О внесении изменений в некоторые приказы Министра транспорта Республики Казахстан, Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Министра транспорта Республики Казахстан, Министра индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан и исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Көлік министрінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 253
- Қабылданған күні
- 16.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 29.09.2026
- Көрсетілген редакция
- 16.09.2026 I230091_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039892
- ЭКБ идентификаторы
- 230091
- Редакция идентификаторы
- I230091_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 19.09.2026 03:40
0 Қазақстан Республикасы Көлік министрінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік министрінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
0 Қазақстан Республикасы Көлік министрінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін атқарушы
2026 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 253 Бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының
тізбесі
1. «Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11197 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шағын көлемді кемелерді және олар тоқтауға арналған базаларды (құрылыстарды) пайдалану қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Кеме жүргізушісі мынадай талаптардың орындалуын қамтамасыз етеді:
1) осы Қағидалардың талаптарын, «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-23) тармақшасының талаптарын, 1972 жылғы Теңізде кемелердің соғылысуының алдын алу жөніндегі халықаралық қағидалардың талаптарын орындайды;
2) жүзуге шығар алдында белгіленген нормаларға сәйкес кеменің және оның механизмінің жарамдылығын, қажет жабдықтармен, құтқару құралдарымен және басқа қамтамасыз ету заттарымен жарақталуын тексереді;
3) отырғызу алдында жолаушылардың кемедегі тәртібі бойынша нұсқау жүргізеді, отырғызу, шығару кезінде және олардың кемеде болу кезеңіне олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
4) кеменің белгіленген класына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда) жүзуді жүзеге асырады, жүзу аудандарындағы жүзу шарттарын, навигациялық және гидрометеожағдайларын біледі;
5) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының (бұдан әрі – азаматтық қорғаудың аумақтық органы) лауазымды адамы немесе оған құқығы бар басқа лауазымды адам берген тоқтау туралы белгіленген сигнал болған кезде кеменің қозғалысын тоқтатады және тіркеу құжаттары мен кеме жүргізуші құжаттарын тексеруге береді;
6) суда апатқа ұшыраған адамдарға көмек көрсетеді, азаматтық қорғаудың аумақтық органына кемелердің кемелермен болған көлік оқиғасы жағдайларын және су объектілеріндегі адамдармен болған жазатайым оқиғаларды хабарлайды;
7) зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетеді, зардап шеккендерді жол үстіндегі немесе өз кемесімен жақындағы медициналық ұйымға жібереді және азаматтық қорғаудың аумақтық органына көлік оқиғасына қатысы орын алған немесе осы көлік оқиғасына қандай да бір қатысы бар жағдайда өзінің тегін, мекенжайын, көрген адамдардың тегін, олардың мекенжайлары, шағын көлемді кеменің борт нөмірін (жеке басын куәландыратын құжатты ұсына отырып) хабарлайды;
8) азаматтық қорғаудың аумақтық органы лауазымды адамдарының талаптарын, басқа да бақылау және қадағалау органдарының жүзу қауіпсіздігіне, су объектілеріндегі құқықтық тәртіпті сақтау, адамдардың өмірін және қоршаған ортаны қорғауға қатысты мәселелер бойынша талаптарын орындайды;
9) азаматтық қорғаудың аумақтық органына, табиғат қорғау және балық қорғау органдарына қоршаған ортаның ластануы, тазартылмаған ағынды сулардың шығарындыларын, балықтар мен басқа биоресурстардың жаппай қырылу жағдайлары туралы хабарлайды.».
2. «Ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеруді, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 358 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11150 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Ішкі су жолдарында кемелермен, оның ішінде шағын көлемді кемелермен болған көлік оқиғаларын тергеп-тексеру, оларды сыныптауды және есепке алуды жүргізу қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Көлік оқиғасын тергеп-тексеру, сыныптау және есепке алу жөніндегі орган уәкілетті орган болып табылады.»
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Кемелерге қатысты уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі немесе шағын көлемді кемелерге қатысты азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органы (бұдан әрі – азаматтық қорғаудың аумақтық органы) көлік оқиғасы болған сәттен бастап 24 сағат ішінде уәкілетті органға, ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшесіне және көлік прокуратурасына көлік оқиғасы туралы мынадай мәліметтерді хабарлайды:
1) көлік оқиғасы туралы хабарлаған адамның (ұйымның) тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефондары;
2) көлік оқиғасының болған күні және уақыты;
3) кеменің тіркеу нөмірі және түрі, кеме иесі туралы мәліметтер;
4) көлік оқиғасы орнының координаталары;
5) кеме қозғалысының бағыты;
6) кеме жүргізушісінің және кемеде болған өзге адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, байланыс телефондары;
7) ауа райының метеорологиялық жағдайы;
8) навигациялық жабдықтың болуы;
9) көлік оқиғасының себептері, кеменің, навигациялық жабдықтың зақымдануының болуы және сипаты, қаза тапқандардың, денсаулыққа зиян алғандардың және кемеден жоғалып кеткендердің саны, қоршаған ортаны ластау;
10) көлік оқиғасын бағалауға және көмек көрсету мен зардаптарды жою үшін техникалық құралдарды тарту қажеттігі туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін өзге мәліметтер.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Көлік оқиғасы орын алған жағдайда кеме капитаны, кеме жүргізушісі, кеме иесі, гидротехникалық құрылыстардың лауазымды тұлғалары меншік нысаны мен ведомстволық тиесілілігіне қарамастан:
1) көлік оқиғасы болған сәттен бастап 24 сағат ішінде кемеге қатысты уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе шағын көлемді кемелерге қатысты азаматтық қорғаудың аумақтық органына көлік оқиғасы туралы хабарлайды;
2) көлік оқиғасы болған сәттен бастап 48 сағат ішінде көлік оқиғасы туралы толық ақпаратты дайындап, кемеге қатысты уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе шағын көлемді кемелерге қатысты азаматтық қорғаудың аумақтық органына ұсынады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Көлік оқиғасы туралы ақпаратқа мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) көлік оқиғасының алдындағы, оқиға болған сәттегі және шағын көлемді кемелерді қоспағанда одан кейінгі уақыттағы вахта бастығының іс-қимылы енгізілетін уақыт ішіндегі кеме журналынан (вахта журналынан) үзінді;
2) егер осы кемеде жүргізілу көзделген болса, машина және басқа журналдардан үзінді;
3) барлық қатысы бар адамдардан түсініктемелері және егер куәгерлер болса, олардың көрсетулері;
4) көлік оқиғасы болған жерді белгілеумен сызба, сондай-ақ кеменің ретімен орналасуы және басқалары;
5) көлік оқиғасы учаскесінің навигациялық картасының көшірмесі;
6) көлік оқиғасына қатысы бар басқа құжаттар мен заттай дәлелдер (радиограммалардың, бұйрықтардың, өкімдердің, курсограммалардың көшірмелері, фотосуреттер, тахограммалар, тралдау немесе тереңдіктерді өлшеу туралы тетіктер мен қондырғылардың істен шығуы туралы актілер, нұсқаулық жөніндегі журналдар).
Көлік оқиғасы туралы ақпаратқа қоса берілетін барлық құжаттар кеме капитанының, кеме жүргізушісінің, кеме иесінің және гидротехникалық құрылыстардың лауазымды тұлғаларының қолымен расталады.
Көлік оқиғасы туралы ақпараттың бір данасы қосымшаларымен бірге кемелерге қатысты уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе шағын көлемді кемелерге қатысты азаматтық қорғау аумақтық органына жіберіледі, ал бір данасы көлік оқиғасының қатысушыларына жіберіледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Уәкілетті органның қызметкері көлік оқиғасын тергеп-тексеру кезінде оқиға орнына келген соң оқиға орнын, зақымданған кемелер мен объектілерді қарап-тексеруді жүргізеді. Уәкілетті органның қызметкерлері келгенге дейін көлік оқиғасы болған орынға, зақымданған кемелер мен объектілерге қарап-тексеруді кемелерге қатысты уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің қызметкері немесе шағын көлемді кемелерге қатысты азаматтық қорғаудың аумақтық органының қызметкері жүзеге асырады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Тергеп-тексеру қорытындылары бойынша уәкілетті орган көлік оқиғасы туралы қорытындыны осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес жасайды және тергеп-тексеру аяқталған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде тікелей көлік оқиғасына жол берген қатысушыларға және кемелерге қатысты уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне немесе шағын көлемді кемелерге қатысты азаматтық қорғаудың аумақтық органына жібереді.».
3. «Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісінің және нұсқаманың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 11 маусымдағы № 386 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18834 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-6-бабының 2-тармағына, «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-4-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-қосымша осы тізбеге қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
4. «Ішкі су көлігі саласындағы қадағалау актілерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2024 жылғы 29 мамырдағы № 194 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34439 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-1-бабының 5-тармағына және 7-2-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
1 Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісі
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 16 қыркүйектегі
№ 253
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің,
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің және Қазақстан
Республикасы Инвестициялар
және даму министрінің міндетін
атқарушының өзгерістер енгізілетін
кейбір бұйрықтарының
тізбесіне қосымша
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2019 жылғы «___»
___________ № _____ бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Шағын көлемді кемені қарап-тексеру актісі
Осы акті 20___жылы «__» ___________ жасалды
________________________________ _________________
(тегі, аты, әкесінің аты(бар болған жағдайда) (лауазымы)
____________________________________________________________________
(Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органының атауы)
Кеме иесі (кеме жүргізуші)_____________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Кеме атауы (кеме нөмірі)_____________________Тіркеу №______________
Қарап-тексеру нәтижесінде анықталды:
Кеме билеті_____________________________________________________
(бар/жоқ)
Өздігінен жүзетін шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік
___________________________________________________________
(бар/жоқ)
Техникалық куәландыру________________________________________
(өтті/өтпеді)
Шағын көлемді кемедегі жолаушылар сыйымдылығы мен жүк көтеру
нормалары, жүзу ауданы мен шарттары бойынша шектеулер, жолаушылар мен
жүктердiң дұрыс орналастырылуы __________________________________
(сақталды/сақталмады)
Құтқару, өртке қарсы және су төгу құралдары __________________________
(бар/жоқ)
Борттарда тіркеу нөмірі______________________________________________
(бар/жоқ)
Орналасқан орнына қарамастан, кеме корпусының өткізу ойықтарының
болмауы, кеменің гермобөлімдерінің және (немесе) әуе жәшіктерінің болмауы
немесе оларда саңылаудың пайда болуы ______________________________
(болды/болған жоқ)
Руль құрылғысының конструкцияда көзделген бекіту бөлшектерінің болуы
немесе оның құрамдас бөліктерінің зақымдалуы, оның жұмыс істеу сенімділігін
қамтамасыз етпеу ___________________________________________
(болды/болған жоқ)
Отын ағуының, дірілдің, қозғалтқышты қашықтықтан басқару жүйесінің
зақымдалуының болмауы, бәсеңдеткіштің болуы және жарамдылығы, реверс-
редуктордың сенімді қосылуын (сөндірілуін) қамтамасыз ету, реверс қосылған
кезде қозғалтқышты (моторды) іске қосу бұғаттауышының жарамдылығы
_________________________________________________________________
(бар/жоқ)
Кеменің жиынтықтамасы мен жабдығының кеме типіне сәйкес келуі
___________________________________________________________________
(сәйкес келеді/ сәйкес келмейді)
Айырым оттарының болуы, жарамдылығы және сәйкес
келуі________________________________________________________
(бар/жоқ, жарамды/жарамсыз)
Кеменің белгіленген сыныбына сәйкес келетін бассейндерде (аудандарда)
Кемені пайдалану____________________________________________________
(сәйкес келеді/ сәйкес келмейді)
Руль, сигнал, зәкір және арқандап байлау құрылғысының болуы және
жарамдылығы____________________________________________________
(болды/болған жоқ, жарамды/жарамсыз)
Орнатылған қозғалтқыштың ең жоғары қуатының сәйкес келуі
___________________________________________________________
(сәйкес келеді/ сәйкес келмейді)
Қорытынды
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Қарап-тексеру жүргізді
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымның қолы )
Актімен таныстым, бір данасын алдым:
___________________________________________________________________
(осы актімен танысқан адамның немесе заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), қолы)
20____жылғы «____» ______________
Мәлімделген бас тарту уәждері көрсетілген жазба:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________