Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Алгоритма предоставления доступа к интеграционным сервисам «цифрового правительства» для негосударственных цифровых объектов на возмездной основе

Бұйрық · № 481/НҚ · қабылданған 13.08.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-230026/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Алгоритма предоставления доступа к интеграционным сервисам «цифрового правительства» для негосударственных цифровых объектов на возмездной основе Қолданыста 13.08.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Алгоритма предоставления доступа к интеграционным сервисам «цифрового правительства» для негосударственных цифровых объектов на возмездной основе

Қолданыста Бұйрық № 481/НҚ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Алгоритма предоставления доступа к интеграционным сервисам «цифрового правительства» для негосударственных цифровых объектов на возмездной основе
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік емес цифрлық объектілерге «цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервистеріне ақылы негізде қолжетімділікті ұсынудың Алгоритімің бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
481/НҚ
Қабылданған күні
13.08.2026
Қолданысқа енгізілген күні
16.09.2026
Көрсетілген редакция
13.08.2026 I230026_0.kaz
Соңғы өзгеріс
13.08.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26IPM00481
ЭКБ идентификаторы
230026
Редакция идентификаторы
I230026_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
17.09.2026 19:04
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Мемлекеттік емес цифрлық объектілерге «цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервистеріне ақылы негізде қолжетімділікті ұсынудың Алгоритімің бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінің 14-бабының 2-тармағына, 15-бабының 1) және 2) тармақшаларына, 83-бабының 4-тармағына, Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 22-баына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 13-тармағының 10) тармақшасына, сондай-ақ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2026 жылғы 30 маусымдағы № 3 хаттамасының 1-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:

1. Мемлекеттік емес цифрлық объектілер үшін «цифрлық үкімет» интеграциялық сервистеріне ақылы негізде қолжетімділік беру бойынша қоса жүктелген Алгоритм (бұдан әрі – Алгоритм) бекітілсін.

2. Осы бірлесқан бұйрық қолданысқа енгізілген күнге «цифрлық үкімет» сервисін пайдалану үшін төлем, соның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітілген тарифтер белгіленген интеграциялық сервистерінің иелері олардың пайдалану шарттарының Алгоритмнің талаптарына сәйкес келтірілуін қамтамасыз ететіні белгіленсін.

3. Алгоритмнің субъектілері ретінде қаржы ұйымдарын, төлем нарығының субъектілерін және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдарын айқындалсын.

4. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 368/НҚ бұйрығымен бекітілген «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау саласындағы заңнамасын сақтай отырып, Smart Bridge интеграциялық платформасының, шлюзінің және «цифрлық үкіметтің» өзге де компоненттерінің қолжетімділігін, техникалық қолдауы мен үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.

5. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен келесіні қамтамасыз етсін:

1) осы бірлесқан бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталонды бақылау банкіне енгізу үшін бірлесқан бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2) осы бірлесқан бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

6. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жетекшілік ететін орынбасарына, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің жетекшілік ететін вице-министріне жүктелсін.

7. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 «Цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервистеріне мемлекеттік емес цифрлық объектілер үшін өтеулі негізде қол жеткізуді ұсыну жөніндегі алгоритм

Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің
Басқармасының
2026 жылғы 14 қыркүйектегі
№ Б-208,
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің Төрағасы
2026 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 233 мен
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары –
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрі
2026 жылғы 13 тамыздағы
№ 481/НҚ
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары-
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрінің
2026 жылғы «__»______№___
және
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің төрағасының
2026 жылғы «__» _______№ ____
және
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігінің
төрағасының
2026 жылғы
«__» _______№ ____
бірлескен бұйрығымен
бекітілген
«Цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервистеріне мемлекеттік емес цифрлық объектілер үшін өтеулі негізде қол жеткізуді ұсыну жөніндегі алгоритм

1-тарау. Жалпы ережелер

1. «Цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервистеріне мемлекеттік емес цифрлық объектілер үшін өтеулі негізде қол жеткізуді ұсыну жөніндегі алгоритм (бұдан әрі – Алгоритм) мемлекеттік емес цифрлық объектілер үшін «цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервистеріне ақылы негізде қолжетімділікті беру бойынша қаржы ұйымдары, төлем нарығының субъектілері және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымдары (бұдан әрі - Ұйымдар) пайдалану үшін әзірленген.

2. Мәтін бойынша ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасы Цифрлық кодексінде, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңында және өзге де нормативтік құқықтық актілерде қолданылатын мағынасында пайдаланылады.

3. Ұйымдардың «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерімен интеграциясы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі № 368/НҚ бұйрығымен бекітілген «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларына (бұдан әрі - «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидалары) сәйкес «цифрлық үкіметтің» сыртқы шлюзі арқылы жүзеге асырылады.

4. «Цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервистеріне ақылы негізде қолжетімділік «цифрлық үкімет» операторымен жасалатын қызмет көрсету шарты шеңберінде жүзеге асырылады.

5. Қызмет көрсетуге шарт жасалмаған жағдайда, «цифрлық үкіметтің» операторы «цифрлық үкіметтің» цифрлық объектілерін интеграциялау қағидаларының 4-тармағы екінші бөлігінің негізінде «цифрлық үкімет» сервистеріне қолжетімділікті тоқтатады.

6. «Цифрлық үкіметтің» операторының «цифрлық үкіметтің» инфрақұрылымына қолжетімділік үшін алған қаражаты «цифрлық үкіметтің» компоненттерін қолдауға, жаңғыртуға және дамытуға пайдаланылады.

2-тарау. «Цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервистерін пайдаланудың ақылылығын белгілеу шарттары мен тәртібі

7. «Цифрлық үкімет» инфрақұрылымына қолжетімділіктің құны «цифрлық үкімет» инфрақұрылымына нақты түсетін жүктемеге және «цифрлық үкімет» операторының «цифрлық үкіметтің» жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған технологиялық байланысты қызмет түрлері бойынша шығыстарына сүйене отырып есептеледі және белгіленеді.

8. «Цифрлық үкімет» инфрақұрылымына ақылы негізде қолжетімділікпен қатар, «цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервистерінің иелері қосылатын қаржы Ұйымдары үшін оларды пайдаланудың ақылылығын белгілей алады.

9. «Цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервистерін пайдаланудың ақылылығы төмендегі өлшемшарттар бір мезгілде сақталған кезде ғана енгізіледі:

1) «цифрлық үкімет» сервисінің иесі оны құру, дамыту немесе қолдауға инвестициялар жүзеге асырады;

2) «цифрлық үкімет» сервисі үшін қолжетімділік көрсеткіштерін, реакция мерзімдерін, инциденттерді жою тәртібін және тараптардың жауапкершілігін айқындайтын қызмет көрсету деңгейі (SLA) белгіленген. SLA Smart Bridge интеграциялық платформасында орналастырылады;

3) қосылу шарттары бірыңғай, ашық және кемсітушіліксіз болып табылады;

4) «цифрлық үкімет» сервисін өтеулі негізде ұсыну және ақы алу Қазақстан Республикасының заңнамасына және оның иесінің құзыретіне сәйкес келеді;

5) «цифрлық үкімет» сервисін пайдалану құнын оның иесі өз құзыреті шегінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындаған.

Осы тармақта көзделген өлшемшарттардың кез келгені кейіннен сақталмаған жағдайда, оның ішінде сервис иесі SLA көрсеткіштерін бұзғанда, «цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервисін пайдалануды ақылылығын енгізу туралы шешім және (немесе) ақы мөлшері қайта қаралуға жатады, оның ішінде бұзушылық кезеңі үшін құн азайтылады немесе қайта есептеледі, не ақылылық туралы шешімнің күші жойылуға жатады.

10. «Цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервисін пайдалану құны туралы ақпарат «цифрлық үкімет» операторымен Smart Bridge интеграциялық платформасында көрсетілуі тиіс.

11. «Цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервисін пайдаланудың ақылылығын енгізу үшін оның иесі Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне төмендегілерді қамтитын өтінім жібереді:

1) «цифрлық үкімет» сервисінің сипаттамасы, оның мақсаты және әлеуетті пайдаланушылар тобы;

2) «цифрлық үкімет» сервисін оған қосылатын тараптардың пайдалануының ақылылығын енгізудің құқықтық және экономикалық негіздемесі;

3) шығындар мен инвестициялардың есеп-қисабы қоса берілген ұсынылатын құн;

4) ақылылықты енгізу есебінен мемлекеттік бюджетке түсетін жүктеменің төмендеуінің болжамды есептері;

5) SLA жобасы;

6) қосылудың техникалық және ұйымдастырушылық шарттары;

7) техникалық дайындық және киберқауіпсіздік, дербес деректерді және заңмен қорғалатын өзге де ақпаратты қорғау талаптарының сақталуы туралы мәліметтер;

8) Қазақстан қаржыгерлер Ассоциациясы мен Ұйымдардың қатысуымен өткізілген қоғамдық тыңдаулардың (талқылаулардың) нәтижелері.

12. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі белгіленген тәртіппен келіп түсетін өтінімдердің олар бойынша оң шешім қабылдау, қабылдамау не материалдарды пысықтауға қайтару үшін Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына шығарылуын қамтамасыз етеді.

13. Өтеусіз негізде ұсынылатын «цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервистерінің тізбесі (бұдан әрі – өтеусіз сервистер тізбесі) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен айқындалады.

14. Төмендегілердің негіздердің кем дегенде біріне сәйкес келетін сервистер өтеусіз сервистерге жатады:

1) нормативтік міндеттілік – «цифрлық үкімет» сервисін пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарында, кодекстерінде немесе нормативтік құқықтық актілерінде, оның ішінде қаржы нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде тікелей көзделген және субъектінің орындауы үшін және Ұйым үшін орындалуы міндетті болып табылады.

2) мемлекеттік органдар алдындағы міндетті есептілік – «цифрлық үкімет» сервисі Ұйым тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген салық, қадағалау, құқық қорғау немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарды хабардар ету немесе олардың алдында есеп беру жөніндегі заңнамада белгіленген талаптарды орындау үшін субъектінің мәліметтерді мемлекеттік ақпараттық жүйелерге жіберуі мақсатында ғана пайдаланылады.

15. Ұйымдар қолданатын және осы Алгоритмнің 14-тармағында көрсетілген негіздердің кемінде біреуіне сәйкес келетін «цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервистеріне қатысты Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі ведомнаралық комиссияның отырысына мәселені шығармай-ақ, мұндай сервистерді тегін сервистер тізіміне енгізу туралы шешім қабылдайды.

16. Осы Алгоритмнің 14-тармағында көзделген негіздерге сәйкес келмейтін «цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервистерін пайдалануды ақылы енгізу туралы келіп түсетін өтінімдер, сондай-ақ «цифрлық үкіметтің» тегін сервистерінің тізіміне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері жөніндегі ведомнаралық комиссияның отырысында қаралады.

17. «Цифрлық үкіметтің» ақысыз сервистер тізіміне енгізілген «цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервистері Smart Bridge интеграциялық платформасында жарияланған кезде тиісті айырыма белгіні қамтуы тиіс.

18. Мемлекеттік қызметтер мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия «цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервистерін пайдалануды ақылы енгізу туралы оң шешім қабылдаған жағдайда, пайдалану үшін ақылы енгізілген «цифрлық үкіметтің» интеграциялық сервистерін пайдалану үшін әрі қарай есеп айырысу «цифрлық үкімет» операторымен жасалатын қызмет көрсету шарты шеңберінде жүзеге асырылады.