О некоторых вопросах Аппарата Совета Безопасности Республики Казахстан и внесении изменений и дополнений в некоторые акты Президента Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах Аппарата Совета Безопасности Республики Казахстан и внесении изменений и дополнений в некоторые акты Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 1456
- Қабылданған күні
- 10.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 10.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 10.09.2026 I229998_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2600001456
- ЭКБ идентификаторы
- 229998
- Редакция идентификаторы
- I229998_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:31
0 Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының
кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Ұлттық қауіпсіздікті одан әрі нығайту және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 29 тамыздағы №1416 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты (бұдан әрі – Аппарат) туралы ереже;
2) Аппарат құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Қазақстан Республикасының Үкіметімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 10 қыркүйектегі
№1456 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының мәртебесін, міндеттері мен функцияларын, өкілеттіктерін, жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты (бұдан әрі – Аппарат) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган.
2. Аппарат және оның қызметкерлері өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
3. Аппарат – мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақ тілінде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде шоттары, оның ішінде валюталық шоттары болады.
4. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Аппаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Аппараттың құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
8. Аппараттың толық атауы: «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі».
9. Аппараттың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
10. Осы Ереже – Аппараттың құрылтай құжаты.
11. Аппараттың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
12. Аппараттың қызметін қаржылық, материалдық-техникалық жағынан және өзге де қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
2-тарау. Аппараттың міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
13. Аппараттың қызметі ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерді бақылауды күшейтуге және жетілдіруге, мемлекеттік басқарудың орнықтылығын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасы Президентінің (Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының), Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің (бұдан әрі ‒ Қауіпсіздік Кеңесі) шешімдерін институционалдық қамтамасыз етуге және орындауға бағытталған.
14. Аппаратың міндеттері:
1) Қауіпсіздік Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы орынбасарының қызметін қамтамасыз ету;
2) жүйелік сын-қатерлер мен қатерлерді анықтау, бағалау, болжау, олардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдардың үйлесімділігі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
3) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының өкілеттігін:
қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздік саласында;
заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл саласында;
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қорғау саласында;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің (Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының) және Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы орынбасарының шешімдеріне сәйкес өзге де міндеттер.
15. Міндеттеріне сәйкес Аппаратқа мынадай функциялар жүктеледі:
1) Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету саласында:
Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс жоспарларын дайындау;
Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестеріне материалдарды, Қауіпсіздік Кеңесі, Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестері шешімдерінің, оларды іске асыру жөніндегі актілердің жобаларын дайындау;
Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің, Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестері шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, олардың нақты нәтижелерін және ықтимал салдарларын бағалау;
Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссияларының қызметін үйлестіру;
қызметі Аппараттың жұмысына тікелей қатысты консультативтік-кеңесші органдарды құру, олардың міндеттері және лауазымдық құрамы жөнінде ұсыныстар енгізу;
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін, Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестерінің шешімдерін тіркеу, олардың жіберілуін және сақталуын қамтамасыз ету;
2) ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйін мониторингтеу және қауіп-қатерлерді бағалау саласында:
елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетінің жай-күйін, заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимылды, сондай-ақ азаматтық қорғауды секторлық мониторингтеуді ұйымдастыру;
ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпаратты интеграциялау, ведомстволық бағалауларды салыстыру, қауіп-қатерлерді анықтау мен бағалау үшін деректерді жедел талдамалық тұрғыда өңдеу;
барлау қоғамдастығының жұмысындағы мемлекеттік органдардың іс-қимылдарының үйлесімділігін қамтамасыз ету;
3) ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді талдау мен болжау саласында:
ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерге қатысты бағалау деректерін әзірлеу және қолдану, қауіп-қатерлер мен қатерлерді бейтараптандыру бойынша тиімді шаралардың жоспарларын, сценарийлерін модельдеу;
ұлттық қауіпсіздікке төнетін ішкі және сыртқы қатерлердің барлық аспектілері мен мәнін анықтау мақсатында цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні қолдануды қамтамасыз ету;
елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы ғылыми ұйымдар мен талдамалық құрылымдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ қауіпсіздік, қорғаныс қабілеті, заңдылық пен құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлық, экономикалық қылмыстылық, азаматтық қорғау мәселелері бойынша нысаналы іс-шаралар өткізу;
4) ұлттық қауіпсіздіктің мынадай сипаттағы мәселелеріне назар аудара отырып, ұзақ мерзімді жоспарлау саласында:
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі стратегиясын әзірлеу мен іске асыру процесін үйлестіру;
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына:
Қазақстан Республикасының Егемендігі мен Тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, конституциялық құрылысының негіздерін қорғау;
ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс қабілеті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясат бойынша ұсыныстар дайындау;
ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, ақпараттық қауіпсіздікті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғау мәселелері бойынша заңдардың, стратегиялық жоспарлау құжаттарының жобаларын, сондай-ақ басқа да маңызды қоғамдық-саяси бастамаларды әзірлеу сатысында талдау, осы мәселелер бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына ұсынымдар беру;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс қабілеті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғауды нығайту саласындағы заңдарының толық орындалуын бақылауды ұйымдастыру, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына анықталған жұмыс кемшіліктерін, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
5) ақпараттық қауіпсіздік саласында:
ел азаматтарын және бүкіл халықты ұлттық қауіпсіздікке кейіннен қатері болатын деструктивті ақпараттық әсер етуден қорғауды қамтамасыз ету үшін цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні, өзге де жаңа жоғары технологияларды, алгоритмдік, кванттық әдіснамаларды қолдана отырып, халықаралық және ішкі ақпараттық ортаны спектрлік және кешенді талдау;
ұлттық қауіпсіздікке төнетін ахуалдық, жүйелік және стратегиялық қатерлерді анықтау, олардың алдын алу, жою мақсатында ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйін жиынтық мониторингтеуді жүзеге асыру;
ақпараттық қатерлердің сипатын, ауқымын, серпінін және олардың ықтимал жағымсыз салдарларын бағалаудың кешенді ведомствоаралық әдіснамасын әзірлеу;
ұлттық қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлерге, қатерлерге жедел әрі тиімді ден қоюға қатысты ақпараттық-талдамалық және болжамдық материалдар, ұсыныстар, ұсынымдар дайындау;
мемлекеттік органдар шараларының тиімділігін объективті бағалау, ұлттық қауіпсіздікке қатысты барлық жағымсыз үрдістерді кәсіби тұрғыдан талдау;
ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру және бірыңғай әрі мүлтіксіз тетік ретінде ведомствоаралық ден қоюдың нақты алгоритмін дайындау жөнінде сындарлы ұсыныстар енгізу;
6) инновациялар және ғылыми-технологиялық қауіпсіздік саласында:
деректерді талдау, ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді бағалау, болжау және модельдеу үшін, сондай-ақ оларды анықтау, алдын алу, бейтараптандыру жөніндегі шараларды әзірлеу үшін жасанды интеллектінің тиімді қолданылуын үйлестіру және бақылау;
ұлттық қауіпсіздікке төнетін түрлі сипаттағы бар және болуы мүмкін қатерлері тұрғысынан жасанды интеллектіні, басқа да жоғары технологиялық құралдарды қолданудың барлық аспектілерін кешенді талдауды дайындау;
ғылыми-технологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін нығайтудың, озық ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамытудың, кадрлар даярлаудың ғылыми негізделген тәсілдерін әзірлеу және ендіру бойынша ұсыныстар әзірлеп, енгізу;
7) әскери қауіпсіздік пен қорғаныс саласында:
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына әскери қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету, мемлекеттің жұмылдыру дайындығы, Қазақстан Республикасының Егемендігін, Тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, Қазақстан Республикасының шекарасын қарумен қорғау, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күштер мен құралдарды үйлестіру саласындағы елдің мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер), басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметін жетілдіру, мемлекеттің әскери қауіпсіздігіне қатер төндіретін дағдарыстық ахуалдардың алдын алу және оларды жедел тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын үйлестіру және бақылау;
азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың жүргізілуін, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жасақталуын қамтамасыз етуді, қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен мемлекеттік авиацияның жұмыс істеуі мен дамуын, мемлекеттік қорғаныс тапсырысының іске асырылуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асыру;
озық әскери технологиялардың дамуын, қарулы қақтығыстарға қатысу әдістерінің өзгерістерін және олардың эволюциясын кәсіби тұрғыдан мониторингтеуді ұйымдастыру;
8) заңдылықты сақтау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл саласында:
Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру процесінде қабылданатын шаралардың тиімділігін бағалау, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына осы бағыттағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын, бағдарламалық құжаттардың, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының осы саладағы актілері мен тапсырмаларының іске асырылуын бақылау;
ішкі саяси тұрақтылыққа нұқсан келтіретін қауіп-қатерлерді жоюды негізгі мақсат етіп, жасанды интеллектіні және «ауқымды деректерді» пайдалана отырып, қоғамдық қауіпсіздік саласындағы қатерлерді болжау және анықтау;
Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастықтардың қылмыстық әрекеттерін ашуға баса назар аудара отырып, криминогендік ахуалды болжау;
электрондық төлемдерді, криптоактивтерді, цифрлық платформаларды және өзге де технологиялық шешімдерді қоса алғанда, ұйымдасқан қылмыстылықтың трансформациясын, оның трансұлттыққа айналуын, цифрлық құралдарды пайдалануды, қылмыстарды, басқа да елеулі құқық бұзушылықтарды жасаудың қашықтан жүргізілетін тәсілдерін пайдалануды мониторингтеу және талдау;
Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының құқық қорғау органдарындағы және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы кадр саясаты, сондай-ақ ведомстволық білім беруді дамыту мәселелері жөніндегі қызметін қамтамасыз ету;
9) сыртқы қауіпсіздік саласында:
халықаралық қауіпсіздікті, оның жай-күйіне ықпал ететін геосаяси және геоэкономикалық факторларды спектрлік талдау, өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке сын-қатерлер мен қатерлерді анықтау, Қазақстан Республикасының әлемдік аренадағы ұлттық мүдделерін қорғау мен ілгерілету жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Қауіпсіздік Кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық, шетелдік, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізу;
Қазақстан Республикасының Президенті, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары қатысатын халықаралық іс-шараларға осы Ережеде айқындалған өкілеттіктер шеңберінде материалдар дайындауға қатысу;
10) ұлттық қауіпсіздіктің өзге де түрлері мен бағыттары саласында:
Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының, Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты басшылығының өкілеттіктерін және Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін экономикалық қауіпсіздік (қаржылық, азық-түлік, энергетикалық, көліктік қауіпсіздікті қоса алғанда), ақпараттық қауіпсіздік (оның ішінде мемлекет қайраткерлерінің, мемлекеттік институттар мен ведомстволардың беделін түсіру мақсатында жалған ақпаратты («фейкті») заңсыз тарату үшін жасанды интеллектінің заманауи технологияларын қолдануға қатысты), қоғамдық-саяси тұрақтылық (оның ішінде халықтың көші-қоны, қоғамдық денсаулық, биологиялық, рухани және мәдени қауіпсіздік салаларында), экологиялық, су қауіпсіздігі, азаматтық қорғау саласында іске асыруды қамтамасыз ету;
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, құқықтық тәртіпті, заңдылықты сақтауды, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимылды, азаматтық қорғауды қамтамасыз етуге қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың қызметін мониторингтеу, үйлестіру және инспекциялау;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
ұлттық қауіпсіздік органдарының президенттік кадр резервін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, ұлттық қауіпсіздік органдары, Мемлекеттік күзет қызметі, ішкі істер органдары, Қарулы Күштер, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, қаржылық мониторинг, азаматтық қорғау органдары және өзге де мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының кандидатуралары жөніндегі ұсыныстарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
Қазақстан Республикасы Президентінің жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендерді беру және олардан айыру жөніндегі өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету;
Қауіпсіздік Кеңесі мен Аппараттың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру;
Аппараттың жұмылдыру жоспарын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары айқындайтын өзге де функциялар.
16. Осы Ережеде көзделген функцияларды іске асыру үшін Аппарат:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен және лауазымды адамдардан осы Ережеде айқындалған өкілеттіктер шеңберінде қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқылы.
Аппараттың қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды беру жөнінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін міндетті болатын ағымдағы тапсырмалары мен сұрау салуларына, егер Аппарат өзге мерзім белгілемесе, оларды алған күннен бастап екі апта мерзімде жауап беріледі;
2) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қызметін үйлестіруге, Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің, Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестері шешімдерінің, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының актілері мен тапсырмаларының орындалуын анықталған және расталған бұзушылықтарды жоюды талап ету құқығымен бақылауға;
3) мемлекеттік органдардың билігіндегі ақпараттық деректер қоры мен жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға;
4) осы Ережеде өзіне берілген өкілеттіктер шеңберінде Аппарат жүргізетін тексерулердің нәтижелері туралы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына баяндауға құқылы.
Осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен не Аппарат басшылығымен келісу бойынша Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары ие болады.
3-тарау. Аппараттың қызметін ұйымдастыру, оның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің өкілеттіктері
17. Аппаратты оның басшысы басқарады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерінің жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.
Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болмаған кезеңде Аппарат басшысы оның құжаттамалық қамтамасыз ету бөлігіндегі функцияларын орындайды.
18. Аппарат басшысының орынбасарлары, оның ішінде бірінші орынбасары болады.
19. Аппарат басшысын, оның орынбасарларын, сондай-ақ Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
20. Аппарат басшысының өкілеттіктері:
1) Аппаратты басқарады және Аппараттың жұмысына тікелей басшылық етеді;
2) Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс жоспарларының, Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің, Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестері шешімдерінің жобаларын Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасымен одан әрі келісу үшін Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына ұсынады;
3) Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің, Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестері шешімдерінің орындалуын, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының ұлттық қауіпсіздікті және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздікті қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғауды нығайту, жұмылдыру мен жұмылдыру дайындығын жүргізу мәселелері жөніндегі актілері мен тапсырмаларының орындалуы мен сақталуын бақылайды;
4) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының ұлттық қауіпсіздікті және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғауды нығайту, жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы мәселелері жөніндегі қызметін ақпараттық және талдамалық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Аппараттың атынан өкілдік етеді;
6) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Аппараттың қызметкерлерін және Аппараттың қызметіне тартылған өзге де адамдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы ұсынулар енгізеді;
7) жұмыс топтарын және инспекциялық топтарды құрады, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссияларын, Қауіпсіздік Кеңесінің жанынан сараптамалық кеңес құру, олардың міндеттері, функциялары, лауазымдық, дербес құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді;
8) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдардың қызметін, оның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдар мамандарының қатысуымен инспекциялауды ұйымдастырады;
9) ұлттық қауіпсіздікті және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздікті қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғауды нығайту, жұмылдыру мен жұмылдыру дайындығы мәселелерін қарау кезінде Құрылтай, Үкімет отырыстарына, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың алқа отырыстарына қатысуға құқылы;
10) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының келісімімен және тапсырмасы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық, шетелдік, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жасайды;
11) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізеді;
12) Аппараттың құқықтық актілеріне қол қояды, қарамағындағы қызметкерлерге тапсырмалар береді, Аппараттың құзыретіне жатқызылған функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдық-өкімдік шараларды қабылдайды;
13) Аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
14) Аппараттың штат кестесін бекітеді, оған Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны шегінде өзгерістер енгізеді;
15) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Аппараттың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын және өзге де қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
16) Аппаратта Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы ережелерінің орындалуын бақылайды;
17) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Аппарат қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады, оларды көтермелеу мәселелерін, өзінің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;
18) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша Аппарат қызметкерлерін іссапарларға, оның ішінде шетелдік іссапарларға жібереді;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Аппарат басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
22. Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
23. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының шешімі бойынша Аппаратта бірқатар лауазымдар заңнамада белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлерін іссапарға жіберу арқылы алмастырылуы мүмкін.
24. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері белгіленген тәртіппен Аппаратқа:
қысқа мерзімді негізде – Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестерін дайындауға, Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссияларының, Сараптамалық кеңестің, инспекциялық топтардың және жұмыс топтарының, сондай-ақ қызметін Аппарат қамтамасыз ететін және үйлестіретін өзге де консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне;
ұзақ мерзімді негізде – Аппараттың ақпараттық-талдамалық функцияларын іске асыру мақсатында оның қызметіне тартылуы мүмкін.
25. Аппаратқа жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін оның қызметкерлері Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының келісімімен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.
26. Аппараттың қызметкерлері өздерінің мәртебесі, қызметтік жұмысының жағдайлары мен кепілдіктері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қызметкерлеріне теңестірілген.
4-тарау. Аппараттың мүлкі
27. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Аппараттың жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
28. Аппаратқа бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Аппарат өзіне бекітіп берілген мүлікті және өзіне қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату
29. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
_________________________
2 Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 10 қыркүйектегі
№1456 Жарлығымен
ББЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының
ҚҰРЫЛЫМЫ
Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы
Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары
Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасарлары
Талдау бөлімі
Ақпараттық қауіпсіздік бөлімі
Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімі
Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі
Құқық қорғау жүйесі бөлімі
Ахуалдық орталық
Хатшылық
_________________________
3 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 10 қыркүйектегі
№1456 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР
1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл күрес мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Комиссия төрағадан, хатшыдан және осы Ережеге қосымшаға сәйкес Комиссияның өзге де мүшелерінен тұрады. Комиссияны Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары басқарады. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Комиссияның хатшысы болып табылады.»;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеге қосымша осы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларында:
73-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Аппаратына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына – Қазақстан Республикасы Үкіметінің актісі негізінде;»;
81-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«81. Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған жағдайларда мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде атқаратын әскери лауазымынан босатылмай және ақшалай үлесі сақтала отырып, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы орынбасарының қарамағына іссапарға жіберілуі мүмкін;»;
86-3 тармақтың 1) тармақшасында «Әкімшіліктің Басшысы» деген сөздер «Әкімшілік Басшысымен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары)» деген сөздермен ауыстырылсын;
86-5, 86-6, 86-7 және 86-8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«86-5. Осы Қағидалардың 86-3 және 86-4-тармақтарында көрсетілген материалдар Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты Құқық қорғау жүйесі бөлімінің жазбаша сұрау салуы немесе Үкімет Аппараты Басшысының, уәкілетті органның бірінші басшысының шешімі бойынша дайындалып, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппаратына (бұдан әрі – Аппарат) енгізіледі.
86-6. Аппаратқа ұсынылған материалдар осы Қағидалардың 86-3 және 86-4-тармақтарында көзделген құжаттар жиынтығын ресімдеудің сапасына және олардың толық болуына тексеру жүргізу үшін Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөліміне жіберіледі, оны жүзеге асыру мерзімі үш жұмыс күнінен аспайды.
Ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе оларда қандай да бір мәліметтердің нақты көрсетілмегені анықталған жағдайларда жоғары офицерлер құрамының әскери атағын беру туралы материалдар Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөлімінен кері қайтарылмай, уәкілетті органның немесе Үкімет Аппаратының кадр қызметі (бөлімшесі) жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді бес жұмыс күні ішінде жоя алады.
Көрсетілген тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына қарауға беріледі, ол ұсынылған кандидаттарды зерделеу жөнінде тапсырма береді.
86-7. Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөлімі мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жоғары офицерлер құрамының әскери атағын беруге ұсынылған кандидаттар бойынша қажетті ақпарат пен материалдарды белгіленген тәртіппен сұратады.
86-8. Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөлімі әрбір кандидат бойынша алынған және бес жұмыс күні ішінде жинақталған ақпаратты және Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына енгізеді.
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Әкімшілік Басшысымен келісіледі (виза қойылады) және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары тексерудің нәтижелерімен бірге түпкілікті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізіледі.»;
105-2-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Уәкілетті орган және Үкімет Аппараты қызметтік тергеп-тексеру материалдарын және жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бiр сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы ұсынуды (өтінішхатты) қызметтік тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Аппаратқа жібереді.»;
105-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«105-3. Аппаратқа ұсынылған материалдардың толықтығын тексеру үшін олар Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөліміне жіберіледі және келіп түскен күнінен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.
Ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе оларда қандай да бір нақты мәліметтердің көрсетілмегені анықталған жағдайларда жоғары офицерлер құрамының әскери атағын бiр сатыға төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану туралы материалдар Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөлімінен кері қайтарылмай, уәкілетті органның немесе Үкімет Аппаратының кадр қызметі (бөлімшесі) жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді бес жұмыс күні ішінде жоя алады.
Көрсетілген тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар бір күн ішінде Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына қарауға беріледі, ол Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын дайындау жөнінде тапсырма береді.»;
105-4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын;
«Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Әкімшілік Басшысымен келісіледі (виза қойылады) және оны Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары түпкілікті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.»;
105-13 және 105-14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«105-13. Әскери қызметшіге әскери атағынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындалған соттың айыптау үкімі уәкілетті органға келіп түскен жағдайда жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айыру туралы ұсыну (өтінішхат) және соттың айыптау үкімі бес жұмыс күні ішінде Аппаратқа жіберіледі.
105-14. Аппаратқа ұсынылған материалдар ұсынылған материалдардың толықтығына тексеру жүргізу үшін Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөліміне жіберіледі.
Ұсынылған материалдардың толық еместігі немесе оларда қандай да бір нақты мәліметтердің көрсетілмегені анықталған жағдайларда жоғары офицерлер құрамының әскери атағынан айыру туралы материалдар Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөлімінен кері қайтарылмай, уәкілетті органның кадр қызметі (бөлімшесі) жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жоя алады.
Көрсетілген тексеру жүргізілгеннен кейін ұсынылған құжаттар бір күн ішінде Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына қарауға беріледі, ол Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасын дайындау жөнінде тапсырма береді.»;
105-15-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Әкімшілік Басшысымен келісіледі (виза қойылады) және оны Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары түпкілікті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.».
3. «Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі туралы ережеде:
9-тармақтың 1) тармақшасында:
төртінші абзац алып тасталсын;
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«құқықтық саясат саласындағы»;
12-тармақ алып тасталсын;
13-тармақта:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық саясат саласындағы өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік мынадай функцияларды орындайды:»;
1) тармақшаның төртінші абзацы алып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттің тиісті кезеңге арналған құқықтық саясат саласындағы бағдарламалық құжаттарын әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің сот жүйесіне қатысты өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін Әкімшілік Қазақстан Республикасының Президентіне сот жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.»;
22-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«мемлекеттік наградалармен марапаттау, құрметті атақтар, жоғары дипломатиялық дәрежелер беру; аталған наградалардан және дәрежелерден айыру бойынша;»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Әкімшіліктің құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы (бұдан әрі – Әкімшілік Басшысы), Әкімшілік Басшысының бірінші орынбасары және орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Әкімшіліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен өзге де қызметкерлері кіреді.»;
25-1-тармақ алып тасталсын;
28-тармақ алып тасталсын;
32-тармақта:
екінші бөлікте «Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы» деген сөздер алып тасталсын;
үшінші бөлікте «Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары және орынбасарлары» деген сөздер алып тасталсын.
4. «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясатының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 537 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«19. Комиссияның жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімі.»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссия құрамы осы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
5. «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде:
«Мемлекеттік саяси лауазымдар» деген 1-тарауда:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының бөлім меңгерушілері және өзге де құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары».
6. «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 152 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген «Б» корпусының бос немесе уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурс өткізілместен, ауысу тәртібімен орналасу қағидаларында:
2-тармақтың 1) және 1-1) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Құрылтайы Аппаратының және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына, сондай-ақ осы мемлекеттік органдардан басқа мемлекеттік органдарға;
1-1) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Құрылтайы Аппаратының және Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының мемлекеттік саяси лауазымдарынан «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына;».
7. «Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде:
мына:
«
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Қазақстан Республикасының Президенті
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары
Қазақстан Республикасының Президенті
»;
мына:
«
Қазақстан Республикасы Президентінің бірінші көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
Қазақстан Республикасының Президенті
»;
деген жол алып тасталсын;
мына:
«
Қазақстан Республикасының Президенті тікелей бағалайтын адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың мемлекеттік саяси қызметшілері
Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасының Президенті тікелей бағалайтын адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың саяси мемлекеттік қызметшілері
Қазақстан Республикасының Президенті не оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы немесе Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары
»;
мына:
«
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік инспекторлары
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
»
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы
».
8. «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 12 ақпандағы № 838 Жарлығында:
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ереже осы Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
9. «Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын немесе сыныптық шендерін беру, төмендету, олардан айыру және қалпына келтіру немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атақтарын беру, төмендету, олардан айыру және қалпына келтіру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 маусымдағы № 898 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын немесе сыныптық шендерін беру, төмендету, олардан айыру және қалпына келтіру немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атақтарын беру, төмендету, олардан айыру және қалпына келтіру қағидаларында:
7-тармақтың 1) тармақшасындағы «Әкімшілік Басшысы» деген сөздер «Әкімшілік Басшысымен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары)» деген сөздермен ауыстырылсын;
9, 10, 11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көрсетілген материалдар Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының (бұдан әрі – Аппарат) Құқық қорғау жүйесі бөлімінің жазбаша сұрау салуы немесе Үкімет Аппараты Басшысының, мемлекеттік органның бірінші басшысының шешімі бойынша дайындалып, Аппаратқа енгізіледі.
10. Аппаратқа ұсынылған материалдар осы Қағидалардың 7 және 8-тармақтарында көзделген құжаттар жиынтығын ресімдеудің сапасына және олардың толық болуына тексеру жүргізу үшін Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөліміне жіберіледі, оны жүзеге асыру мерзімі үш жұмыс күнінен аспайды.
Мемлекеттік органның немесе Үкімет Аппаратының кадр қызметі (бөлімшесі) ұсынылған материалдардың толық еместігін анықтаған немесе оларда қандай да бір нақты емес мәліметтерді көрсеткен жағдайларда Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөлімі жоғары басшы құрамның арнаулы атағын, сыныптық шенін немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағын беру туралы материалдарды кері қайтармай, жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді бес жұмыс күні ішінде жоя алады.
Ұсынылған құжаттар көрсетілген тексеру жүргізілгеннен кейін Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына қарауға беріледі, ол ұсынылған кандидаттарды зерделеу жөнінде тапсырма береді.
11. Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөлімі белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдар мен ұйымдардан жоғары басшы құрамның арнаулы атағын, сыныптық шенін немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағын беруге ұсынылған кандидаттар бойынша қажетті ақпарат пен материалдар сұратады.
12. Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөлімі әрбір кандидат бойынша алынған және бес жұмыс күні ішінде жинақтап қорытылған ақпаратты және Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына енгізеді.
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Әкімшілік Басшысымен келісіледі (виза қойылады) және оны тексеру нәтижелерімен Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары түпкілікті шешім қабылдау үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.»;
15-тармақтағы «басшылардың» деген сөз «тұлғалардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
16-тармақтағы «Әкімшілікке» деген сөз «Аппаратқа» деген сөзбен ауыстырылсын;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Аппаратқа ұсынылған материалдар олардың толықтығына тексеру жүргізу үшін Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөліміне жіберіледі және олар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қаралады.
Мемлекеттік органның немесе Үкімет Аппаратының кадр қызметі (бөлімшесі) ұсынылған материалдардың толық еместігін анықтаған немесе оларда қандай да бір нақты емес мәліметтерді көрсеткен жағдайларда Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөлімі арнаулы атақты немесе сыныптық шендi бiр сатыға төмендету түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы материалдарды кері қайтармай, жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді бес жұмыс күні ішінде жоя алады.
Ұсынылған құжаттар көрсетілген тексеру жүргізілгеннен кейін бір күн ішінде Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына қарауға беріледі, ол Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын дайындау жөнінде тапсырма береді.
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Әкімшілік Басшысымен келісіледі (виза қойылады) және оны Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары түпкілікті шешім қабылдау үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.»;
24-тармақтағы «басшылардың» деген сөз «тұлғалардың» деген сөзбен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
«28-1. Қызметкерге жоғары арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен айыру түрінде қосымша жаза тағайындалған соттың айыптау үкімі уәкілетті органға келіп түскен жағдайда жоғары арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен айыру туралы ұсыну (өтінішхат) және соттың айыптау үкімі бес жұмыс күні ішінде Аппаратқа жолданады.»;
29 және 31-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«29. Аппаратқа ұсынылған материалдар олардың толықтығына тексеру жүргізу үшін Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөліміне жіберіледі.
Мемлекеттік органның кадр қызметі (бөлімшесі) ұсынылған материалдардың толық еместігін анықтаған немесе оларда қандай да бір нақты емес мәліметтерді көрсеткен жағдайларда Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөлімі жоғары басшы құрамның арнаулы атағынан немесе сыныптық шенінен немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атағынан айыру түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы материалдарды кері қайтармай, жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді жоя алады.
Ұсынылған құжаттар көрсетілген тексеру жүргізілгеннен кейін бір күн ішінде Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына қарауға беріледі, ол Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын дайындау жөнінде тапсырма береді.
Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы Әкімшілік Басшысымен келісіледі (виза қойылады) және оны Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары түпкілікті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді.»;
«31. Қазақстан Республикасы Президентінің жоғары басшы құрамның арнаулы атақтарын немесе сыныптық шендерін беру, төмендету, олардан айыру және қалпына келтіру немесе жоғары офицерлік құрамның арнаулы атақтарын беру, төмендету, олардан айыру және қалпына келтіру туралы жарлықтарының жобаларын дайындауды Аппараттың Құқық қорғау жүйесі бөлімі жүзеге асырады.».
10. «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы сараптамалық кеңес туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 желтоқсандағы № 173 өкімінде:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сарапшылық кеңес туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Сарапшылық кеңестің жұмыс органы – Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты.»;
16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Сарапшылық кеңестің қызметін ақпараттық және ұйымдастырушылық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді өкілдері Сарапшылық кеңестің құрамына кіретін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қолдауымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты жүзеге асырады. Лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Талдау бөлімінің меңгерушісі – Сарапшылық кеңестің хатшысы.
17. Сарапшылық кеңестің ғылыми-зерттеу жұмыстарын қаржылық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының өтінімдері бойынша Президент Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалары шеңберінде, сондай-ақ «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғылыми қызметті бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылады.».
11. «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 маусымдағы № 98 өкімінде:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Мемлекеттік органдардың арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің үйлестіру кеңесі туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кеңес Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарына АрМБ қызметінің мәселелері бойынша материалдар дайындайды, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы орынбасарының тапсыруы бойынша талдау және зерттеу жұмысын орындайды.»;
9-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) жыл сайын 1 ақпаннан кешіктірмей, есепті кезеңдегі Кеңес қызметінің негізгі нәтижелері туралы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарын хабардар етеді;».
_________________________
3.1 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 10 қыркүйектегі
№1456 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2002 жылғы 2 сәуірдегі № 839
Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл мәселелері жөніндегі
комиссия туралы ережеге
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, хатшы
Комиссия мүшелері:
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат саласындағы жұмысты үйлестіретін орынбасары
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Қазақстан Республикасы Құрылтайының бейіндік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)
Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша).
_________________________
3.2 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 10 қыркүйектегі
№1456 Жарлығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы
Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
2-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 537 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның
ҚҰРАМЫ
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі, хатшы
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының құқықтық саясат саласындағы жұмысты үйлестіретін орынбасары
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің төрағасы (келісім бойынша)
______________________
3.3 Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 10 қыркүйектегі
№1456 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Президентінің
кейбір актілеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтыруларға
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2019 жылғы 12 ақпандағы
№ 838 Жарлығына
1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесін (бұдан әрі – Қауіпсіздік Кеңесі) құрады.
2. Қауіпсіздік Кеңесі – Қазақстан Республикасының Президенті (Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы) басқаратын конституциялық орган.
Қауіпсіздік Кеңесі Егемендік пен Тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты, халықаралық аренадағы ұлттық мүдделерді, конституциялық құрылыс негіздерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіреді.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы, «Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілері және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, сондай-ақ осы Ереже Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің құқықтық негізін құрайды.
2-тарау. Қауіпсіздік Кеңесінің міндеттері мен функциялары
4. Қауіпсіздік Кеңесінің негізгі міндеттері:
1) стратегиялық сипаттағы ақпараттық материалдарды әзірлеу, Қазақстан Республикасының Президентіне ұлттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік, елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қазақстан Республикасы азаматтарының дербес деректерін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, ақпараттық қауіпсіздікті қорғау мақсатында жасанды интеллектіні дамыту саласындағы мемлекеттік саясат мәселелері бойынша бастамалар мен ұсыныстар дайындау;
2) Қазақстан Республикасының Президентіне:
соғыс жағдайын енгізу, ұзарту, оның күшін жою;
төтенше жағдайды енгізу, ұзарту, оның күшін жою;
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін (бұдан әрі – Қарулы Күштер), оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес міндеттерді орындау үшін қолдану мәселелері бойынша шешімдердің жобаларын дайындау;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімдеріне сәйкес өзге де міндеттер.
5. Қауіпсіздік Кеңесінің функциялары:
1) мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық ұстанымдар мен қорғаныс қабілетін, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті, ақпараттық қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;
2) ұлттық қауіпсіздікке қатысты стратегиялық құжаттардың орындалу жай-күйін мониторингтеу және бағалау;
3) мемлекеттік бағдарламаларды, заң жобаларын, маңызды сыртқы саяси және өзге де стратегиялық бастамаларды, сондай-ақ ел ішіндегі жағдайды және халықаралық аренадағы үрдістерді ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан кешенді талдау және бағалау;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің елдің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін, құқықтық тәртіпті, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы қызметтің нәтижелері мен негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы баяндамасын тыңдау;
5) мемлекеттік органдардың бірінші басшыларын елдің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін, құқықтық тәртіпті, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша тыңдау;
6) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы заңдарының орындалуын, оның ішінде осы мақсаттарға бағытталатын қаражаттың тиімді пайдаланылуын бақылауды ұйымдастыру;
7) қорғанысқа, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталатын республикалық бюджет қаражатының нысаналы пайдаланылуын кешенді тексеру нәтижелерін қарау;
8) ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша заң жобаларын қарау;
9) соғыс жағдайын, төтенше жағдайды енгiзу мәселелерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Құрылтайына бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық міндеттемелерді орындау үшін Қарулы Күштерді пайдалану туралы өтінішін қарау;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функциялар.
3-тарау. Қауіпсіздік Кеңесінің құрамы
6. Қазақстан Республикасының Вице-Президенті, Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бастығы, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері болады.
7. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары тікелей Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына бағынады.
4-тарау. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының өкілеттігі
8. Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы:
1) Қауіпсіздік Кеңесінің қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, заңдылығы мен құқықтық тәртібін, ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды үйлестіреді;
3) Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, ішкі және сыртқы саясаттың, ұлттық қауіпсіздіктің аса маңызды мәселелері бойынша бастамалар жасайды;
4) Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын және жедел кеңестерін шақырады;
5) Қауіпсіздік Кеңесінің және Қауіпсіздік Кеңесі жедел кеңестерінің шешімдерін бекітеді;
6) Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережені бекітеді, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
7) Қауіпсіздік Кеңесінің қызметіне жататын актілерді, оның ішінде нормативтік-құқықтық сипаттағы актілерді шығарады;
8) Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс жоспарларын, Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестерінің күн тәртібін бекітеді, құрамын, оларды өткізу уақытын, орны мен тәртібін айқындайды;
9) Қауіпсіздік Кеңесінің ведомоствоаралық комиссияларын, Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сараптамалық кеңесті құру, олардың міндеттері, функциялары мен лауазымдық құрамы туралы шешім қабылдайды;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
5-тарау. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының өкілеттігі
9. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету мақсатында:
1) Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс жоспарларын енгізеді;
2) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының актілері мен тапсырмаларының, Қауіпсіздік Кеңесі, Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестері шешімдерінің толық орындалуын бақылауды ұйымдастырады;
3) Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына мемлекеттік саясаттың ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, ақпараттық қауіпсіздікті, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимылды, азаматтық қорғауды қамтамасыз ету саласындағы негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізеді;
4) Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын, Қауіпсіздік Кеңесін елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетінің, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, жасанды интеллектіні дамытудың, азаматтардың дербес деректерін қорғаудың, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимылдың, азаматтық қорғаудың өзекті мәселелері туралы ақпарат береді;
5) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың елдің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жасанды интеллектіні дамыту, азаматтардың дербес деректерін қорғау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс- қимыл, азаматтық қорғау саласындағы іс-шараларды іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді;
6) халықаралық, шетелдік, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен Қауіпсіздік Кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасайды, елдің ұлттық қауіпсіздігін, қорғаныс қабілетін, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шараларды өткізеді;
7) Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссияларын, Қауіпсіздік Кеңесінің жанынан Сараптамалық кеңес, инспекция және жұмыс топтарын, сондай-ақ өзге де консультативтік-кеңесші органдар құру, олардың міндеттері, функциялары, лауазымдық құрамы туралы ұсынулар енгізеді, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіреді;
8) осы Ережеге, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының актілері мен тапсырмаларына, Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
10. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары осы Ережеде көзделген өкілеттіктерді іске асыру үшін өз өкілеттігі шеңберінде:
1) Қазақстан Республикасының Вице-Президентімен, Құрылтайымен, Үкіметімен, Президенті Әкімшілігімен, Конституциялық Сотымен, Жоғарғы Сотымен, Ұлттық Банкімен, Жоғары аудиторлық палатасымен, Жоғары Сот Кеңесімен, Сот әкімшілігімен, басқа да мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға;
2) мыналарға:
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарларына;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратына;
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік мен құқық қорғау органдарына;
Қазақстан Республикасының министрліктеріне, өзге де орталық мемлекеттік органдарына және ұйымдарына;
астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне тапсырмалар беруге құқылы.
6-тарау. Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің өкілеттігі
11. Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері:
1) Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел отырыстарына, Қауіпсіздік Кеңесі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылдаған кезде оларды талқылауға және дауыс беруге қатысады;
2) Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін және Қауіпсіздік Кеңесінің жедел отырыстарын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді, үйлестіреді және олардың орындалуын бақылайды;
3) Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс жоспары, оның отырыстары мен жедел отырыстарының күн тәртібі, мәселелерді талқылау тәртібі жөнінде ұсыныстар енгізеді;
4) осы Ережеге, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының актілері мен тапсырмаларына, Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7-тарау. Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ұйымдастыру тәртібі
12. Отырыс – Қауіпсіздік Кеңесі қызметінің негізгі ұйымдастыру нысаны.
Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының төрағалық етуімен өткізіледі.
Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстарын өткізу мерзімділігін Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы айқындайды.
13. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары оның мүшелерінің кемінде үштен екісі болған кезде заңды болады. Қауіпсіздік Кеңесі мүшелерінің отырыстарға қатысуы міндетті, олардың өз өкілеттігін өзге лауазымды адамдарға беруіне жол берілмейді.
14. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының тапсырмасы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің жекелеген мүшелерінің қатысуымен, оның ішінде Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы орынбасарының төрағалық етуімен Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестері өткізілуі мүмкін.
15. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестеріне мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары, сондай-ақ талқыланатын мәселелерге тікелей қатысы бар өзге де адамдар шақырылуы мүмкін.
8-тарау. Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдері
16. Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестерінің қорытындылары тиісінше белгіленген үлгідегі бланкілерде Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі және Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңесінің шешімі нысанында ресімделеді.
17. Қауіпсіздік Кеңесінің және Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестерінің шешімдері Қауіпсіздік Кеңесінің қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болады.
18. Қауіпсіздік Кеңесінің және Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестерінің шешімдері Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы оларды бекіткеннен кейін күшіне енеді, қажет болған жағдайда оның актілерімен іске асырылады.
19. Қауiпсiздiк Кеңесiнің және Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестерінің шешімдері мiндеттi болады және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары, ұйымдары мен лауазымды адамдары мүлтіксіз орындауға тиіс.
9-тарау. Қауіпсіздік Кеңесінің және Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар
20. Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ұйымдастыру шеңберінде Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссиялары, Қауіпсіздік Кеңесінің жанынан Сараптамалық кеңес, инспекция және жұмыс топтары, сондай-ақ өзге де консультативтік-кеңесші органдар құрылуы мүмкін.
Оларды құру, олардың міндеттері, функциялары және лауазымдық құрамы туралы мәселені Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы орынбасарының ұсынуы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы шешеді.
21. Қауіпсіздік Кеңесінің ведомоствоаралық комиссиялары, Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сараптамалық кеңес, инспекция және жұмыс топтары, сондай-ақ өзге де консультативтік-кеңесші органдар:
1) Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестеріне материалдар дайындауға қатысады;
2) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы орынбасарының тапсырмасы бойынша талдамалық және зерттеу жұмысын орындайды;
3) Қауіпсіздік Кеңесіне мемлекеттік саясаттың ұлттық қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, ақпараттық қауіпсіздікті, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді;
4) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы орынбасарының тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.
22. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссияларының, Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сараптамалық кеңестің, инспекция және жұмыс топтарының, сондай-ақ өзге де консультативтік-кеңесші органдардың қызметін үйлестіреді.
23. Қауіпсіздік Кеңесінің ведомоствоаралық комиссияларының, Қауіпсіздік Кеңесінің жанындағы Сараптамалық кеңестің, инспекция және жұмыс топтарының, сондай-ақ өзге де консультативтік-кеңесші органдардың қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді өз өкілдері осы органдардың жұмысына қатысатын мемлекеттік органдар және ұйымдар, сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты (бұдан әрі – Аппарат) жүзеге асырады.
10-тарау. Аппарат
24. Аппарат Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, ол Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс органы болады. Аппарат туралы ережені Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы бекітеді.
_________________