Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил перевода угодий, не покрытых лесом, в угодья, покрытые лесом, в государственном лесном фонде

Бұйрық · № 12 · қабылданған 17.01.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23029/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил перевода угодий, не покрытых лесом, в угодья, покрытые лесом, в государственном лесном фонде Күшін жойған Бұйрық ·№ 12 ·17.01.2005
01.09.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил перевода угодий, не покрытых лесом, в угодья, покрытые лесом, в государственном лесном фонде

Күшін жойған Бұйрық ·№ 12 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил перевода угодий, не покрытых лесом, в угодья, покрытые лесом, в государственном лесном фонде
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
12
Қабылданған күні
17.01.2005
Көрсетілген редакция
01.09.2010 AI23029_2.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V050003431_
ЭКБ идентификаторы
23029
Редакция идентификаторы
AI23029_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:16

0 Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 50-бабын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

1 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесі бекітілсін.

2 2. Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы реттеу мен бақылау басқармасы белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуден өтуге жіберсін.

3 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

0 Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесі

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетінің
2005 жылғы 17 қаңтардағы
N 12 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесі

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 50-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру тәртібін анықтайды.

2 2. Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыруды осы Ережемен белгіленген тәртіппен мемлекеттік орман иеленуші жүргізеді.

3

3. Ормандарды молықтыру және орман өсіру, орманның табиғи жолмен жаңаруына ықпал ету жөніндегі іс-шаралар жүргізілген немесе ормандардың табиғи жолмен жаңаруы орын алған орман көмкермеген жерлер (ағашы кесілген жерлер, өртеңдер, өспей қалған екпелер, алаңқай жерлер), сондай-ақ, егер оларда белгіленген тәртіппен орман дақылдары отырғызылса немесе олардың табиғи жолмен орман болып өсуі орын алса, орманға жарамды деп танылған ормансыз жерлер орман көмкерген жерлерге ауыстырылады.

4 4. Осы Ереже табиғи аймағына байланысты орман дақылдары мен табиғи жолмен жаңарған екпелер белгілі бір сапалық және сандық өлшемдерге жеткен кезде оларды орман көмкерген жерлерге дер кезінде ауыстыруға жәрдемдесуге тиіс.

2 2. Орман дақылдары отырғызылған орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру тәртібі

5

5. Орман дақылдары отырғызылған орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының 2000 жылғы 24 тамыздағы N 264 бұйрығымен бекітілген "Орман дақылдарын, қорғаныштық орман екпелерін, питомниктерді, орманды табиғи жолмен қалпына келтіруге және жас өскіндерді бағалы ағаш тұқымдары санатына енгізуге жәрдемдесу шаралары өткізілген алқаптарды түгелдеу жөніндегі нұсқаулыққа" (бұдан әрі - Нұсқаулық) сәйкес осы алқаптарға орман мекемелері жүргізетін тексеру негізінде жүргізіледі.

6

6. Орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарының сапалы жай-күйі 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының табиғи аймақтары мен қосымша аймақтары бойынша орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарының сапасын бағалаудың нормативтік көрсеткіштерімен (бұдан әрі - Нормативтер) анықталады.

7 7. Орман мекемелерін әкімшілік облыстар шегінде табиғи аймақтар мен қосымша аймақтарға бөлу 2-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.

8

8. Нақты учаскедегі орман дақылдары сапасының сыныбы осы учаскедегі орман дақылдарының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштер өлшемін 1-қосымшада көрсетілген сол көрсеткіштердің нормативтерімен салыстыру жолымен белгіленеді. Бұл ретте орман дақылдарының барлық көрсеткіштері тепе-тең болып есептеледі. Орман дақылдары сапасының ортақ бағасы үшін ең төмен мәнді сапа көрсеткішін алады.

9

9. Бірінші және екінші сапа сыныптарына жатқызылған орман дақылдары орман көмкерген жерлерге ауыстырады. Екінші сапа сыныбының талаптарына жауап бермейтін орман дақылдары ақаулы дақылдар деп есептеледі. Оларда орман дақылдарының сапасын оларға қойылатын талаптарға сәйкес келетін деңгейге дейін арттыру жөніндегі шаралар өткізілуі тиіс.

10 10. 1-қосымшада көрсетілген талаптардан 20% және одан да көп мөлшерде асып түсетін, басты тұқым ағаштарының орташа биіктігі бойынша және барлық қалған көрсеткіштер бойынша 1-сапа сыныбының талаптарына сәйкес келетін орман дақылдары үздік сапалы орман дақылдарына жатады.

11 11. Өздерінің көрсеткіштері бойынша жасынан басқа Нормативтердің барлық талаптарына сай келетін орман дақылдары 1-қосымшада көрсетілген жастан ертерек орман көмкерген жерлерге ауыстырылуы мүмкін.

12

12. Бір белгісі бойынша - басты тұқымды көлегейлеп тастайтын қажетсіз ағаш тұқымдары қоспасының орташа биіктігі бойынша Нормативтерге сәйкес келмейтін орман дақылдарын қажет болған жағдайларда басты тұқымды көлегемейлеу шарасы және қайтадан түгелдеу өткізілгеннен кейін орман көмкерген жерлерге ауыстырады.

13

13. Өсірілетін тұқымдардың өміршең өсімдіктері бар отырғызу (себу) орындары санының жеткілікті болмауы салдарынан Нормативтерге сәйкес келмейтін орман дақылдарын есептен шығарып, табиғи жолмен өскен шаруашылық мақсаттағы бағалы тұқымдар қоспасы жеткілікті мөлшерде болған жағдайда табиғи жас өскін ретінде орман көмкерген жерлерге ауыстырады, ал ол болмаған жағдайда - орман дақылдары қорына немесе құндылығы аз және аласа жіңішке екпелерді қайта жаңарту қорына жатқызады.

14 14. Егер орман дақылдары өсірілетін тұқымның орташа биіктігінің жеткіліксіз болуы салдарынан орман көмкерген жерлерге ауыстырылмайтын жағдайда қайтадан түгелдеу және бұл мәселені алдағы жылдары қайта қарау туралы шешім қабылданады.

15 15. Орман дақылдарын орман көмкерген жерлерге ауыстыру үшін өсірілетін өміршең өсімдіктердің алқап бойынша біркелкі орналасуы, ал қатарлап отырғызылған екпелерде - қатарлардағы діңдердің жанаса бастауы міндетті шарт болып табылады.

16

16. Учаске алқабы бойынша біркелкі емес орман дақылдарының сапасы біркелкі болмаған кезде учаскені табиғи күйінде және жоспарлау материалында белгілеп, әрбір сапа сыныбының орман дақылдарына сәйкес келетін жеке телімдерге бөлуге жол беріледі. Бұл ретте Нормативтерге сәйкес келетін дақылдардан оқшауланған өспей қалған немесе қайта жаңартуға жататын орман дақылдарының алқабы кемінде 0,5 гектар, ал 1 және 2-сыныпты орман дақылдарында - кемінде 3,0 гектар болуға тиіс.

17 17. Екі рет отырғызу тәсілімен өсірілген орман дақылдары орман көмкерген жерлерге олар 1-қосымшада келтірілген нормативтік көрсеткіштерге жеткен кезде екінші рет отырғызу тәсілімен өсірілген дақылдарды ауыстыру жасында ауыстырылады.

18 18. Орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарын тексеру деректері 3-қосымшаға сәйкес белгіленген далалық карточкаларға енгізіледі, олар орман дақылдарын отырғызу жылдары бойынша, сондай-ақ олардың сапалық жай-күйі бойынша топтастырылады.

19

19. Далалық карточкалардың негізінде 4-қосымшаға сәйкес орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарының сапалық жай-күйін бағалау ведомосы жасалады. Орманшылықтар бойынша қорытынды деректер келтірілген бұл ведомостар орман мекемелеріне, бар болса, орман мекемелерінің филиалдарына беріледі, ал соңғылары өз кезегінде орман мекемелеріне жиынтық деректерді ұсынады, олар белгіленген тәртіппен статистикалық есептілікті дайындау үшін пайдаланылады.

3 3. Табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар жүргізілген орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру

20 20. Табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар жүргізілген орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру Нұсқаулыққа сәйкес осы учаскелерді қаз-қалпында тексеру негізінде жүргізіледі.

21 21. Табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу жөнінде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде қалпына келтірілген учаскелерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру мүмкіндігі осындай іс-шаралар өткізілгеннен кейін бесінші жылы жүргізілетін бірінші есепке алу (түгелдеу) кезінде анықталады.

22 22. Табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу жөнінде жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде пайда болған қылқан жапырақты және жапырақты тұқымдарды табиғи жолмен қалпына келтірудің жай-күйін бағалау ағаш кесу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес шәкілдер бойынша жүргізіледі.

23 23. Аталған учаскелерде ормандар осы шәкілдерде көрсетілген өлшемдерге тең немесе одан асып түсетін мөлшерде біркелкі қалпына келіп жатқан жағдайда учаскелер орман көмкерген жерлерге ауыстырылады.

24

24. Шаруашылық мақсаттағы құнды тұқымдармен қалпына келген орман көмкермеген жерлерде осы тұқымдар аталған учаскелерде өсіп келе жатқан жапырақты тұқымды ағаштар мен бұталар биіктігінің үштен бірінен аспауға тиіс. Осы көлем аз мөлшерде болған жағдайда орман көмкерген жерлерге ауыстырғанға дейін осы жас екпелерде күтім жасау мақсатында ағаш кесу шараларын жүргізу қажет.

25 25. Аймақтық шәкіл талаптарына сай келетін көрсеткіштер бойынша бас тұқымдармен қалпына келген учаскелер орман көмкерген жерлерге ауыстырылады және ағаш тұқымдарының жас өскіндері санатына енгізуге жатады.

26

26. Орманды табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу шараларын жүргізу нәтижесінде пайда болған шаруашылық мақсаттағы құнды жас өскіндерге уәкілетті органмен келісім бойынша орман орналастыру мекемесі белгілеген нақты орман өсіру жағдайлары мен шаруашылық түрі үшін басты тұқымдар болып табылатын қылқан жапырақты және жапырақты тұқымдар екпелері ғана жатады.

27

27. Орманды табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу жөнінде жүргізілген шаралармен бірге орман көмкермеген жерлерде қаз-қалпында тексеру (түгелдеу) нәтижелері бойынша осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес орманды табиғи жолмен қалпына келтіруге жәрдемдесу шараларының нәтижесінде өсірілген шаруашылық мақсаттағы құнды ағаш тұқымдарының жас екпелерін орман көмкерген жерлерге ауыстырудың жиынтық ведомосы жасалады.

4 4. Орман табиғи жолмен қалпына келген орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру

28

28. Ағашы кесілген жерлерде, өртеңдерде, басқа да орман көмкермеген жерлерде, сондай-ақ табиғи жолмен орман өсіп келе жатқан ормансыз жерлерде табиғи жолмен қалпына келтірудің (орман өсірудің) нәтижелілігін бағалау және оларды орман көмкерген жерлерге ауыстыру осы Ереженің 20-27-тармақтарымен айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

29

29. Осы Ереженің 28-тармағында көрсетілген учаскелерде табиғи жолмен қалпына келтірудің нәтижелілігін бағалау қалпына келтірудің нәтижелілігін бағалау шәкілдері бойынша өсу орнының жағдайларын ескере отырып, пайда болған жас екпелердің саны, құрамы, биіктігі және орналасуының біркелкілігі бойынша жүргізіледі.

30

30. Осы Ереженің 28-тармағында көрсетілген учаскелерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру шаруашылық мақсаттағы құнды тұқымдардың өміршең өскіні болған жағдайда және орманның табиғи жолмен қалпына келуін бағалаудың шәкілі бойынша нақты орман өсіру аймағы үшін шәкілдермен белгіленген "жақсы" деген нормадан кем емес мөлшерде кейіннен табиғи жолмен қалпына келген жағдайда жүргізіледі.

31

31. Ағаштың түбір немесе тамыр өркендерінің пайда болуы арқылы вегетативтік жолмен қалпына келе алатын ағаш тұқымдары өскен кеспеағаштар мен өртеңдер табиғи жолмен қалпына келген жағдайда және, егер тұқыммен қалпына келтіру мүмкін болмаса, ал вегетативтік жолмен қалпына келтіру шаруашылық жүргізу мақсаттарына сәйкес келетін болса, көрсетілген учаскелер, егер өркендер саны бекітілген шәкілдер талаптарына сәйкес келетін болса, орман көмкерген жерлерге ауыстырылады.

32

32. Орман табиғи жолмен қалпына келген учаскелерді орман көмкерген жерлерге ауыстыру фактісі актімен ресімделіп, оған түгелдеу комиссиясының мүшелері қол қояды. Комиссия орман мекемесі директорының бұйрығымен құрылады. Комиссияның құрамына директордың орынбасары мен орман мекемесінің мамандары кіреді. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ болуы тиіс және бес адамнан кем болмауы керек.

33 33. Осы құжаттардың негізінде 6-қосымшаға сәйкес орманның табиғи жолмен қалпына келуі нәтижесінде пайда болған ағаш тұқымдарының жас екпелерінің орман көмкерген жерлерін орман көмкермеген жерлерге ауыстырудың жиынтық ведомосы жасалады.

34 34. Орман мекемелері планшеттерде, таксациялық сипаттамаларда және басқа да есеп құжаттамаларында белгі қояды, сондай-ақ жоғарыда аталған өзгерістер статистикалық есептілікте көрініс табады.

35

35. Мемлекеттік орман қорындағы басқа мақсаттарда пайдаланылмайтын ормансыз алқаптарға (шабындық, жайылымдық, тыңайған жер және басқалары) ағаш тұқымдары табиғи жолмен өскен (орман өсіру) жағдайда оларды орман көмкерген алқаптарға ауыстыру осы Ереженің 27-31-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.

5 5. Орман дақылдарының және табиғи қалпына келтіру мен табиғи ағаш өсіруге жәрдемдесу шараларының нәтижесінде пайда болған табиғи қалпына келтірудің сапасын бағалаудың дұрыстығын және орман көмкерген жерлерге дер кезінде ауыстыруды бақылау

36 36. Орман дақылдарының және табиғи қалпына келтіру мен табиғи ағаш өсіруге жәрдемдесу шараларының нәтижесінде пайда болған табиғи қалпына келтірудің сапасын бағалаудың дұрыстығын және орман көмкерген жерлерге дер кезінде ауыстыруды бақылау Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

37

37. Мемлекеттік орман қорындағы орман көмкермеген жерлерді орман көмкерген жерлерге ауыстыруға мемлекеттік бақылауды орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру міндеті жүктелген уәкілетті және аумақтық органдардың лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.

1 Қазақстан Республикасының табиғи аймақтары мен аймақ тармақтары бойынша орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарының сапасын бағалаудың нормативтік көрсеткіштері

Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережесіне 1-қосымша
Қазақстан Республикасының табиғи аймақтары мен аймақ тармақтары бойынша орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарының сапасын бағалаудың нормативтік көрсеткіштері
Тұқым­дық-
тар­дың
ата­у­ла­ры
Негіз­гі ор­ман
түр­ле­рі­нің неме­се
ор­ман өсі­ру
жағ­дай­ла­ры­ның
то­бы
Ор­ман
да­қыл-
да­ры­ның
неме­се
қор­ға-
ны­штық
ал­қа-
ағаш-
тар­дың
жа­сы,
жыл
Са­па
сы-
ны­бы
Өсі­рі-
ле­тін-
өмір-
шең
ағаш-
тар­дың
бо­луы,
мың
да­на/
гек-
тар,
кем
емес
Өсі­рі-
ле­тін
ағаш-
тар­дың
ор­та­ша
би­ік-
тігі,
м кем
емес
1
2
3
4
5
6
1. Ор­ман­ды да­ла ай­ма­ғы
1.1 Оң­тү­стік және шоқ ор­ман­ды ай­мақ тар­ма­ғы
Сал­пын­шақ
қай­ың
(сүй­ел­ді)
Жас және ылғал­ды
шоқ­қай­ың­дар
4
1
2
4,2
2,8
2,0
1,5
Сі­бір
бал­қа­ра­ғайы
Ылғал­ды және жас
шоқ­қай­ың­дар­ға
ауы­са­тын
5
1
2
4,0
2,5
1,5
1,1
Кә­дім­гі
қа­ра­ғай
Жас шоқ­қа­ра­ғай­лар
6
1
2
5,3
3,5
1,4
1,0
Ша­ған
Ылғал­да­ну шар­тта­ры
қа­на­ғат­та­нар­лық
қа­ра то­пы­рақ­ты
жағ­дай­лар
4
1
2
3,0
2,0
1,5
1,1
1.2. Ша­ғын адыр­лы Көк­ше­тау об­лы­сы
Сал­пын­шақ
қай­ың
(сүй­ел­ді)
Жас шоқ­қай­ың­дар
4
1
2
4,0
2,7
1,8
1,4
Сі­бір
бал­қа­ра­ғайы
Қа­ра және қою
қо­ңыр то­пы­рақ­ты
жас және ылғал­ды
жағ­дай­лар
5
1
2
3,5
2,0
1,4
1,0
Кә­дім­гі
қа­ра­ғай
Құр­ғақ және
жас шоқ­қа­ра­ғай
6
1
2
6,0
4,0
1,2
0,9
Ша­ған
Ылғал­да­ну шар­тта­ры
қа­на­ғат­та­нар­лық
қа­ра то­пы­рақ­ты
жағ­дай­лар
4
1
2
2,8
2,0
1,5
1,1
2. Да­ла ай­ма­ғы
2.1. Бір­қа­лып­ты шө­лейт да­ла ай­ма­ғы
Сал­пын­шақ
қай­ың
(сүй­ел­ді)
Ылғал­ды­лы­ғы
әдет­те­гідей қай­ың
ор­ма­ны
4
1
2
4,0
2,7
1,8
1,4
Емен
Жай­ыл­ма және
то­ғай­лы ор­ман­дар
жағ­дай­ла­ры
10
1
2
3,0
2,2
1,5
1,2
Сі­бір
бал­қа­ра­ғайы
Әдет­те­гі және оң-
тү­стік қа­ра то­пы-
рақ­ты жер­ле­рі­нің
тың жағ­дай­ла­ры
5
1
2
3,5
2,0
1,3
1,0
Кә­дім­гі
қа­ра­ғай
Құр­ғақ және жас
шоқ­қа­ра­ғай­лар
6
1
2
5,0
3,2
1,3
1,0
Те­рек
Ылғал­ды­лы­ғы
қа­на­ғат­та­нар­лық
шал­ғын то­пы­рақ
4
1
2
3,0
2,0
3,5
2,8
Ша­ған
сон­дай
4
1
2
2,8
2,0
1,5
1,1
2.2  Шө­лейт да­ла ай­ма­ғы
Сал­пын­шақ
қай­ың
(сүй­ел­ді)
Құр­ғақ және
жас шоқ­қай­ың­дар
5
1
2
3,2
2,2
1,8
1,4
Ала­са
ше­гір­шін
Қою қо­ңыр то­пы­рақ
4
1
2
3,0
2,0
2,1
1,6
Сі­бір
бал­қа­ра­ғайы
сон­дай
6
1
2
3,5
2,0
1,3
1,0
Кә­дім­гі
қа­ра­ғай
Құр­ғақ және жас
шоқ­қа­ра­ғай­лар
6
1
2
6,0
3,5
1,2
0,9
Те­рек
Ылғал­ды­лы­ғы
қа­на­ғат­та­нар­лық
жай­ыл­ма және
то­ғай­лы ор­ман­дар
4
1
2
3,0
2,0
3,5
2,5
Ша­ған
сон­дай
4
1
2
3,0
2,0
1,4
1,0
2.3. Қу­аң да­ла ай­ма­ғы­ның тар­ма­ғы
Сал­пын­шақ
қай­ың
(сүй­ел­ді)
Құр­ғақ қай­ың
ор­ма­ны
6
1
2
3,2
2,2
1,3
1,0
Ала­са
ше­гір­шін
Қою қо­ңыр то­пы­рақ
4
1
2
3,0
2,0
2,1
1,6
Тал
Жай­ыл­ма және
то­ғай­лы ор­ман­дар
4
1
2
3,0
2,0
3,5
2,5
Жи­де
Сон­дай
4
1
2
3,0
2,0
1,5
1,1
Кә­дім­гі
қа­ра­ғай
Құр­ғақ
шоқ­қа­ра­ғай­лар
7
1
2
6,0
3,8
1,2
0,9
Жас шоқ­қа­ра­ғай­лар
6
1
2
5,0
3,2
1,4
1,1
Те­рек
Жай­ыл­ма және
то­ғай­лы ор­ман­дар
4
1
2
3,0
2,0
3,0
2,3
Ша­ған
Сон­дай
4
1
2
3,0
2,0
1,5
1,0
3. Шөл ай­ма­ғы
3.1. Сол­тү­стік шөл­де­рі ай­ма­ғы­ның тар­ма­ғы
Ала­са
ше­гір­шін
Сұр және сұр құ­ба
то­пы­рақ
4
1
2
3,0
2,0
1,6
1,0
Тал
Жай­ыл­ма және
то­ғай­лы ор­ман­дар
4
1
2
3,0
2,0
3,2
2,5
Жи­де
сон­дай
4
1
2
3,0
2,0
1,5
1,1
Қа­ра
сек­се­уіл
Сұр­ғы­лт құ­ба
то­пы­рақ­тар­да­ғы
сек­се­уіл то­ғайы
5
1
2
1,2
0,8
0,8
0,5
Те­рек
Жай­ыл­ма және
то­ғай­лы ор­ман­дар
4
1
2
3,0
2,0
3,0
2,3
3.2. Оң­тү­стік шөл­де­рі ай­ма­ғы­ның тар­ма­ғы
Ала­са
ше­гір­шін
Сұр, құм­да­уыт және
саз­ды то­пы­рақ
4
1
2
3,0
2,0
1,8
1,2
Тал
Жай­ыл­ма және
то­ғай­лы ор­ман­дар
4
1
2
3,0
2,0
3,0
2,0
Жи­де
Сон­дай
4
1
2
3,0
2,0
1,5
1,1
Қа­ра
сек­се­уіл
Тау ете­гін­де­гі
ор­ман­ды жа­зық­тар
мен құм­да­уыт
жа­зық­тар­дың
сек­се­уіл то­ғайы
5
1
2
1,5
1,0
0,9
0,6
Саз­ды және құм­да-
уыт то­пы­рақ­тар­да­ғы сек­се­уіл то­ғайы
5
1
2
1,5
1,0
0,8
0,5
Құм ал­ды­ның құм
үй­ін­ді­ле­рін­де­гі
сек­се­уіл то­ғайы
5
1
2
1,5
1,0
1,0
0,7
Сыр­да­рия өңі­рі­нің
та­қыр­лы кар­бо­нат­ты және сор­таң то­пы-
рақ­та­ғы сек­се­уіл
то­ғай­ла­ры
5
1
2
1,1
0,7
0,7
0,4
Бал­қаш өңі­рі­нің
та­қыр­лы саз­ды
то­пы­рақ­та­рын­да­ғы
сек­се­уіл то­ғай­ла­ры
5
1
2
1,2
0,8
0,8
0,5
Те­рек
Су­а­ру жүй­е­сі­нің
бой­ын­да­ғы қор­ға-
ны­штық ор­ман
жо­лақ­та­рын­да­ғы
су­ар­ма­лы сұр
то­пы­рақ­ты жер­лер
3
1
2
2,5
1,8
3,0
2,0
4. Тау ор­ман­да­ры
4.1. Сол­тү­стік Тянь-Шань
Кә­дім­гі
са­ры өрік
Та­удың қо­ңыр
то­пы­ра­ғы
4
1
2
1,5
1,2
1,2
0,8
Шренк
шыр­ша­сы
Ша­ғын және ор­та­ша
қу­ат­ты то­пы­рақ-
тар­да­ғы жас және
ылғал­ды шыр­ша
ор­ман­да­ры
10
1
2
3,8
2,7
1,1
0,8
Си­верс
ал­ма аға­шы
Тау ор­ман­да­ры­ның
қа­ра және қа­ра-сұр то­пы­рақ­тар­да­ғы ал­ма аға­шта­ры
5
1
2
1,5
1,2
1,1
0,8
4.2. Оң­тү­стік және Кен­ді Ал­тай
Сі­бір
шыр­ша­сы
Жас, ылғал­ды және
жап-жа­сыл па­по­рот-
ник тә­р­із­ді шыр­ша,
жа­пы­рақ­ты және
бал­қа­ра­ғай
ор­ман­да­ры
8
1
2
4,0
2,8
1,0
0,7
Сі­бір
бал­қа­ра­ғайы
Жас және шө­бі
қа­лың, жап-жа­сыл
па­по­рот­ник тә­р­із­ді
бал­қа­ра­ғай­лар мен
май­қа­ра­ғай­лар
(1700 м дей­ін)
6
1
2
4,0
2,5
1,5
1,2
Май­қа­ра­ғай
Жас шө­бі қа­лың,
жап-жа­сыл па­по­рот-
ник тә­р­із­ді та­уда-
жа­зық­та өсе­тін
май­қа­ра­ғай­лар
10
1
2
4,0
2,5
1,0
0,7
Кә­дім­гі
қа­ра­ғай
Та­у­лы-ор­ман­ды,
та­у­лы-шал­ғын­ды
да­ла­лық қа­ра
то­пы­рақ
7
1
2
4,0
2,0
1,5
1,2
Сі­бір
қа­ра­ғайы
(са­мыр­сын)
Та­у­лы-ор­ман­ды
қыш­қыл шым то­пы­рақ
8
1
2
4,0
2,5
1,0
0,7

2 Қазақстан Республикасының орман мекемелерін табиғи аймақтар мен аймақ тармақтары бойынша әкімшілік облыстар шегінде бөлу

Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережесіне 2-қосымша
Қазақстан Республикасының орман мекемелерін табиғи аймақтар мен аймақ тармақтары бойынша әкімшілік облыстар шегінде бөлу
Та­би­ғи ай­мақ
тар­ма­ғы
Әкім­ші­лік
об­лыс
Ор­ман ме­ке­ме­ле­рі
1
2
3
1. Ор­ман­ды да­ла ай­ма­ғы
1.1. Оң­тү­стік және
шоқ ор­ман­ды да­ла
ай­ма­ғы­ның тар­ма­ғы
Қо­ста­най
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Ми­хай­лов, Ұзын­көл
Сол­тү­стік
Қа­зақ­стан
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Ақ­қай­ың, Бу­ла­ев, Бұр­лық,
Жам­был, Есіл, Мам­лют, Ор­лин­гор,
Пет­ро­павл, Прес­нов, Сер­ге­ев,
Со­ко­лов;
"Көк­ше­тау" мем­ле­кет­тік ұлт­тық
та­би­ғи пар­кі (Ай­ыр­тау фи­ли­а­лы)
1.2. Ша­ғын адыр­лы
Көк­ше­тау об­лы­сы
Ақ­мо­ла
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
"Ақ­көл", "Ба­рап", Үл­кен Түк­ті, Бұр­лан­ды, Кі­ші Түк­ті, Ма­рал­ды, Ұрым­қай;
Сан­дық­тау оқу-өн­ді­рі­стік ор­ман
ша­ру­а­шы­лы­ғы;
Мем­ле­кет­тік ұлт­тық та­би­ғи пар­кі:
"Бу­ра­бай", "Көк­ше­тау" (Зе­рен­ді
фи­ли­а­лы және Дуб­рав­ский
мо­лық­ты­ру учас­ке­сі)
Сол­тү­стік
Қа­зақ­стан
"Көк­ше­тау" мем­ле­кет­тік ұлт­тық
та­би­ғи пар­кі (Шал­қар және
Арық­ба­лық фи­ли­ал­да­ры)
2. Да­ла ай­ма­ғы
2.1. Бір­қа­лып­ты
шө­лейт да­ла ай­ма-
ғы­ның тар­ма­ғы
Ақ­мо­ла
Куй­бы­шев ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар
дү­ни­е­сін қор­ғау жө­нін­де­гі
мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Қо­ста­най
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер: Бо­ров­ской, Уриц­кий,
Уса­ков
Пав­ло­дар
Үр­лі­тө­бе ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар
дү­ни­е­сін қор­ғау жө­нін­де­гі
мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Сол­тү­стік
Қа­зақ­стан
"Ақан-Се­рі" ор­ман­дар мен
жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін қор­ғау
жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
2.2. Шө­лейт да­ла
ай­ма­ғы­ның тар­ма­ғы
Ақ­мо­ла
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
"Бұқ­па", Ке­ңес, Крас­но­бор,
От­рад­ный
Ақ­тө­бе
Мар­төк ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар
дү­ни­е­сін қор­ғау жө­нін­де­гі
мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
Шы­ғыс
Қа­зақ­стан
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Асубұ­лақ, Са­мар
Қо­ста­най
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Ара­қа­ра­ғай, При­го­род­ный, Та­ран
Пав­ло­дар
Мак­сим Горь­кий ор­ман­дар мен
жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін қор­ғау
жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі
2.3 Қу­аң да­ла
ай­ма­ғы­ның тар­ма­ғы
Ақ­мо­ла
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Ерей­мен­тау, Степ­но­гор;
Қор­ғал­жын мем­ле­кет­тік та­би­ғи
қо­ры­ғы; "Жа­сыл ай­мақ"
рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік
кә­сі­по­ры­ны
Ақ­тө­бе
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Ақ­тө­бе, Қа­ра­бұ­тақ, Те­мір,
Ой­ыл, Қоб­да
Шы­ғыс
Қа­зақ­стан
"Се­мей ор­ма­ны" мем­ле­кет­тік
та­би­ғи ор­ман ре­зер­ва­ты
Ба­тыс
Қа­зақ­стан
(жай­ыл­ма
ор­ман­да­ры-
нан бас­қа)
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Ақ­жай­ық, Бөр­лі, Орал,
Шың­ғыр­лау, Ян­вар­цев
Қа­ра­ған­ды
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Қа­ра­ған­ды, Қу, Те­мір­тау;
Қар­қа­ра­лы мем­ле­кет­тік
ұлт­тық та­би­ғи пар­кі
Қо­ста­най
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Ба­са­ман, Ка­мыш­нин, Се­мио­зер;
На­уры­зым мем­ле­кет­тік
ұлт­тық та­би­ғи пар­кі
Пав­ло­дар
Пав­ло­дар ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар
дү­ни­е­сін қор­ғау жө­нін­де­гі
мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі;
Ба­я­на­уыл мем­ле­кет­тік ұлт­тық
та­би­ғи пар­кі;
"Ер­тіс ор­ма­ны" мем­ле­кет­тік
та­би­ғи ор­ман ре­зер­ва­ты
3. Шөл ай­ма­ғы
3.1 Сол­тү­стік шө­лі
ай­ма­ғы­ның тар­ма­ғы
Ақ­тө­бе
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме:
Үл­кен Бор­сық
Аты­рау
(жай­ыл­ма
ор­ман­дар-
дан бас­қа)
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Аты­рау, Ин­дер, Құр­ман­ға­зы
Ба­тыс
Қа­зақ­стан
(жай­ыл­ма
ор­ман­дар-
дан бас­қа)
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Тай­пақ, Ча­па­ев, Ор­да
Қа­ра­ған­ды
Ақ­то­ғай, Жа­ңа­ар­қа, Ұлы­тау
3.2 Оң­тү­стік шө­лі
ай­ма­ғы­ның тар­ма­ғы
Ал­ма­ты
(тау ор-
ман­да­ры­нан
бас­қа)
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Ала­көл, Ба­қа­нас, Бөр­лі­тө­бе,
Жар­кент, Қас­ке­лең, Күр­ті,
Үштө­бе, Ұй­ғыр, Ше­лек; Ала­көл
мем­ле­кет­тік та­би­ғи қо­ры­ғы;
"Ал­тын-Емел" және "Ша­рын
шат­қа­лы" мем­ле­кет­тік ұлт­тық
та­би­ғи парк­те­рі
Жам­был
(тау ор-
ман­да­ры­нан
бас­қа)
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Ақ­көл, Ақырт­ө­бе, Бай­зақ,
Жам­был, Көк­те­рек, Қо­сқұ­дық,
Лу­го­вой, Мер­кі, Мой­ын­құм,
Са­ры­су
Қы­зы­лор­да
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Арал, Жа­ла­ғаш, Жа­ңа­қор­ған,
Қа­за­лы, Қар­мақ­шы, Қы­зы­лор­да,
Сыр­да­рия, Ши­е­лі; Бар­са­кел­мес
мем­ле­кет­тік та­би­ғи қо­ры­ғы
Маң­ғы­стау
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Бей­неу, Сәм; Үстірт мем­ле­кет­тік
та­би­ғи қо­ры­ғы
Оң­тү­стік
Қа­зақ­стан
(тау ор-
ман­да­ры­нан
бас­қа)
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Арыс, Ба­дам, Бо­рал­дай, Оты­рар,
Со­зақ, Тө­ле­би, Түл­кі­бас, Шар­да­ра
4. Тау ор­ман­да­ры
4.1. Ба­тыс Тянь-Шань
Жам­был
(та­у­лы
бө­лі­гі)
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер: Ақырт­ө­бе, Жам­был,
Қа­ра­қо­ңыз, Мер­кі; Ақ­су-Жа­ба­ғы­лы
мем­ле­кет­тік та­би­ғи қо­ры­ғы (бір бө­лі­гі);
Оң­тү­стік
Қа­зақ­стан
(та­у­лы
бө­лі­гі)
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер: Бо­рал­дай, Тө­ле­би,
Түр­кі­стан, Түл­кі­бас, Оғам;
Ақ­су-Жа­ба­ғы­лы (бө­лі­гі), Қа­ра­тау
мем­ле­кет­тік та­би­ғи қо­рық­та­ры
4.2. Сол­тү­стік
Тянь-Шань
Ал­ма­ты
(та­у­лы
бө­лі­гі)
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Ке­ген, На­рын­қол, Ұй­ғыр, Ше­лек;
Ал­ма­ты мем­ле­кет­тік та­би­ғи
қо­ры­ғы;
"Іле Ала­та­уы" мем­ле­кет­тік
ұлт­тық та­би­ғи пар­кі, "Ме­деу"
мем­ле­кет­тік та­би­ғи пар­кі
4.3. Жоң­ғар
Ала­та­уы
Ал­ма­ты
(та­у­лы
бө­лі­гі)
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Ала­көл, Жоң­ғар, Жар­кент, Леп­сі,
Сар­қанд, Тал­ды­қор­ған, Үй­ген­тас
4.4. Оң­тү­стік
және Кен­ді Ал­тай
Шы­ғыс
Қа­зақ­стан
Ор­ман­дар мен жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сін
қор­ғау жө­нін­де­гі мем­ле­кет­тік
ме­ке­ме­лер:
Үл­кен на­рым, Жо­ғар­ғы Үбі,
Зай­сан, Зы­рян, Күр­шім,
Ле­ни­но­гор, Кі­ші Үбі, Мар­қа­көл,
Пих­тов, Өс­ке­мен, Че­рем­шан;
Ба­тыс Ал­тай, Мар­қа­көл
мем­ле­кет­тік та­би­ғи қо­рық­та­ры;
Қа­тон-Қа­ра­ғай мем­ле­кет­тік
ұлт­тық та­би­ғи пар­кі

3 ________ жылы орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарын түгендеудің N ___ далалық карточкасы

Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережесіне 3-қосымша
________ жылы орман көмкерген жерлерге ауыстырылатын орман дақылдарын түгендеудің N ___ далалық карточкасы

1 1. Орман мекемесі ________________________ филиалы ________________

2 2. Орманшылық _____________________________________________________

3 3. Облысы _________________________________________________________

4 4. Ауданы _________________________________________________________

5 5. Учаскенің орналасқан жері: N _____ орам, N ______________ телім,

6 6. Орман өсіру жағдайларының түрі _________________________________

7 7. Алқаағаштар түрі _______________________________________________

a. Орман дақылдары;
b. Жыра мен сайлардағы, құмдар мен басқа да жайсыз жерлердегі
қорғаныштық орман алқаағаштары;
c. Жайылымдарды қорғайтын орман алқаағаштары

8 8. Жүргізу жылы ___________________________________________________

9 9. Учаскенің көлемі ________________________________________ гектар

10 10. Жылжу схемасы _________________________________________________

Өсімдіктердің қатарларда орналасуы __________________________ метр,
қатар аралығы _______________________________________________ метр,

11 11. 1 га отырғызылатын өсімдіктердің саны ___________________ дана

12 12. Алқаағаштардың тексеру кезіндегі жай-күйі _____________________

Есеп­ке
алы­на­тын
учас­ке-
лер­дің N
Есеп­ке
алы­на­тын
алаң­дар­дың
мөл­ше­рі,
метр 2
Қа­та­ра-
ра­лық­тың
нақ­ты
ені,
метр
тұқым
Өсі­рі­ле­тін
өмір­шең
аға­штар­дың
бо­луы,
да­на
Өсі­рі­ле­тін
аға­штар­дың
ор­та­ша
би­ік­ті­гі,
метр
1
2
3
4
5
6
кестенің жалғасы
Қор­ға­ны­штық ал­қа-
аға­штар ұшар­ба­ста-
ры­ның жа­на­су
дә­ре­же­сі, %
Та­би­ғи
өс­кен
аға­штар
са­ны,
да­на
Та­би­ғи өс­кен
жұм­сақ жа­пы-
рақ­ты тұқым-
ды­лар­дың
ор­та­ша
би­ік­ті­гі
Жұм­сақ жа­пы­рақ­ты
тұқым­дар­дың да-
қыл­дар би­ік­ті­гі-
нен асып тү­суі,
метр (10 ба­ған -
6 ба­ған)
Қа­тар-
лар­да
Қа­та­ра­ра-
лық­тар­да
7
8
9
10
11
1.
2.
және т.б
Тұқымдылар бойынша сынаулардағы жиынтығы __________________________
1 гектарға есептегенде
13. Комиссияның қорытындысы:
а) орман дақылдары сапа сыныбы, құрамы _____________________бойынша
орман көмкерген жерлерге ауыстырылады
б) орман дақылдарының (қорғаныштық орман екпелерінің) жағдайын
жақсарту шараларын жүргізу талап етіледі
___________________________________________________________________
(белгіленген шаралар мен өткізу мерзімдері көрсетіледі)
в) қорғаныштық орман екпелері ________________ бағамен пайдалануға
беруге жатады
г) белгіленген қайталап тексеру мерзімі
_______________________________________
(күні, айы, жылы)
Комиссия мүшелері:
(қызметі, тегі, аты-жөні)
200__ жылғы "___" ________________.
Комиссия қорытындысымен келісемін
Басшы
200__ жылғы "___" ________________
14. Орман мекемесі орталық комиссиясының орман дақылдарының
сапасын бақылап бағалау туралы белгісі.
(қызметі, тегі, аты-жөні)
200__ жылғы "___" ________________

4 _____ жылдың түгендеу деректері бойынша орман көмкерген жерлерге ауыстырылған орман дақылдарының сапалық жай-күйін бағалау ВЕДОМОСЫ

Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережесіне 4-қосымша
_____ жылдың түгендеу деректері бойынша орман көмкерген жерлерге ауыстырылған орман дақылдарының сапалық жай-күйін бағалау ВЕДОМОСЫ
Орман мекемесі ___________________ филиалы ________________
Орманшылық _____________ облысы __________ ауданы _________
Ор­ман
да­қыл­да­ры
отыр­ғы-
зы­л­ған
жыл
Үсті­м­із­де­гі
жы­лы ор­ман
көм­кер­ген
жер­лер­ге
ауы­сты­рыл­ды, га
Со­ның ішін­де са­па
сы­нып­та­ры бой­ын­ша, га
Жағ­дайы
өте
жақ­сы
I
сы­нып
II
сы­нып
Өсі­рі­ле­тін
тұқым­ды­лар-
дың іші­на­ра
та­би­ғи жол­мен
қал­пы­на ке­ле-
тін да­қыл­да­ры
1
2
3
4
5
6
_____ жыл
және одан үлкен
_____ жыл
_____ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
ЖИЫНЫ
%%
Комиссия мүшелері:
(қызметі, тегі, аты-жөні)
20___ жылғы "___" ____________

5 ________ жылы орманның табиғи жолмен қалпына келуіне жәрдемдесу шараларының нәтижесінде өсірілген шаруашылық жағынан бағалы ағаш тұқымдыларының жас талдарын орман көмкерген жерлерге ауыстырудың ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСЫ

Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережесіне 5-қосымша
________ жылы орманның табиғи жолмен қалпына келуіне жәрдемдесу шараларының нәтижесінде өсірілген шаруашылық жағынан бағалы ағаш тұқымдыларының жас талдарын орман көмкерген жерлерге ауыстырудың ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСЫ
Орман мекемесі _________________ филиалы ___________________
орманшылық _________________________
(гектар)
Жәр-
дем-
де­су
жы­лы
Есеп бе­ру
бой­ын­ша
ор­ман­ның
та­би­ғи
жол­мен
қал­пы­на
ке­лу­іне
жәр­дем­де­су ала­ңы
Қа-
был-
дан­ды
Бе-
ріл­ді
Жәр­дем­де­су
жүр­гі­зі­л­ген
жал­пы алаң
қо­ры­тын­ды-
сын­да ор­ман
қол­тығы ас-
тын­да­ғы­лар
Қал­пы­на кел­ге­ні
бар-
лы­ғы
с.і.
қыл­қан
және
қат­ты
жа­пы­рақ­ты
тұқым-
ды­лар
бой­ын­ша
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Ба­сты
тұқым-
ды­лар-
мен
қал­пы­на
кел­ті­ру
аяқ-
тал­ған
жоқ
Ор­ман көм­кер­ген
жер­лер­ге
ауы­сты­рыл­ды
Есеп­тен
шы­ға­рыл­ды
Ор­ман көм­кер-
ген жер­лер­ге
ауы­сты­рыл­май
қал­ға­ны
бар-
лы­ғы
Со­ның
ішін­де
бар­лы­ғы
Со­ның
ішін­де
ор­ман
қол­ты-
ғын­да
бар­лы­ғы
со­ның
ішін­де
ор­ман
қол­ты-
ғын­да
бо­лып
есеп-
те­ле­ді
үсті-
міз-
де­гі
жы­лы
со­ның
ішін­де
қыл­қан
және
қат­ты
жа­пы-
рақ­ты
тұқым-
ды­лар
8
9
10
11
12
13
14
15
20___ жыл
және одан ерте
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
ЖИЫНЫ:
___ жылғы "___" ____________ Басшы

6 _________жылы орман көмкермеген жерлерде орманды табиғи жолмен қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған ағаш тұқымдыларының жас талдарын орман көмкерген жерлерге ауыстырудың ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСЫ

Мемлекеттік орман қорындағы
орман көмкермеген жерлерді
орман көмкерген жерлерге
ауыстыру ережесіне 6-қосымша
_________жылы орман көмкермеген жерлерде орманды табиғи жолмен қалпына келтіру нәтижесінде пайда болған ағаш тұқымдыларының жас талдарын орман көмкерген жерлерге ауыстырудың ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСЫ
Орман мекемесі __________ филиалы __________ орманшылық ___________
Ке­су
жы­лы,
өр­тең-
дер
Та­би­ғи
өсі­ру­ге
қал­ды-
ры­л­ған
алаң­дар
Тек­се-
ріл-
ге­ні
Қал­пы­на кел­ті­ріл­ді
бар-
лы­ғы
со­ның ішін­де
қыл­қан
жа­пы­рақ-
ты­лар­мен
қат­ты
жа­пы­рақ-
ты­лар­мен
жұм­сақ
жа­пы­рақ-
ты­лар­мен
1
2
3
4
5
6
7
кестенің жалғасы
Ор­ман көм­кер­ген
жер­лер­ге ауы­сты­рыл­ды
Ауы­сты­рыл­май
қал­ған­дар
бар­лы­ғы
со­ның ішін­де
қыл­қан
жа­пы­рақ-
ты­лар­мен
қат­ты
жа­пы­рақ-
ты­лар­мен
жұм­сақ
жа­пы­рақ-
ты­лар­мен
8
9
10
11
12
20___ жыл
және одан бұрын
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
20___ жыл
ЖИЫНЫ:
___ жылғы "___" ________ Басшы ___________________________

Қолданыстағы