Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил закрепления иного государственного имущества за государственными учреждениями

Қаулы · № 185 · қабылданған 01.03.2005
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-23050/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил закрепления иного государственного имущества за государственными учреждениями Күшін жойған Қаулы ·№ 185 ·01.03.2005
16.11.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил закрепления иного государственного имущества за государственными учреждениями

Күшін жойған Қаулы ·№ 185 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил закрепления иного государственного имущества за государственными учреждениями
Атауы (қаз.)
Өзге мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
185
Қабылданған күні
01.03.2005
Көрсетілген редакция
16.11.2021 23050_544704.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P050000185_
ЭКБ идентификаторы
23050
Редакция идентификаторы
23050_544704
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 19:06

0 Өзге мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру ережесiн бекiту туралы

"Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2721 Заңының 5-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1 1. Қоса берiлiп отырған Өзге мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

0 Өзге мемлекеттік мүлікті мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2005 жылғы 1 наурыздағы
N 185 қаулысымен
бекiтiлген
Өзге мемлекеттік мүлікті мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру ережесi

1 1. Осы Ереже "Жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 23 желтоқсандағы N 2335 Заңына сәйкес әзiрленген және өзге мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру тәртiбiн айқындайды.

2 2. Өзге мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк мекемелерге бекiтiп беру мынадай тәртiппен:

1 1) республикалық мемлекеттiк мекемелерге:

теңгерiмдiк құны ең төмен есептiк көрсеткiштiң он мың және одан жоғары мөлшерi кезiнде - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң республикалық мемлекеттік меншiкке иелiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiлген мекемеге қатысты мемлекеттiк басқару органының ұсынысы жөнiндегi шешiмi бойынша;
теңгерiмдiк құны беру күнiне ең төмен есептiк көрсеткiштiң он мыңнан төмен мөлшерi кезiнде - мемлекеттiк басқару органының мекемеге қатысты ұсынысы бойынша республикалық мемлекеттiк меншiкке иелiк етуге уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша;

2 2) коммуналдық мемлекеттiк мекемелерге - облыстар (республикалық маңызы бар қалалар, астана), аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) әкiмдерiнiң шешiмi бойынша жүзеге асырылады.

3 3. Өзге мемлекеттiк мүлiкке жедел басқару құқығы оны әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеген сәттен бастап пайда болады.

4 4. Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген жағдайларда мекемелердiң мүлiктiк құқықтары, оларды сатып алу негiздерiне қарамастан мемлекеттiк мекемелердiң мүлкi, сондай-ақ мемлекеттiк мекемелер жасасатын азаматтық-құқықтық мәмiлелер белгiленген тәртiппен тiркеуге жатады.

5 5. Мемлекеттiк мекемелердiң жылжымайтын мүлiкке құқығы, оның iшiнде жедел басқару құқығы, бiр жылдан асатын мерзiмге пайдалану құқығы, кепiл, рента, сенiмгерлiк басқару құқығы белгiленген тәртiппен тiркелуге жатады.

6 6. Егер заңнама кесiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiкке құқық мемлекеттiк мекемеде мемлекеттiк меншікті иеленуге уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен, ресімделген қабылдау-беру актісімен мүлікті іс жүзінде беру сәтінен бастап пайда болады.

Қолданыстағы