

11. ««Азаматтық-құқықтық саладағы сот есептерінің нысандарын және оларды қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 2 қарашадағы № 124 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 23 маусымдағы № 81 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36327 болып тіркелген).

12. ««Әкімшілік істерді қарау бойынша соттардың жұмысы туралы есептердің, электронды ақпараттық есепке алу құжаттарының нысандарын және оларды енгізу мен қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2021 жылғы 22 маусымдағы № 92 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2025 жылғы 25 тамыздағы № 106 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36746 болып тіркелген).