Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил аккредитации журналистов (представителей средств массовой информации) при Министерстве водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан

Бұйрық · № 291-НҚ · қабылданған 11.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-230059/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Правил аккредитации журналистов (представителей средств массовой информации) при Министерстве водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан Күшіне енбеген 11.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил аккредитации журналистов (представителей средств массовой информации) при Министерстве водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан

Күшіне енбеген Бұйрық № 291-НҚ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил аккредитации журналистов (представителей средств массовой информации) при Министерстве водных ресурсов и ирригации Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
291-НҚ
Қабылданған күні
11.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
29.09.2026
Көрсетілген редакция
11.09.2026 I230059_0.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26MA000291
ЭКБ идентификаторы
230059
Редакция идентификаторы
I230059_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:41
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

«Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Нормативтік жарияланым және қоғамдық коммуникация басқармасы:

1) осы бұйрық қол қойылған күннен бастап бес күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық нысанда қазақ және орыс тілдерінде жолдауды;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 291-НҚ бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі жанындағы журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 28-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарының журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі – аккредиттеу картасын беру арқылы бұқаралық ақпарат құралдарын және олардың журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің автоматтандырылған процесі;

2) бас редактор (редактор) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және бұқаралық ақпарат құралының өнімін шығаруға және таратуға тиісті өкілеттіктері бар жеке тұлға;

3) бірыңғай медиа платформа – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруға арналған ақпараттық жүйе;

4) бұқаралық ақпарат құралы – мерзімді баспа басылымы, телеарна, радиоарна, интернет-басылым;

5) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы – бұқаралық ақпарат құралының материалдарын жинауды, әзірлеуді, шығаруды және таратуды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;

6) журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) аккредиттеу – журналисті тағайындау рәсімі және Министрліктің оның өкілеттігін тануы;

7) журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясымен еңбек немесе өзге де шарттық қатынастар негізінде бұқаралық ақпарат құралы үшін хабарлар мен материалдарды жинау, өңдеу және әзірлеу қызметін жүзеге асыратын жеке тұлға;

8) іс-шара регламенті – Министрлік өткізетін іс-шараны жүргізу тәртібін айқындайтын құжат.

3. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу Министрліктің қызметі туралы жұртшылықты кеңінен және жедел хабардар ету мақсатында жүзеге асырылады.

2-тарау. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеу тәртібі

1-параграф. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу

4. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу Министрліктің жанында оның орналасқан жеріне және аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) тұрақты тұратын жеріне қарамастан жүргізіледі.

5. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін) тұрақты аккредиттеу бір жыл мерзімге жүзеге асырылады.

6. Министрлік өзінің интернет-ресурсында журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) қазақ және орыс тілдерінде тұрақты аккредиттеуді жүргізуге өтініштерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарландыруды орналастырады.

7. Министрлік он жұмыс күні ішінде министрлік жанынан өз журналистерін (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеуге тілек білдірген бұқаралық ақпарат құралдары осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімін қоса бере отырып, бас редактордың және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің қолымен ұсынады.

8. Тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті қарау мерзімі - осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды қабылдау аяқталған күннен бастап үш жұмыс күні.

Аса маңызды мемлекеттік объектілерде және стратегиялық объектілерде тұрақты аккредиттеу туралы өтінішті қарау мерзімі - он жұмыс күні.

9. Министрлік өтінішті қарау қорытындылары бойынша өтініш берушілерді мынадай шешімдердің бірі туралы:

1) аккредиттеу туралы;

2) аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етеді.

10. Аккредиттелген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) мына:

1) Министрліктен алынған ақпаратты оның атынан аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жинау және тарату;

2) Министрлік жүргізетін іс-шаралар регламентін сақтау;

3) аса маңызды мемлекеттік объектілер мен стратегиялық объектілердің өткізу және объектішілік режимін сақтау шарттарын сақтайды.

11. Министрлік өткізілетін іс-шараның регламентін бекітеді.

12. Тұрақты аккредиттеуден бас тартуға:

1) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

2) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;

3) тізілімде есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының болмауы негіз болып табылады.

Тұрақты аккредиттеуден заңсыз бас тартуға журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануы мүмкін.

13. Журналистті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) тұрақты аккредиттеуден айыру үшін:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себептерін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) бұқаралық ақпарат құралының меншік иесінің журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) аккредиттеуден айыру туралы өтініші;

2) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкілі) таратқан Министрліктің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

3) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

4) осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген талаптарды екі және одан да көп рет бұзу негіз болып табылады.

14. Министрлік негіздемені анықтаған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 13-тармағында көзделген себептерді көрсете отырып, журналисті (бұқаралық ақпарат құралының өкілін) аккредиттеуден айырылғаны туралы бұқаралық ақпарат құралын хабардар етеді.

15. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) тұрақты аккредиттеуден айыру алты ай мерзімге жүзеге асырылады.

16. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) аккредиттеудің оңайлатылған тәртібі жағдайында бірыңғай медиаплатформа арқылы «Масс-медиа туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 28-бабының 1-тармағына сәйкес масс-медиа саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен аккредиттеу карталары беріледі.

2-параграф. Журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) уақытша аккредиттеу

17. Уақытша аккредиттеу журналистерге нақты іс-шараны жариялау үшін қажетті мерзімге беріледі және тиісті іс-шара өткізілгенге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

18. Уақытша аккредиттеуді алу үшін бұқаралық ақпарат құралдары осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналистерді (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін) уақытша аккредиттеу туралы өтінішті аккредиттелетін журналистердің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі) және аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілінің) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімін қоса бере отырып, бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының және (немесе) меншік иесінің қолымен ұсынады.

19. Министрлік өтінішті қарау қорытындылары бойынша өтініш берушілерді мынадай шешімдердің бірі туралы:

1) аккредиттеу туралы;

2) аккредиттеуден бас тарту туралы жазбаша және (немесе) электрондық түрде хабардар етеді.

20. Уақытша аккредиттелген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) мына:

1) Министрліктен алынған ақпаратты оның атынан аккредиттеуге тиісті өтініш келіп түскен бұқаралық ақпарат құралдарында ғана жинау және тарату;

2) Министрлік өткізетін іс-шаралар регламентін сақтау;

3) аса маңызды мемлекеттік объектілер мен стратегиялық объектілердің өткізу және объектішілік режимін сақтау шарттарын сақтайды.

21. Уақытша аккредиттеуден бас тартуға:

1) бұқаралық ақпарат құралының өнімін таратуды не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды тоқтата тұру не тоқтату туралы заңды күшіне енген сот шешімінің болуы;

2) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;

3) тізілімде есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының болмауы негіз болып табылады.

1 Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) тұрақты аккредиттеу туралы ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі жанындағы журналистерді
(бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдерін) аккредиттеу
қағидаларына 1-қосымша
Нысан
__________________________
кімге (аккредиттеуші ұйымның атауы)
__________________________
кімнен (бұқаралық ақпарат
құралының атауы)
Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) тұрақты аккредиттеу туралы
ӨТІНІШ
Сізден төменде көрсетілген журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі) ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы) аккредиттеуді сұраймын.
Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:
1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:__________________________________;
2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін):______________________________________________________________;
3) телефондардың, факстардың нөмірлері, бұқаралық ақпарат құралының электрондық мекенжайы: ____________________________________________________________________
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
2) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімі.
Өтініште көрсетілген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)
___________________________________________ қызметкері екенін растаймын.
(бұқаралық ақпарат құралының атауы)

2 Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) аккредиттеуден айыру туралы ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі жанындағы журналистерді
(бұқаралық ақпарат құралдарының
өкілдерін) аккредиттеу
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
__________________________
кімге (аккредиттеуші ұйымның
атауы)
__________________________
кімнен (бұқаралық ақпарат
құралының атауы)
Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) аккредиттеуден айыру туралы
ӨТІНІШ
Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)
______________________________________________________
аккредиттеуден айыруыңызды сұраймын (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).
Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:
1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:_________________________________;
2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін): ___________________________________________________________________;
3) бұқаралық ақпарат құралының телефондары, факс нөмірлері, электрондық мекенжайы: _________________________________________________________
______________________ бұқаралық ақпарат құралының бас редакторының
және (немесе) меншік иесінің қолы)
20__жылғы «___» ________

3 Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) уақытша аккредиттеу туралы ӨТІНІШ

Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрлігі жанындағы
журналистерді (бұқаралық
ақпарат құралдарының
өкілдерін) аккредиттеу
қағидаларына
3-қосымша
Нысан
_________________________
кімге (аккредиттеуші ұйымның
атауы)
__________________
кімнен (бұқаралық ақпарат
құралының атауы)
Журналисті (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілін) уақытша аккредиттеу туралы
ӨТІНІШ
Сізден журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)
______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), телефон, факс нөмірі, электрондық мекенжайы)
уақытша аккредиттеуді сұраймын.
Бұқаралық ақпарат құралы туралы мәліметтер:
1) бұқаралық ақпарат құралының атауы:_______________________________;
2) бұқаралық ақпарат құралының заңды мекенжайы (жеке тұлғалар үшін) және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін): _____________________________________;
3) бұқаралық ақпарат құралының телефондары, факс нөмірлері, электрондық мекенжайы:_______________________________________________.
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
2) аккредиттелетін журналистің (бұқаралық ақпарат құралдары өкілінің) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дербес деректерді пайдалануға келісімі.
Өтініште көрсетілген журналист (бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі)
____________________________________________
қызметкері екенін растаймын. (бұқаралық ақпарат құралының атауы)
_____________________ (бұқаралық ақпарат құралының бас
редакторының және (немесе) меншік иесінің қолы)
20__жылғы «___» _________