Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками
- Атауы (қаз.)
- Жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын белгілеу (қоғамдық сервитут) туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 09-331
- Қабылданған күні
- 07.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 27.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 07.09.2026 I230053_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26BT09331A
- ЭКБ идентификаторы
- 230053
- Редакция идентификаторы
- I230053_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 17.09.2026 03:33
0 Жер учаскелеріне
шектеулі пайдалану
құқығын белгілеу
(қоғамдық сервитут)
туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес, Ақмола облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мемлекеттік мекемесінің 2026 жылғы 28 тамыздағы № 03-08/874 хаты негізінде, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосшы қаласында инженерлік желілерді орналастыру және оларға қызмет көрсету үшін жобаланатын ұзындығы 1668 метр қосымшаға сәйкес схема бойынша жер учаскелеріне «Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесі үшін 5 жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қоғамдық сервитут) белгіленсін.
2. «Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу туралы жазбаша хабарлама жолдасын.