Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками Акционерному обществу «Объединенная ЭнергоСервисная Компания»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками Акционерному обществу «Объединенная ЭнергоСервисная Компания»
- Атауы (қаз.)
- «Біріктірілген ЭнергоСервистік Компаниясы» акционерлік қоғамына жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын (көпшілік сервитут) белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 14.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2026 I229988_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26VIK0001B
- ЭКБ идентификаторы
- 229988
- Редакция идентификаторы
- I229988_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:30
0 «Біріктірілген ЭнергоСервистік Компаниясы»
акционерлік қоғамына жер учаскелеріне
шектеулі пайдалану құқығын
(көпшілік сервитут) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасын, 69-бабының 3, 4-тармақтарын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасын басшылыққа ала отырып:
1. «Біріктірілген ЭнергоСервистік Компаниясы» акционерлік қоғамына жер учаскелеріне 1 жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (көпшілік сервитут) белгіленсін:
1) Глубокое кентіндегі КТП-21-ден бұрыннан бар 0,4 кВ ӘЖ-ні пайдалану және реконструкциялау үшін ұзындығы 3,0 км, ауданы 1,2 га;
2) Глубокое кентіндегі ТП-20-дан бұрыннан бар 0,4 кВ ӘЖ-ні пайдалану және реконструкциялау үшін ұзындығы 3,219 км, ауданы 1,2876 га.
2. «Біріктірілген ЭнергоСервистік Компаниясы» акционерлік қоғамына жұмыстар аяқталғаннан кейін жер учаскелерін оларды одан әрі нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру ұсынылсын.
3. Жер қазу жұмыстарын жүргізу жоспарланған жер учаскелеріне тиісті құқық белгілейтін құжаттары бар жер пайдаланушылармен, жер иеленушілермен, жер учаскелерінің меншік иелерімен және жалға алушылармен жер қазу және абаттандыру жұмыстарын жүргізу келісілсін (қажет болған жағдайда). Жер қазу жұмыстарын жүргізу жоспарланған жер учаскелеріне меншік, иелік ету, пайдалану, билік ету құқығы бар тұлғалар тобын анықтау бойынша жауапкершілік жер қазу жұмыстарын жүзеге асыруға рұқсат алатын тұлғаға жүктеледі.