Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками

Қаулы · № 06-244 · қабылданған 25.06.2026
Заңдық күші: Күшіне енбеген · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-230070/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками Күшіне енбеген 25.06.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками

Күшіне енбеген Қаулы № 06-244 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении права ограниченного пользования (публичный сервитут) земельными участками
Атауы (қаз.)
Жер учаскелеріне шектеулі пайдалану құқығын белгілеу (қоғамдық сервитут) туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшіне енбеген
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
06-244
Қабылданған күні
25.06.2026
Қолданысқа енгізілген күні
28.09.2026
Көрсетілген редакция
25.06.2026 I230070_0.kaz
Соңғы өзгеріс
25.06.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26BT06244A
ЭКБ идентификаторы
230070
Редакция идентификаторы
I230070_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:05
Акт күшіне енбеген. Қабылданған, бірақ әлі қолданысқа енгізілмеген. Қолданысқа енгізілу күні — 28.09.2026.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Жер учаскелеріне

шектеулі пайдалану
құқығын белгілеу
(қоғамдық сервитут)
туралы
Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 69-бабының 4-тармағына сәйкес, 2026 жылдың 24 маусымдағы № 01-19/289 «Қосшы қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің өтініші негізінде, Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосшы қаласы, Бәйтерек шағын ауданы мекен жайында абаттандыруды жүргізу үшін, ауданы 4,1336 га, «Қосшы қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүдделері үшін, жер схемасына сәйкес, 3 жыл мерзімге жер учаскілеріне шектеулі пайдалану құқығын белгілеу (қоғамдық сервитут) орнатылсын.

2. «Қосшы қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмейтін мерзімде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға шектеулі пайдалану құқығын (қоғамдық сервитут) белгілеу туралы жазбаша хабарлама жолдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Ибраеваға жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қосымша Қосшы қаласы

әкімдігінің қаулысына

" " 2026 жыл