Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об объявлении чрезвычайной ситуации техногенного характера объектового масштаба
- Атауы (қаз.)
- Техногенді сипаттағы объектілік ауқымдағы төтенше жағдай жариялау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 10
- Қабылданған күні
- 11.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2026 I230074_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G26DK00010B
- ЭКБ идентификаторы
- 230074
- Редакция идентификаторы
- I230074_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 19.09.2026 03:41
0 Техногенді сипаттағы объектілік ауқымдағы
төтенше жағдай жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 28 тамыздағы Қарасай ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде, Қарасай ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарасай ауданы, Райымбек ауылдық округі аумағында ауа райы жағдайының нашарлауы және Ақсай өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты қалыптасқан жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы орын алып отырған төтенше жағдайға байланысты, Қарасай ауданының халқы мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау деңгейін арттыру мақсатында Қаскелең қаласындағы № 5 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратына реновация жүргізу қарастырылсын.
2. Төтенше жағдайды жою, сондай-ақ аудан аумағындағы тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің тұрақты жұмыс істеуін, жеке құрамның өмірі мен денсаулығына қауіпсіз жағдай жасау және бөлімшенің жедел қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Қарасай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Қаскелең қаласындағы № 5 өрт сөндіру бөлімінің ғимаратында реновация жұмыстарын жүргізу қажеттігіне байланысты, объектілік ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.