Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел сельского хозяйства Карасайского района»

Қаулы · № 311 · қабылданған 11.09.2026
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-230073/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел сельского хозяйства Карасайского района» Қолданыста 11.09.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел сельского хозяйства Карасайского района»

Қолданыста Қаулы № 311 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о государственном учреждении «Отдел сельского хозяйства Карасайского района»
Атауы (қаз.)
«Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
exe
Нөмірі
311
Қабылданған күні
11.09.2026
Көрсетілген редакция
11.09.2026 I230073_0.kaz
Соңғы өзгеріс
11.09.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G26DK00311A
ЭКБ идентификаторы
230073
Редакция идентификаторы
I230073_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
18.09.2026 04:04
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.09.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік

мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31,37-баптарына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18,124-баптарына, «Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес, Қарасай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.

2. «Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (С.Жарқымбаев) белгіленген тәртіппен Ережені аумақтық уәкілетті органдарда мемлекеттік тіркеуден өткізсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасай ауданы әкімінің орынбасары А. Жандосовқа жүктелсін.

4 Қарасай ауданы әкімдігінің

2026 жылғы «____» _________
№________қаулысымен
бекітілген қосымша
Утверждено постановлением акимата Карасайского районаот от «___» _______ 2026 года
№______________________
«Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕСІ
ПОЛОЖЕНИЕ
Государственного учреждении
«Отдел сельского хозяйства Карасайского района»
Қарасай ауданы әкімдігінің
2026 жылғы «____» __________
№______қаулысына қосымша
«Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім) Қарасай ауданының аумағындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

6. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

7. Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешiмдер қабылдайды.

8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

9. Мемлекеттік мекеменің мемлекеттік тілдегі толық атауы: «Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040900, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы, Абылайхан көшесі, № 213.

11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлімнің қызметiн қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Бөлімге ауыл шаруашылығы субъектілерімен Бөлімнің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

14. Мақсаттары: Қарасай ауданының аумағында ауыл шаруашылы саласындағы мемлекеттiк басшылықты жүзеге асыру.

15. Өкілеттіктері:

Құқықтары:

1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;

2) Бөлімнің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;

3) қызметтік құжаттарды, хаттарды, заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау, азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауын ұйымдастыру;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

Мiндеттерi:

1) Қарасай ауданының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

2) әлеуметтік мемлекеттік қолдау шараларын көрсету;

3) жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлылығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығын реттеу;

4) шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау;

5) бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімін және оның қайта өңдеу өнімдерін өндірудің экономикалық жағдайларын жасау;

6) «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, ауыл шаруашылығы тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді сапалы жүргізу;

7) агроөнеркәсiптiк кешенді тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамытуды қамтамасыз ету;

8) аграрлық сектордың ұтымды және тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;

9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

10) аудан бойынша жайылымдарды басқару оларды пайдалану жөніндегі жоспарды екі жылда бір бекітуді тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдарды ұтымды пайдалануды жүзеге асыру;

16. Функциялары:

1) агроөнеркәсiптiк кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес мемлекеттiк қолдауды жүзеге асыру;

2) ауылдық аумақтарды дамытудың мониторингін жүргізу;

3) агроөнеркәсiптiк кешен мен ауылдық аумақтар саласында жедел ақпарат жинауды жүргізу және оны облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;

4) Қарасай ауданында азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және облыстың жергілікті атқарушы органына есептілік ұсыну;

5) агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын әзірлеу;

6) агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтар саласындағы іс-шараларды қаржыландырудың қажетті көлемдерін көздей отырып, тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік тапсырыс беру;

7) үй жануарларын серуендетуге не өзге мақсатта жануарлармен жүруге тыйым салынған орындарды айқындайды, сондай-ақ қажет болған кезде үй жануарларын серуендетуге арналған орындарды жабдықтайды;

8) жануарларға арналған панажайлардың қызметін ақпараттық қамтамасыз етуді және жануарларды жаңа иелеріне беруге, адасып қалған жануарлардың иелерін іздеуге, үй жануарларын стерилизациялау қажеттілігі туралы хабарлауға бағытталған әлеуметтік жарнаманы ұйымдастырады;

9) жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидаларына сәйкес шұғыл ден қою шараларын ұйымдастырады;

10) иесіз жануарлардың санын реттеуді ұйымдастырады;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

17. Бөлімді басқаруды бірінші басшы жүзеге асырады, ол бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

Бөлімнің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

18. Бөлімнің бірінші басшысының өкілетіктері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) Бөлім қызметкерлері арасында функционалдық міндеттер мен өкілеттіктерді бөлуді жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіппен Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және ынталандырады;

4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін қорғайды;

6) Бөлімнің қаржылық қаражаттарын, мүлкін басқарады, банк мекемелерінде есеп-шоттарды ашады және жабады, олар бойынша қаржылық операциялар жүргізуді жүзеге асырады, қаржылық құжаттарға қол қояды, қаржылық және есептілік тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;

7) бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық туралы құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындмағаны немесе тиісінше орындмағаны үшін тәртіптік жауаптылықта болады;

8) өз құзыреті шегінде заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

19. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өзіне бекітіліп берілген, өзінің балансында тұрған мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын Қазақстан Республикасының атынан дербес жүзеге асырады.

20. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

22. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

23. Бөлімнің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі жоқ.