Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы

Бұйрық · № 431-НҚ · қабылданған 11.09.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-230063/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Күшіне енбеген 11.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в некоторые приказы

Күшіне енбеген Бұйрық № 431-НҚ 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы
Атауы (қаз.)
Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
431-НҚ
Қабылданған күні
11.09.2026
Қолданысқа енгізілген күні
29.09.2026
Көрсетілген редакция
11.09.2026 I230063_0.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2600039880
ЭКБ идентификаторы
230063
Редакция идентификаторы
I230063_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
19.09.2026 03:41
Актінің мәртебесі расталмаған. Тізілім коды танылмады, сондықтан бұл бет актінің заңдық күші туралы ештеңе айтпайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

0 Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрі
2026 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 431-НҚ бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

1. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 1 шілдедегі № 271-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33016 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларында:
көрсетілген Қағидалардың қосымшасы осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 283-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33114 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру қағидаларында:
2-тармақтың 5)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) конкурстық өтінім – Қазақстан Республикасы азаматының осы Қағидалардың талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген, конкурсқа қатысуға арналған өтініші;»;
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) «Цифрлық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;»;
көрсетілген Қағидалардың 1 және 2-қосымшасы осы Тізбеге 2 және 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген Қағидалардың 4, 5 және 6-қосымшасы осы Тізбеге 4, 5 және 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

3. «Республикалық жастар форумын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушысының 2025 жылғы 5 маусымдағы № 260-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36271 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Республикалық жастар форумын өткізу қағидаларында:
7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Форум делегаттарының құрамын қалыптастыру Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен әділет органдарында тіркелген жастар ұйымдарының қатысуымен астанада, облыстарда және республикалық маңызы бар қалаларда өңірлік форумдарда жүргізіледі.
8. Делегациялардың сандық құрамы Қазақстан Республикасы жастарының жалпы санынан астананың, әр облыстың және республикалық маңызы бар қалалардың жастары санының пайыздық арақатынасына байланысты қалыптастырылады. Форумға қатысу үшін жастар ұйымдарын Форум делегаттарының жалпы санының 10 пайыздан аспайтын көлемінде қосымша шақыра алады.».

1 «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған тіркеу өтінімі

Тізбеге 1-қосымша
«Дарын» мемлекеттік
жастар сыйлығын
беру қағидаларына
қосымша
Нысан
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын алуға арналған
тіркеу өтінімі
1. Тегі _______________________________
Аты _________________________________
Әкесінің аты (ол болған жағдайда)________________________________
2. Туған күні __________________________
3. Ұсынушы ұйымның толық атауы ______
4. Номинация _________________________
5. Образование ________________________
6. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) _____________________________
7. Ағымдағы қызметі (кандидаттың жұмыс орны, лауазымы/оқу орны) ______________
8. Жұмыс өтілі (жұмыс істейтін Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) ________________________________
9. Тұрғылықты мекенжайы ______________
10. Байланыс телефоны _________________
11. Электрондық пошта _________________
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру қағидаларының 9-тармағына сәйкес өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
1.
2.
Ұйым басшысы _____ __________________(қолы)
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мөр қою орны (болған жағдайда) 20__ жылғы «____» ____________________

2 «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру конкурсына қатысу үшін конкурстық өтінім

Тізбеге 2-қосымша
«Тәуелсіздік ұрпақтары»
грантын беру қағидаларына
1-қосымша
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру конкурсына
қатысу үшін конкурстық өтінім
1. Тегі ______________________________________________________________
Аты ________________________________________________________________
Әкесінің аты (ол болған жағдайда) ______________________________________
2. Туған күні ________________________________________________________
3. Грант жобасының бағыты (көрсетілген бағыттардың бірін таңдаңыз:
«Ғылым», «Мәдениет», «Цифрлық технологиялар», «Бизнес», «Медиа»,
«Волонтерлік») _____________________________________________________
4. Білімі (жоғары, орта, оқу орнының атауы)
____________________________________________________________________
5. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) ____________________
____________________________________________________________________
6. Қазіргі қызметі (үміткердің жұмыс орны, лауазымы/оқу орны) ____________
____________________________________________________________________
7. Байланыс деректері (ұялы/жұмыс телефоны, электрондық пошта) _________
____________________________________________________________________
8. Тұратын мекенжайы (облыс, қала, көше, үй/пәтер) _______________________
____________________________________________________________________
20__ жылғы «____» ___________________ Қолы _________

3 Жобаның сипаттамасы

Тізбеге 3-қосымша
«Тәуелсіздік ұрпақтары»
грантын беру қағидаларына
2-қосымша
Жобаның сипаттамасы
Жобаның атауы және бағыты
Жобаның жетекшісі (үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Жобаның қысқаша сипаттамасы
Нысаналы аудитория
Жобаның миссиясы
Бастаманың негіздемесі
Жобаның мақсаттары
Жобаның міндеттері
Жобаны іске асыру мерзімдері
Жобаның сәттілігін бағалаудың нысаналы көрсеткіштері мен өлшемшарттары
Жоба өнімі
Жобаның мүдделі тараптары
Жобаны іске асыру құны бойынша алдын ала болжамдар
Жобаның шектеулері (тәуекелдері)
Жобаны іске асыру географиясы (астана, облыс, республикалық маңызы бар қалалар)

4 «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру үшін грант алушыларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия мүшесінің бағалау парағы

Тізбеге 4-қосымша
«Тәуелсіздік ұрпақтары»
грантын беру қағидаларына
4-қосымша
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын беру үшін грант алушыларды іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия мүшесінің бағалау парағы
Комиссия мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
________________________________
Грант бағыты
____________________________________________________________________
№ п/п
Үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Жобаның атауы
Қорытынды балл
1
2
3
4
1.
2.
...
20__ жылғы «____» _________________
Қолы _________

5 АРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЕСЕП

Тізбеге 5-қосымша
«Тәуелсіздік ұрпақтары»
грантын беру қағидаларына
5-қосымша
АРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЕСЕП
Грант алушы:
Грант тақырыбы:
Грант сомасы:
1. Орындалған жұмыстар туралы ақпарат

Жо­ба­ның мін­дет­те­рі
Жо­ба шең­бе­рін­де­гі іс-ша­ра­лар
Жо­ба­ны орын­дау мер­зі­мі
Әле­умет­тік жо­ба өнім­де­рі бой­ын­ша ны­са­на­лы ин­ди­ка­тор­лар­ға қол жет­кі­зу дең­гейі
Қа­ты­су­шы­лар са­ны
Си­патта­ма (Егер есеп бе­ру ке­зін­де қыз­мет іші­на­ра орын­дал­са, он­да орын­дал­ған жұ­мыс си­патта­ла­ды. Бұ­дан бас­қа, осы тар­мақ­ты си­паттау ке­зін­де жо­ба­ны іс­ке асы­ру шең­бе­рін­де ны­са­на­лы топ өкіл­де­рі не ал­ды де­ген сұ­р­ақ­қа жа­у­ап бе­ру қа­жет)
Қо­са бе­рі­л­ген рас­тай­тын құ­жат­тар (фо­то­су­рет­тер, сі­л­те­ме­лер және ті­зім­дер)
Іс-ша­ра­лар құ­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
2. Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде қызметті (жарнаманы қоса алғанда) жариялау
Бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­ры, әле­умет­тік же­лі­лер
Ба­сы­лым­дар­дың ата­уы
Қам­ту, дең­гей
Жа­ри­я­ла­ным­дар са­ны
Шы­ғу кү­ні, сі­л­те­ме
1
2
3
4
5
оның ішін­де:
3. Егер бар болса, белгілі бір әрекет бойынша сәттілік тарихын жазыңыз
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Грант алушы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда):
Толтыру күні ________ Қолы ________

6 АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ЖҰМСАЛУЫ ТУРАЛЫ АРАЛЫҚ/ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП

Тізбеге 6-қосымша
«Тәуелсіздік ұрпақтары»
грантын беру қағидаларына
6-қосымша
АҚША ҚАРАЖАТЫНЫҢ ЖҰМСАЛУЫ ТУРАЛЫ
АРАЛЫҚ/ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП
Грант алушы:
Грант тақырыбы:
Грант сомасы:

Шығыстар бабының атауы
Шығындар сметасы
№ 1 аралық есеп
№ 2 аралық есеп
Қорытынды есеп
Қалдығы
1
2
3
4
5
6
7
1.
2.
3.
...
Жиыны
Грант алушы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда):
Толтыру күні ____________
Қолы ____________
АҚША ҚАРАЖАТЫН ЖҰМСАУДЫҢ НЕГІЗДЕМЕСІ
1.
2.
3.
...