Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Жарлық · № 1462 · қабылданған 11.09.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-229999/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан Қолданыста 11.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан

Қолданыста Жарлық № 1462 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые указы Президента Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Жарлық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
1462
Қабылданған күні
11.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
11.09.2026
Көрсетілген редакция
11.09.2026 I229999_0.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
U2600001462
ЭКБ идентификаторы
229999
Редакция идентификаторы
I229999_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 03:30
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

Қазақстан Республикасы
Президентінің
2026 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 1462 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:
14-тармақта:
бірінші бөлікте:
екінші абзацта:
23) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«23) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен:
Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша;
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген Қазақстан Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері шеңберінде, оның ішінде Қазақстан Ұлттық Банкінің және (немесе) оның еншілес ұйымының цифрлық инфрақұрылымында құрылған цифрлық жүйелерді қоса алғанда, цифрлық жүйелерге өзара қол жеткізу жолымен ақпарат алмасу арқылы өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асырады;
24) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын ақпарат пен мәліметтерді қоса алғанда, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі өзінің өкілеттіктерін іске асыруға қажетті әкімшілік деректерді, оның ішінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Ұлттық Банкінің цифрлық жүйелеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету арқылы береді;»;
49) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«49) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес өзінің цифрлық жүйелері мен ресурстарынан мәліметтер ұсынады;»;
54) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«54) мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарына көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылатын қаржы нарығы және қаржы ұйымдары жөніндегі ақпараттың толықтығы мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында өздеріне тиесілі цифрлық жүйелерді пайдалана отырып, өзінің еншілес ұйымдарымен ақпарат алмасуды жүзеге асырады;»;
19-тармақта:
екінші бөлікте:
үшінші абзацта:
5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«5) банктердің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың цифрлық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне;»;
төртінші абзац мынадай мазмұндағы 6-8) тармақшамен толықтырылсын:
«6-8) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы алған ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің биометриялық деректерін міндетті пайдалану және (немесе) толықтыру жағдайларын қоса алғанда, қаржы және төлем ұйымдарының биометриялық аутентификация жүргізу қағидаларын;».

2. «Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарын бекіту және «Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі № 788 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 167 Жарлығында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттарында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жалпы стандарттары (бұдан әрі – Жалпы стандарттар) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың халықаралық стандарттарының қағидаттары ескеріле отырып, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит туралы заң) 8-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау объектілері мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүргізуі үшін барлық құжаттар мен ақпаратқа, соның ішінде мемлекеттік және өзге де цифрлық жүйелерге еркін, уақтылы және қажетті қол жеткізуін қамтамасыз етеді.»;
85 және 86-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«85. Қадағалау нұсқама беруді, неғұрлым жиі туындайтын проблемалар туралы ақпарат беруді, орындалған жұмысты бақылауды, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау тобында пікір қайшылығы болған жағдайларда дауларды шешуді, сондай-ақ мемлекеттік аудиттің бағдарламасына өзгерістер енгізуді қамтиды.
86. «Сапа бақылауы» стандартының мақсаттары мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары қызметінің, мемлекеттік аудиторлардың әрекетінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету және қызметтік және кәсіби әдеп талаптарын сақтау болып табылады.»;
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«90. Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының аудиторлық қызметінің барлық кезеңі, мемлекеттік аудиторлардың барлық қызметі сапа бақылауына жатады.».

3. «Республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 388 Жарлығында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің жобасына оның шығыстарының негізгі бағыттары бойынша алдын ала бағалау жүргізу қағидаларында:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау деректерін қамтитын цифрлық жүйенің интеграциясы арқылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жоспарланған шығыстары бойынша бюджеттік сұранымдарына және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындыларына Жоғары аудиторлық палатаның қол жеткізуін қамтамасыз етеді.».

4. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ережеде:
14-тармақта:
12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«12) Агенттiктiң «цифрлық үкiмет» цифрлық инфрақұрылымының объектiлерiмен интеграцияланбайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң цифрлық жүйелерiмен интеграцияланатын цифрлық жүйелерiн құру, пайдалану және олардың киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгiлеу;»;
35) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«35) сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру шарттарын жасасуды, сақтанушы мен сақтандырушы арасында цифрлық ресурстармен алмасуды қамтамасыз ететін бағдарламалық-техникалық құралдары мен интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды белгілеу;»;
39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«39) дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым мен сақтандырушының, сақтандырушы мен сақтанушының (сақтандырылушының, пайда алушының) арасында цифрлық ресурстармен алмасу тәртібін айқындау, сондай-ақ сақтандыру ұйымы әріптестерінің цифрлық ресурстармен алмасу үшін пайдаланылатын интернет-ресурстарына қойылатын талаптарды белгілеу;»;
78-8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«78-8) зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған цифрлық жүйелерге қойылатын талаптарды белгілеу;»;
90-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«90-2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы алған ұлттық биометриялық аутентификация жүйесінің биометриялық деректерін міндетті пайдалану және (немесе) толықтыру жағдайларын қоса алғанда, қаржы және төлем ұйымдарының биометриялық аутентификация жүргізу қағидаларын айқындау;»;
204) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«204) «Қазақстан Республикасындағы кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 3-тармағының 9) тармақшасына сәйкес кредиттік бюролар ақпарат берушілерге және кредиттік есептерді алушыларға қоятын талаптарды белгілеу;»;
235) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«235) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен:
Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің тұрақтылығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерге қарыздар, оның ішінде соңғы сатыдағы қарыз беру, сондай-ақ банк олар бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, оларды қайта құрылымдау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің талаптарын қанағаттандыру мәселелері бойынша;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Агенттіктің Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өкілеттіктері шеңберінде, оның ішінде цифрлық жүйелерге өзара қол жеткізу жолымен ақпарат алмасу арқылы өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;».

5. «Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттiгi (бұдан әрi – Агенттiк) – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, стратегиялық жоспарлау, реформалар жүргізу, деректер экономикасын дамыту салаларында, мемлекеттік статистика және әкімшілік цифрлық деректердің сапасын айқындау саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган.»;
14-тармақта:
1) тармақшада:
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Агенттікке, оның ведомствосына және ведомствоның аумақтық бөлімшелеріне жүктелген міндеттердің шешілуін қамтамасыз ететін цифрлық жүйелерді құру және пайдалану;»;
жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар және Қазақстан Республикасының заңымен қорғалатын өзге де құпия туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтай отырып, тексеру нысанасына сәйкес автоматтандырылған дерекқорларға (цифрлық жүйелерге) рұқсат алу;»;
мынадай мазмұндағы жиырма алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«статистикалық қызметті жүзеге асыру үшін ұлттық тіркелімдерде қамтылған әкімшілік цифрлық деректерге мемлекеттік органдардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің дерекқорларын интеграциялау жолымен қамтамасыз етілетін рұқсат алу;»;
2) тармақшада:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының цифрландыру саласындағы заңнамасына сәйкес цифрлық ресурстарды, цифрлық жүйелер мен цифрлық желілерді құру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оларға жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізуін ұйымдастыру;»;
он екінші және он үшінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«цифрлық жүйеде техникалық ақаулардың пайда болғаны, сондай-ақ респонденттерге бастапқы статистикалық деректер ұсыну мерзімін ұзарту және оны техникалық ақаулар жойылғаннан кейін келесі жұмыс күніне ауыстыру туралы хабарламаны ресми интернет-ресурста орналастыру;
пайдаланушыларға сапалы ресми статистикалық ақпаратқа, оның ішінде машинамен оқылатын деректер форматында және статистикалық әдіснамаға бір мезгілде қол жеткізуге тең құқықтарды интернет-ресурста және «цифрлық үкімет» веб-порталының ашық деректер интернет-порталында орналастыру арқылы қамтамасыз ету;»;
15-тармақта:
7-4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7-4) реттеуші интеллектінің цифрлық платформасын, оның ішінде жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып құру және дамыту жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру;»;
27-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«27-1) цифрландыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ұлттық тіркелімдердің тізбесін, олардың құрылымын, эталондық цифрлық деректердің құрамын, сондай-ақ оларды жүргізуге және жаңартып отыруға қойылатын талаптарды келісу;»;
мынадай мазмұндағы 27-2) тармақшамен толықтырылсын:
«27-2) цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының мониторингін жүзеге асыру;»;
61) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«61) мемлекеттік органдармен цифрлық жүйелерді интеграцияламай өзара іс-қимыл жасау туралы бірлескен актілерді әзірлеу және бекіту;»;
65-1) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 82-8), 82-9), 82-10), 82-11) және 82-12) тармақшалармен толықтырылсын:
«82-8) ұлттық тіркелімдерде қамтылған цифрлық деректердің сапасын айқындау;
82-9) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;
82-10) цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларының тізіліміне цифрлық деректер өнімдерімен алмасу және олардың айналымы платформаларын енгізу тәртібі мен өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;
82-11) цифрландыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар, мемлекеттік заңды тұлғалар және квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін цифрлық деректер өнімдерінің құнын бағалаудың үлгілік әдістемесін әзірлеу және бекіту;
82-12) цифрлық деректер өнімін қалыптастыру тәртібін әзірлеу және бекіту;».

6. «Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығында:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 20-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:»;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ережеде:
13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында бірыңғай цифрлық жүйе құру және бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу;»;
14-тармақтың 1) тармақшасында:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«өз құзыреті шегінде мемлекеттік, қызметтік, коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны қорғау жөніндегі талаптарды сақтай отырып, қаржы мониторингі саласында сараптама жүргізу, оқыту бағдарламаларын, әдістемелік материалдарды әзірлеу, бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз ету, цифрлық жүйелерді құру үшін ғылыми-зерттеу және басқа да ұйымдарды, сондай-ақ жекелеген мамандарды жұмысқа, оның ішінде шарттық негізде тарту;»:
сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Агенттікке жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін цифрлық жүйелерді құру, сатып алу, пайдалану және жаңғырту;»;
15-тармақта:
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«9) республикалық деректер базасын қалыптастыруды және жүргізуді ұйымдастыру, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында цифрлық жүйелердің әдіснамалық бірлігі мен келісілген жұмыс істеуін қамтамасыз ету;»;
15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«15) «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Заңда айқындалған қаржы мониторингі субъектілері хабарламаларының мемлекеттік цифрлық тізілімін жүргізу;»;
23) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«23) цифрлық объектілерді сақтауға, Агенттіктің қызметінде оларға заңсыз және (немесе) әдейі емес қол жеткізуді және (немесе) ықпал етуді болғызбауға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру;»;
32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«32) уәкілетті органның сұрау салуы бойынша мемлекеттік органдардың өз цифрлық жүйесінен және ресурсынан мәліметтер ұсыну тәртібін айқындау;»;
19-тармақтың 36-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«36-1) Агенттіктің қарамағындағы ұйымдарға цифрлық жүйелерден ақпарат, мәліметтер және өзге де құжаттарды беру қағидаларын бекітеді;».

7. «Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы № 5 Жарлығында:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы туралы ережеде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жоғары аудиторлық палатаның міндеттері – халықтың тұрмыс жағдайлары сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұлттық ресурстардың (қаржылық, табиғи, өндірістік, кадр, цифрлық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру.»;
14-тармақтың 1) тармақшасының он алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«цифрлық технологиялар саласындағы шарттардың тиімділігіне аудит жүргізуді жүзеге асырады;».
______________________________