О внесении изменений в некоторые приказы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы
- Атауы (қаз.)
- Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшіне енбеген
- Тізілімдегі мәртебе коды
- exe
- Нөмірі
- 249
- Қабылданған күні
- 15.09.2026
- Қолданысқа енгізілген күні
- 18.11.2026
- Көрсетілген редакция
- 15.09.2026 I230094_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.09.2026
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2600039893
- ЭКБ идентификаторы
- 230094
- Редакция идентификаторы
- I230094_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 19.09.2026 03:40
0 Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
0 Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің
міндетін атқарушы
2026 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 249 бұйрығымен
бекітілген
Өзгерістер енгізілетін кейбір
бұйрықтардың тізбесі
1. «Лоцмандық қызмет туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 17 қаңтардағы № 31-І бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3453 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».
2. «Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10417 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру қағидаларының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Ішкі су көлiгі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына сәйкес әзiрлендi.».
3. «Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 548 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11857 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 2-тармағының 16) тармақшасына және 59-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қауіпті жүктерді тасымалдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 56-бабының 2-тармағының 16) тармақшасына және 59-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау тәртібін айқындайды.».
4. «Ішкі су көлігінде жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 219 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13551 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағына және 56-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және ішкі су көлігінде жолаушылар мен багажды тасымалдау тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жолаушыларды тасымалдау ішкі су көлігімен ұсынылатын шарттарға, ұзақтыққа, қашықтыққа және сапаға байланысты көлiктiк, туристiк, экскурсиялық, іс-шараларға қызмет көрсету бойынша болып бөлінеді.
Республикашілік тасымалдау мыналарға бөлінеді:
облысаралық – әртүрлі облыстардағы жөнелту және межелі пункттер арасында жүзеге асырылатын немесе елді мекендерді астанамен, республикалық маңызы бар қалалармен жалғастыратын тасымалдау;
ауданаралық (облысішілік қаларалық) – бір облыс шегіндегі, әртүрлі аудандарда орналасқан елді мекендер арасында жүзеге асырылатын немесе облыстық маңызы бар қалаларды елді мекендермен жалғастыратын тасымалдау;
ауданішілік – бір аудан шегіндегі елді мекендердің арасындағы тасымалдау;
қала маңындағы – елді мекеннің белгіленген шекарасынан бастап өлшенетін, ұзақтығы елу километрге дейінгі қала маңы аймағындағы елді мекенмен жалғастыратын маршруттар бойынша тасымалдау;
қалалық – қаланың белгіленген шекарасының шегіндегі тасымалдау.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 56-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау тәртібін айқындайды.».
5. «Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 423 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13783 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Кемелерді, салдарды және өзге де жүзу объектілерін тіркеп сүйрету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 63-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Тіркеп сүйрету процесінде тіркеп сүйретуші ішкі су көлігіндегі қызметті регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа ала отырып, жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.».
6. «Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 16 шілдедегі № 512 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19057 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігіне және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының екінші бөлігіне және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кеменi Каспий теңізінің қазақстандық секторында пайдалануға рұқсат беру тәртібін айқындайды.»;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Рұқсат Каспий теңізінің қазақстандық секторында ұлттық мүдделерді қорғауды, кемелердің жүзу қауіпсіздігін және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуді ескере отырып, осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзетiн ұқсас техникалық сипаттамаларымен ұқсас түрдегi бос және осы мақсаттар үшiн шетелдiк кеме тартылатын көрсетілетін қызметтi жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар кемелердiң болмау жағдайында беріледі.»;
9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Өтініш беруші осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасын ұсынғанда уәкілетті органның қызметкері Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзетiн ұқсас техникалық сипаттамаларымен ұқсас түрдегi бос және осы мақсаттар үшiн шетелдiк кеме тартылатын қызметтi жүзеге асыруға мүмкiндiгi бар кемелердiң болуын немесе болмауын анықтау үшін уәкілетті органның интернет-ресурсында өтінімді орналастырады.
10. Егер өтiнiм уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қазақстандық кеме иелерiнен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туын көтерiп жүзетiн өздеріне тиесілі кемелермен шетелдiк кеме тартылатын көрсетілетін қызметтi жүзеге асыру мүмкiндiгi туралы ақпарат түспесе, ұқсас техникалық сипаттамаларымен ұқсас түрдегi бос кемелер жоқ деп есептеледi.»;
1-қосымшаның 17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзетін кемелердің өздеріне тиесілі шетел кемесі тартылатын қызметті жүзеге асыру мүмкіндігіне қатысты қазақстандық кеме иелерімен келіспеу себептері (бар болса) ____________________________________________________________________».
7. «Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларын және оның нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 187 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32248 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-1-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Суға батқан кемелерді аластағаны үшін жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-1-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңы) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және «Суға батқан кемелерді аластағаны үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Суға батқан кемелерді аластағаны үшін азаматтық жауапкершілікті сақтандыру немесе өзге де қаржылық қамтамасыз ету туралы куәлік (бұдан әрі – Куәлік) 2007 жылғы Суға батып кеткен кемелерді жою туралы Найроби халықаралық конвенциясының талаптарына сәйкес 300 және одан жоғары тіркелген тонна жалпы сыйымдылығы бар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзетін кемелерге беріледі.».