Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил подтверждения подлинности электронной цифровой подписи доверенной третьей стороной Республики Казахстан

Бұйрық · № 547/НҚ · қабылданған 09.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-230004/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил подтверждения подлинности электронной цифровой подписи доверенной третьей стороной Республики Казахстан Күшіне енбеген 09.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил подтверждения подлинности электронной цифровой подписи доверенной третьей стороной Республики Казахстан

Күшіне енбеген Бұйрық № 547/НҚ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил подтверждения подлинности электронной цифровой подписи доверенной третьей стороной Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
547/НҚ
Қабылданған күні
09.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
27.09.2026
Көрсетілген редакция
09.09.2026 I230004_0.kaz
Соңғы өзгеріс
09.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039870
ЭКБ идентификаторы
230004
Редакция идентификаторы
I230004_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 03:33
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 57-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің цифрлық шешімдер департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидалары

Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрдің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 547/НҚ
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 57-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапы (бұдан әрі – ҚР СБҮТ) – трансшекаралық өзара іс-қимыл шеңберінде шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбаның және Қазақстан Республикасының аумағында берілген электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын растауды жүзеге асыратын цифрлық жүйе;

2) кеңейтілетін XML белгілеу тілі (eXtensible Markup Language, бұдан әрі – XML) – құрылымдалған және машинамен оқылатын форматта деректерді сақтау және беру үшін пайдаланылатын тіл;

3) куәландырушы орталық (бұдан әрі – КО) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттері сертификаттарының анықтығын, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растайтын заңды тұлға;

4) ет мемлекеттің куәландырушы орталығы (бұдан әрі – шет мемлекеттің КО) – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттері сертификаттарының анықтығын, электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растайтын заңды тұлға;

5) шет мемлекеттің сенім білдірілген үшінші тарапы (бұдан әрі – шет мемлекеттің СБҮТ-і) – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес электрондық құжатқа қол қойған тұлғаға қатысты электрондық құжаттардағы электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркелген уақыт сәтінде автоматтандырылған режимде тексеру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын цифрлық жүйе;

6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілті мен электрондық цифрлық қолтаңба құралдарын пайдалана отырып жасалған, электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын цифрлық жазба (цифрлық деректер жиынтығы);

7) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің сертификаты (бұдан әрі – сертификат) – куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған және электрондық цифрлық қолтаңбаның Кодексте белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға арналған цифрлық жазба;

8) электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылған құжаттардың түпнұсқалығын растау сервисі (Validation of Digitally Signed Document, бұдан әрі – VSD) – электрондық цифрлық қолтаңбаның түпнұсқалығын тексеруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының сервисі, сондай-ақ көрсетілген сервиске жіберілетін электрондық сұрау салу форматы;

9) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің сертификаты (бұдан әрі – сертификат) – куәландырушы орталықтың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған цифрлық жазба, ол электрондық цифрлық қолтаңбаның Кодексте белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға қызмет етеді.

3. ҚР СБҮТ-мен ақпараттық алмасуға қатысушылар:

1) КО;

2) шет мемлекеттің КО-лары;

3) шет мемлекеттердің СБҮТ-тері;

4) ҚР СБҮТ-мен интеграцияланған цифрлық жүйелердің пайдаланушылары.

2-тарау. Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау тәртібі

4. Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын КО берген сертификатты пайдалана отырып қалыптастырылған ЭЦҚ-ның түпнұсқалығы цифрлық жүйелерде Кодекстің 61-бабының 1-тармағына сәйкес Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және оның түпнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес тексеріледі. Электрондық құжат шет мемлекеттердің цифрлық жүйесіне жіберілген жағдайда, ҚР СБҮТ-і Қазақстан Республикасының цифрлық жүйелерінен келіп түсетін сұрау салулар негізінде шет мемлекеттерде ЭЦҚ-ның түпнұсқалығын растау үшін түбіртек береді. ҚР СБҮТ-і түбіртекті берер алдында Электрондық цифрлық қолтаңбаны қалыптастыру және оның түпнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес ЭЦҚ мен сертификаттың түпнұсқалығын тексереді.

5. Шет мемлекеттің КО берген сертификаттарды пайдалана отырып қалыптастырылған ЭЦҚ-ның түпнұсқалығы ҚР СБҮТ-де пайдаланушылар мен цифрлық жүйелердің сұрау салулары негізінде тексеріледі.

6. ҚР СБҮТ ЭЦҚ-ның түпнұсқалығын мынадай шарттар сақталған кезде тексереді:

1) тексерілетін электрондық құжат жеке немесе заңды тұлғаның ЭЦҚ-сымен куәландырылған;

2) ҚР СБҮТ-де тексерілетін сертификатты берген шет мемлекеттің СБҮТ-і немесе шет мемлекеттің КО тіркелген.

7. ЭЦҚ-ның түпнұсқалығын тексеру үшін пайдаланушы немесе цифрлық жүйе ҚР СБҮТ-іне мынадай сұрау салулардың бірін жібереді:

1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша VSD электрондық сұрау салуы;

2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша XML электрондық сұрау салуы.

8. Осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген сұрау салуларды өңдеу нәтижелері бойынша ҚР СБҮТ-і осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес ЭЦҚ-ны тексеру туралы электрондық түбіртекті қалыптастырады. ЭЦҚ-ны тексеру туралы электрондық түбіртектің негізгі деректемелерінің деректер схемасы осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.

9. КО, шет мемлекеттің КО-ның және (немесе) шет мемлекеттің СБҮТ-сінің жауабы негізінде қалыптастырылған ЭЦҚ-ны тексеру туралы электрондық түбіртек ЭЦҚ-ның түпнұсқалығын тексеру нәтижесін растайды және Қазақстан Республикасының аумағында ЭЦҚ-ның түпнұсқалығын растау үшін қажетті әрі жеткілікті болып табылады.

10. ҚР СБҮТ-де ЭЦҚ-ның және (немесе) сертификаттың түпнұсқалығын растау ақысыз жүзеге асырылады.

11. ҚР СБҮТ жауаптарының түрлері:

1) тексеру нәтижесі оң болған жағдайда – «Тексерілді» («Расталды») мәртебесі бар түбіртек;

2) тексеру нәтижесі теріс болған жағдайда – «Тексерілмеді» («Расталмады») мәртебесі бар түбіртек. «Тексерілмеді» мәртебесі бар түбіртек алынған кезде цифрлық жүйенің пайдаланушысы цифрлық жүйенің құралдары арқылы тиісті хабарлама алады;

3) VSD электрондық сұрау салуының құрылымы сәйкес келмеген, не ҚР СБҮТ-де шет мемлекеттің КО немесе шет мемлекеттің СБҮТ-і тіркелмеген жағдайда – «Тексеру мүмкін емес» («шифры шешілмеді», «қате», «бас тарту») мәртебесі бар түбіртек.

Пайдаланушы немесе цифрлық жүйе ҚР СБҮТ-тен алған «Тексерілді» мәртебесі бар түбіртек болған жағдайда, ЭЦҚ-ның және (немесе) сертификаттың түпнұсқалығы ҚР СБҮТ-імен расталған болып есептеледі.

12. ҚР СБҮТ алынған сұрау салулар, оларды өңдеу процесі және қалыптастырылған ЭЦҚ-ны тексеру туралы түбіртектер (транзакциялардың бірегей сәйкестендіргіштері, тексерілген ЭЦҚ туралы мәліметтер, сертификаттар, тексеру кезінде пайдаланылған техникалық деректер, оның ішінде сертификаттардың кері қайтарылу мәртебесі туралы мәліметтер, шет мемлекеттердің СБҮТ-і берген ЭЦҚ-ны тексеру туралы түбіртектер және ЭЦҚ-ны тексеру нәтижесін растау үшін жеткілікті өзге де деректер) туралы ақпаратты транзакциялардың бірегей сәйкестендіргіштерін пайдалана отырып дерекқорда бес жыл бойы сақтайды. Сұрау салулармен бірге берілетін тексерілген электрондық құжаттар мен олардың мазмұны (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес VSD сұрау салуының data жолында және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес XML сұрау салуының қол қойылатын деректер блогында) сақталмайды.

13. Сақтау мерзімі өткеннен кейін алынған сұрау салулар, оларды өңдеу процесі және қалыптастырылған ЭЦҚ-ны тексеру туралы түбіртектер жөніндегі ақпарат ҚР СБҮТ архивіне сақтауға беріледі.

14. ҚР СБҮТ-і шет мемлекеттің СБҮТ-іне тексеру нәтижелері бар түбіртекті ұсыну мүмкіндігі болуы үшін Қазақстан Республикасында аккредиттелген куәландырушы орталықтар берген сертификаттарды тексереді.

15. ҚР СБҮТ-і Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапында тіркелген шет мемлекеттердің КО берген сертификаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының СБҮТ-інде тіркелген шет мемлекеттердің СБҮТ-тері арқылы тексеруге болатын басқа да шет мемлекеттердің КО берген сертификаттарды мүдделі тұлғаларға тексеру нәтижелері бар түбіртекті ұсыну үшін тексереді.

16. ҚР СБҮТ-імен интеграцияланған цифрлық жүйелер ҚР СБҮТ-і қалыптастырған ЭЦҚ-ны тексеру туралы түбіртекті алған кезде кемінде мынадай тексерулерді орындауға тиіс:

1) түбіртектің түпнұсқалығын растайтын ҚР СБҮТ-інің ЭЦҚ-сының түпнұсқалығын тексеруді;

2) алынған түбіртектің куәландырылатын электрондық құжатқа және ЭЦҚ-ға сәйкестігін тексеруді.

1.1 VSD электрондық сұрау салу

Қазақстан Республикасының
сенім білдірілген үшінші
тарапының электрондық
цифрлық қолтаңбасының
түпнұсқалығын растау
қағидаларына
1-қосымша
VSD электрондық сұрау салу
Р/с №
Ха­бар­ла­ма жол­да­ры­ның ата­уы
Ха­бар­ла­ма жол­да­ры­ның тү­рі
Ма­ғы­на­лық маз­мұ­ны
Мін­дет­те­ме
DVCSRequestInformation (сұ­рау са­лу)
1.
requestInformation->version
integer
Сұ­рау са­лу нұс­қа­сы. Әдеп­кі 1
Жоқ
2.
requestInformation->service
ServiceType
Сер­вис тү­рі.
VSD – 2
Иә
3.
requestInformation->nonce
integer
Сақ­тал­ған жол (пай­да­ла­ныл­май­ды)
Жоқ
4.
requestInformation->requestTime
DVCSTime
Таңдауға болатын мәндердің бірі болуы мүмкін-UTC (genTime) уақыты, уақыт белгісі (timeStampToken)
Жоқ
5.
requestInformation->requester
GeneralNames
Таңдауға болатын мәндердің бірі болуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID
Жоқ
6.
requestInformation->requestPolicy
PolicyInformation
Сұрау салу саясаты
Жоқ
7.
requestInformation->dvcs
GeneralNames
Таңдауға болатын мәндердің бірі болуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID
Жоқ
8.
requestInformation->dataLocations
GeneralNames
Таңдауға болатын мәндердің бірі болуы мүмкін – otherName, rfc822Name, dNSName, x400Address, directoryName, ediPartyName, uniformResourceIdentifier, iPAddress, registeredID
Жоқ
9.
requestInformation->extensions
Extensions
Қосымша ақпарат
Жоқ
10.
data
Data
Тексерілетін деректер
Иә
11.
transactionIdentifier
GeneralName
Транзакция идентификаторы
Иә

1.2 XML электрондық сұрау салу

Қазақстан Республикасының
сенім білдірілген үшінші
тарапының электрондық
цифрлық қолтаңбасының
түпнұсқалығын растау
қағидаларына
2-қосымша
XML электрондық сұрау салу
<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?>
<xs:schema xmlns:xs="http://​www.​w3.​org/​2001/​XML​Sche​ma
&​quot; xmlns:doc="urn:EEC:SignedData:v1.0:
EDoc" xmlns:ds="http://​www.​w3.​org/​2000/​09/​xml​dsig#&​quot; targetNamespace=
"urn:EEC:SignedData:v1.0:EDoc" elementFormDefault="qualified"
attributeFormDefault="unqualified">
<xs:import namespace="http://​www.​w3.​org/​2000/​09/​xml​dsig#&​quot;
schemaLocation= "http://​www.​w3.​org/​TR/​2002/​REC-​xmldsig-​core-​200​2021​2/​xmldsig-​core-​schema.​xsd#&​quot;/>
<xs:element name="SignedDoc" type="doc:SignedDocType">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Элек­трон­дық құ­жат</xs:documentation>
</xs:annotation> </xs:element> <xs:complexType name="SignedDocType">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Де­ректер тү­рі «Элек­трон­дық құ­жат»</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:sequence>
<xs:element name="Data">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Элек­трон­дық құ­жат­та­ғы блог</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:complexType>
<xs:complexContent>
<xs:extension base="doc:DataType">
<xs:attribute name="Id" type="xs:ID" use="required"/>
</xs:extension>
</xs:complexContent>
</xs:complexType>
</xs:element>
<xs:element ref="ds:Signature" minOccurs="0">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Се­нім біл­ді­рі­л­ген үшін­ші та­рап тү­бір­те­гі</xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:element>
</xs:sequence>
</xs:complexType>
<xs:complexType name="DataType">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Элек­трон­дық құ­жат­та­ғы блог­тың ти­пі</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:sequence>
<xs:element ref="ds:Signature" maxOccurs="unbounded">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба (элек­трон­дық қол­таң­ба)</xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:element>
<xs:element name="SignedContent">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Қол қо­я­тын де­ректер бло­гы</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:complexType>
<xs:sequence>
<xs:any namespace="##any" processContents="lax" maxOccurs="unbounded">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Элек­трон­дық құ­жат­тар (мә­лі­мет­тер) түр­ле­рі­нің құ­ры­лы­мы</xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:any>
</xs:sequence>
<xs:attribute name="Id" type="xs:ID" use="required">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Қол қой­ы­ла­тын де­ректер бло­гы­ның ат­ри­бут- сәй­кестен­дір­гі­ші</xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:attribute>
<xs:attribute name="DocInstance" type="xs:anyURI" use="required">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Элек­трон­дық құ­жат­тың бі­ре­гей иден­ти­фи­ка­то­ры</xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:attribute>
</xs:complexType>
</xs:element>
</xs:sequence>
</xs:complexType>
</xs:schema>

1.3 Электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің электрондық түбіртегі

Қазақстан Республикасының
сенім білдірілген үшінші тарапының
электрондық цифрлық
қолтаңбасының түпнұсқалығын
растау қағидаларына
3-қосымша
Электрондық цифрлық қолтаңбаны тексерудің электрондық түбіртегі
Р/с №
Ха­бар­ла­ма жол­да­ры­ның ата­уы
Ха­бар­ла­ма жол­да­ры­ның тү­рі
Ма­ғы­на­лық маз­мұ­ны
Мін­дет­те­ме
DVCSResponse(жа­у­ап), 1-жа­у­ап­тың нұс­қа­сы
1.
dvCertInfo->version
integer
Сұ­рау са­лу нұс­қа­сы.
Әдеп­кі 1
Жоқ
2.
dvCertInfo->dvReqInfo
DVCSRequestInformation
Сұ­рау са­лу ту­ра­лы ақ­па­рат
Иә
3.
dvCertInfo->messageImprint
DigestInfo
Сұ­ра­уда­ғы де­ректер­ге ар­нал­ған хэш мәні
Иә
4.
dvCertInfo->serialNumber
Integer
Бі­ре­гей сұ­рау са­лу иден­ти­фи­ка­то­ры
Иә
5.
dvCertInfo->responseTime
DVCSTime
Таң­да­у­ға бо­ла­тын мән­дер­дің бі­рі бо­луы мүм­кін-UTC (genTime) уа­қы­ты, уа­қыт бел­гі­сі (timeStampToken)
Иә
6.
dvCertInfo->dvStatus
PKIStatusInfo
Жа­у­ап күйі
Жоқ
7.
dvCertInfo->policy
PolicyInformation
Жауап саясаты
Жоқ
8.
dvCertInfo->reqSignature
SignerInfos
Сұрау салудың қолы
Жоқ
9.
dvCertInfo->certs
TargetEtcChain
Сертификат
Жоқ
10.
dvCertInfo->extensions
Extensions
Қосымша ақпарат
Жоқ
DVCSResponse(жауап), 2-жауаптың нұсқасы
1.
dvErrorNote->transactionStatus
PKIStatusInfo
Жауап күйі
Иә
2.
dvErrorNote->transactionIdentifier
GeneralName
Транзакция идентификаторы
Жоқ

1.4 Электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру электрондық түбіртегінің негізгі деректемелерінің деректер схемасы

Қазақстан Республикасының
сенім білдірілген үшінші
тарапының
электрондық цифрлық
қолтаңбасының
түпнұсқалығын
растау қағидаларына
4-қосымша
Электрондық цифрлық қолтаңбаны тексеру электрондық түбіртегінің негізгі деректемелерінің деректер схемасы
<?xml version="1.0" encoding="UTF-8"?>
<xs:schema xmlns:xs="http://www.w3.org/2001/XMLSchema"
xmlns:rcpt="urn:EEC:TTP:v1.0:receipt"
targetNamespace="urn:EEC:TTP:v1.0:receipt"
elementFormDefault="qualified" attributeFormDefault="unqualified">
<xs:element name="Receipt" type="rcpt:ReceiptType">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Түбіртектің негізгі деректемелер блогы</xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:element>
<xs:complexType name="ReceiptType">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Түбіртектің негізгі деректемелер блогының типі</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:sequence>
<xs:element name="ReceiptId" type="xs:anyURI">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Құрылған түбіртектің бірегей сәйкестендіргіші</xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:element>
<xs:element name="DocId" type="xs:anyURI">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Электрондық құжаттың сәйкестендіргіші</xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:element>
<xs:element name="Report">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Тексеру нәтижесінің мәлімдемелер блогы</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:complexType>
<xs:choice maxOccurs="unbounded">
<xs:element name="Success" type="rcpt:SuccessType"/>
<xs:element name="Error" type="rcpt:ErrorType"/>
</xs:choice>
</xs:complexType>
</xs:element>
<xs:element name="AttachedData" minOccurs="0">
<xs:annotation>
<xs:documentation>XML форматындағы қосымша мәлімдемелер блогы</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:complexType>
<xs:sequence>
<xs:any namespace="##any" processContents="lax" maxOccurs="unbounded"/>
</xs:sequence>
</xs:complexType>
</xs:element>
</xs:sequence>
<xs:attribute name="Id" type="xs:ID" use="required"/>
</xs:complexType> <xs:complexType name="BaseReportType">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Элементтің базалық типі – тексеру туралы есеп</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:attribute name="Reference" type="xs:anyURI" use="optional"/>
</xs:complexType> <xs:complexType name="SuccessType">
<xs:annotation>
<xs:documentation>СБҮТ тексерісі сәтті өткенін көрсететін элементтің типі</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:complexContent>
<xs:extension base="rcpt:BaseReportType"/>
</xs:complexContent>
</xs:complexType>
<xs:complexType name="ErrorType">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Қате сипаттамасының контейнер типі</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:complexContent>
<xs:extension base="rcpt:BaseReportType">
<xs:sequence>
<xs:element name="ReasonCode">
<xs:annotation>
<xs:documentation>Қате коды</xs:documentation>
</xs:annotation>
<xs:simpleType>
<xs:restriction base="xs:string">
<xs:enumeration value="Signature.Error"/>
<xs:enumeration value="Signature.BadCertificate"/>
<xs:enumeration value="Document.AuthenticityError"/>
</xs:restriction>
</xs:simpleType>
</xs:element>
<xs:element name="ReasonText" type="xs:string" >
<xs:annotation>
<xs:documentation>Қатенің мәтіндік сипаттамасы</xs:documentation>
</xs:annotation>
</xs:element>
</xs:sequence>
</xs:extension>
</xs:complexContent>
</xs:complexType>
</xs:schema>

2 Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасының
Жасанды интеллект
және цифрлық даму министрдің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 9 қыркүйектегі
№ 547/НҚ
бұйрығына қосымша
Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

1. «Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 149 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10615 болып тіркелген).

2. «Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалылығын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1186 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12591 болып тіркелген).

3. «Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының шетелдік электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығын растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 149 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 29 наурыздағы № 121 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16776 болып тіркелген).