Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в городе Шымкент
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы в городе Шымкент
- Атауы (қаз.)
- Шымкент қаласында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 4287
- Қабылданған күні
- 10.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 17.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 10.09.2026 230064_841298.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26UA04287A
- ЭКБ идентификаторы
- 230064
- Редакция идентификаторы
- 230064_841298
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 18.09.2026 04:05
0 Шымкент қаласында мектепке дейiнгi
тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру
тапсырысын, ата-ана төлемақысының
мөлшерін бекіту туралы
«Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 3-тармағының 7-1) тармақшасына және 62-бабының 6-тармағына сәйкес Шымкент қаласының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Шымкент қаласында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Шымкент қаласының білім басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан туындайтын қатынастарға қолданылады.
8 Шымкент қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «10» қыркүйектегі
№ 4287 қаулысына қосымша
Шымкент қаласында мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы, ата-ана төлемақысының мөлшері
жыл
Шымкент қаласында мектепке дейінгі ұйымдарындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы
Бір тәрбиеленушіге бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) (арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен коррекциялық топтарын қоспағанда)
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы тәрбиеленушілер саны
Мектепке дейінгі ұйымдарда бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құнының бір айдағы мөлшері (теңге)
Мемлекет тік мектепке дейінгі ұйым
Жекеменшік мектепке дейінгі ұйым
Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы дамыту топтары (10,5- сағаттық режимдегі топ)
Мектепке дейінгі ұйымдағы жалпы дамыту топтары (толық емес күн болатын топтар)
Мектепке дейінгі ұйымдағы санаторлық топтары (10,5- сағаттық режимдегі топ)
Мектепке дейінгі ұйымдағы коррекциялық топтары (10,5- сағаттық режимдегі топ)
Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым мен мемлекеттік тапсырыс орналастырылған жекеменшік мектепке дейінгі ұйым (жас ерекшелігіне қарай)
3 жасқа дейін
3-6 жас
2026
18 426
58 288
57608
24550
85515
102514
544,58
686,04